Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
8 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МЕКТЕП–ЖОО ЖҮЙЕСІНДЕ ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ(2022-12-15) ;А. К. Искакова ;И. И. Раимжанов ;А. А. АйдарбековаШ. С. Зейтова"Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде сабақтастықты жүзеге асыру мәселесі зерттеледі. Мақаланың мақсаты: мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау. Зерттеуде іс-әрекет және құзыреттілік тұғырларының интеграциясы, жүйелілік-синергетикалық тұғыр, транспәндік тұғыр әдіснамалық негіз ретінде алынды. Авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыру мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын теориялық талдау мен ортақ бір жүйеге келтіру, сонымен қатар педагогикалық зерттеудің теориялық және практикалық әдістерін қолданады. Мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастықты жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау үшін конструктивизм педагогикасының негізгі принциптері ескерілді. Зерттеу барысында: 1) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруға әсер ететін факторлар айқындалды; 2) сабақтастыққа берілген қазіргі ғылыми түсініктемелерге сәйкес оқытуда осы приннципті жүзеге асырудың жолдары анықталынды; 3) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруда жобалық және транспәндік оқыту технологияларын қолдану негіздері дәлелденді; 4) транспәндік тұғыр негізінде дидактикалық материалдарды әзірлеудің жаңа үлгісі ұсынылды. Қорытындылай келе, авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың бірнеше әдістемелік шарттарын ұсынады. Кілтті сөздер: физика; сабақтастық принципі; оқытудың транспәндік технологиясы; жобалық оқыту технологиясы; әдістемелік жүйе." - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕОМЕТРИЯДАН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ТҮСІНУІНЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕР(2023-09-01); ; ; А. АдиеваБұл жұмыста Geogebra бағдарламасының көмегімен геометрия пәнінен 7 сыныпта өтілетін «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау қарастырылады. Зерттеу жүргізу барысында квазиэксперименттік әдіс қолданылып, оған No 129 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды 15-тен екі топқа: 1-шісі компьютерлік интерактивті Geogebra бағдарламасының көмегімен оқытылатын эксперименттік, 2-шісі дәстүрлі оқыту қолданылатын бақылау тобы болып бөлінді. Зерттеуді жүргізу барысында оқушылардан pre-test (зерттеуге дейінгі) және post-test (зерттеуден кейінгі) тестілері алынды. Зерттеуге дейінгі және кейінгі тесттер арасындағы айырмашылық Geogebra бағдарламасы оқушылардың оқу үлгерімінеәсерін анықтайтын етіп құралды. Сонымен қатар, Geogebra бағдарламасының әсері, пайдасы туралы оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде Geogebra бағдарламасының (p < 0,05) «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы пайдасы, әсері, тиімділігі анықталды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, РАЗВИТИЕ ЭМОЦИОНАЛЬНОГО ИНТЕЛЛЕКТА БУДУЩИХ ПЕДАГОГО-ПСИХОЛОГОВМақалада болашақ педагог-психологтардың эмоционалды зияткерлігін зерттеу нәтижелері ұсы- нылған. Эмоционалды және әлеуметтік зияткерлік Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті түлегінің атрибуты болып табылады. Болашақ педагогтар үшін Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағдарлары мен басым бағыттары мәнмәтінінде тьютордың рөлін игеру өте маңызды. «Эмоционалды зияткерлік» пәні жалпы білім беретін пәндер циклінің таңдау компонентіне жатады. Жұмыс жүктемесі 6 кредитті құрайды, оның ішінде 15 сағат дәріс, 30 тәжірибелік, 98 БӨЖ және 7 БОӨЖ сабақ түрлеріне берілген. Курстың мақсаты – студенттердің эмоционалды зияткерлік және икемді дағдылар туралы түсініктерін кеңейту; өз эмоциялары мен қоршағандардың эмоцияларын басқару және реттеу бойынша тәжірибелік дағдыларды игеру; жеткіншектер мен жасөспірімдердің эмоционалды зияткерлігі мен икемді дағдыларын (Soft Skills) дамыту бойынша сарапшыларды даярлау. Түйін сөздер: эмоционалды зияткерлік, эмпатия, эмоционалдық хабардарлық, өз эмоцияларын басқару, басқа адамдардың эмоцияларын тану, өзін-өзі ынталандыру. В статье представлены результаты исследования эмоционального интеллекта будущих педагогов-психологов. Эмоциональный и социальный интеллект является атрибутом выпускника Казахского национального женского педагогического университета. Будущим педагогам очень важно освоение роли тьютора в контексте стратегических ориентиров и приоритетных направлений государственной образовательной политики Казахстана. Дисциплина «Эмоциональный интеллект» относится к циклу общеобразовательных дисциплин к компоненту по выбору. Рабочая нагрузку составляет 6 кредитов из которых 15 часов лекций, 30 практиктических, 98 СРО и 7 СРОП. Целью изучения курса является расширение представления студентов об эмоциональном интеллекте и гибких навыках; приобретение практических навыков по управлению и регуляции собственных эмоций и эмоций окружающих; подготовка экспертов по развитию эмоционального интеллекта и гибких навыков (Soft Skills) у детей подросткового и юношеского возраста. Ключевые слова: эмоциональный интеллект, эмпатия, эмоциональная осведомленность, управление своими эмоциями, распознавание эмоций других людей, самомотивация. The article presents the results of a study of the emotional intelligence of future teachers-psychologists. Emotional and social intelligence is an attribute of a graduate of the Kazakh National Women's Teacher Training University. It is very important for future teachers to master the role of a tutor in the context of strategic guidelines and priorities of the state educational policy of Kazakhstan. The discipline «Emotional intelligence» refers to the cycle of general education disciplines to the component of choice. The workload is 6 credits, of which 15 hours of lectures, 30 practical, 98 SRO and 7 SLINGS. The purpose of the course is to expand students' understanding of emotional intelligence and flexible skills; to acquire practical skills in managing and regulating their own emotions and the emotions of others; to train experts in the development of emotional intelligence and flexible skills (Soft Skills) in adolescent and adolescent children. Keywords: emotional intelligence, empathy, emotional awareness, managing your emotions, recognizing other people's emotions, self-motivation. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЭФФЕКТИВНЫЕ СПОСОБЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ОПРЕДЕЛЕННОГО ИНТЕГРАЛА ПРИ НАХОЖДЕНИИ ПЛОЩАДИ ФИГУРЫ(2023-09-25)Білім беру саласының негізгі міндеті – оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру, дамыту барысында, адамзаттың басты құндылықтарын ескере отырып, білім алушыға қажетті жағдайлар жасау. Қазіргі уақытта математика пәнін оқытуда түрлі әдіс-тәсілдер мен оқыту жолдары қолданылуда. Біз бұл мақалада жалпы оқушыларға математика сабақтарында анықталған интеграл тақырыбын түсіндіру кезінде проблемалық әдістерді қолдануға басты назарды аударамыз. Проблемалық әдісті қолдану – оқушының қызығушылығын арттып, өзіндік ізденуге, терең ойлауға және қандайда бір түйінді шешуді, тығырықтан шығу жолдарын үйретуге жол ашады. Ал анықталған интеграл тақырыбына баршамызға мәлім әр түрлі қызықты есептер бар (негізгі теоремасы Ньютон- Лейбниц формуласымен шығарылады). Соның ішінде жазықтағы фигуралардың, қисық сызықты трапецияның ауданы, жалпы фигуралардың ауданын есептеуде осы анықталған интегралды қолданудың тиімді жолдарын оқушыларға белгілі бір проблема қою арқылы үйрету. Осы әдістемені біз өз тақырыбымыға қолданып көрдік және соған байланысты түрлі есептерді қарастырдық. Түйін сөздер: анықталған интеграл, Ньютон-Лейбниц формуласы, интегралдау әдістері, математикалық оқыту. Задача образовательной сферы – создание необходимых условий для обучающегося в процессе его становления, развития как личности, с учетом главных ценностей человечества. В преподавании математики используются различные методы и способы обучения. В статье мы акцентируем внимание на использовании проблемных методов при объяснении темы определенного интеграла, на уроках математики для учащихся в целом. Использование проблемного метода позволяет повысить интерес учащегося к самостоятельному поиску, глубокому мышлению и решению каких-либо проблем, выходам из тупика. Как известно, на тему определенного интеграла, есть разные интересные задачи (основная теорема выводится по формуле Ньютона-Лейбница). В том числе, при вычислении площади фигур, криволинейной трапеции, научить учащихся эффективным способам использования определенного интеграла, путем постановки задачи. Данную методику мы применили к своей теме и рассмотрели различные связанные с ней задачи. Ключевые слова: определенный интеграл, формула Ньютона-Лейбница, методы интегрирования, методика математического обучения. The main task of the educational sphere is to create the necessary conditions for the student in the process of his formation, development as a person, taking into account the main values of humanity. Currently, various methods and methods of teaching are used in teaching mathematics. In this article, we focus on the use of problem methods in explaining the topic of the integral defined in mathematics lessons for students in general. The use of the problem method allows to increase the student's interest in independent search, deep thinking and solving any problems, ways out of a dead end. As everyone knows, there are various interesting problems on the topic of a certain integral (the main theorem is derived by the Newton-Leibniz formula). In particular, when calculating the area of figures on a plain, a curved trapezoid, to teach students effective ways to use a certain integral by setting a certain task. We applied this methodology to our topic and considered various tasks related to it. Keywords: definite integral, Newton-Leibniz formula, integration methods, mathematical teaching. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ВАЖНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ КЕЙС-МЕТОДА В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ ВУЗАМақалада жаңартылған білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес белсенді оқыту әдісі - кейс әдісінің тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылады. Ол екі негізгі бағытта ұсынылады: бірінші – қоғамда білім, ғылымның қарқынды дамуына сәйкес жеке тұлғаның бойындағы қалыптасатын қабілеттерін, ақыл-ой дағдыларын одан әрі дамытуға, оқу материалдарының ақпараттарын өңдей алатындай дағдыларын жетілдіруге бағытталса, екіншісі – осындай күрделі талаптарды қанағат- тандыратын құзыретті маманның өзгермелі кәсіби ортада жүйелі де тиімді ерекше әрекеттерімен байланыстырылады. Болашақ музыка мұғалімі «Негізгі музыкалық аспап (домбыра)» жеке сабағы мен «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» курсында құрастырған оқу кейстері арқылы өздерінің аналитикалық ойлау дағдыларын көрсетеді және оны жетілдіре түседі, топпен жұмыс жасау барысында педагогикалық жағдаяттардың ең ұтымды шешімдерін табуға машықтанады. Авторлар, сонымен бірге мектептегі музыка сабағының тақырыптарына сәйкес студенттердің кейстерді өзбеттерінше құрастыру мүмкін- діктерін қарастырып, бірнеше үлгілерін алға тартады. Түйін сөздер: жаңартылған бағдарлама, белсенді оқыту, кейс әдісі, музыкалық білім, оқыту әдістемесі, шығармашылық қатынас, құзыреттілік, сыни ойлау. В статье рассматриваются практические возможности метода активного обучения – кейс метода в соответствии с требованиями обновленной образовательной программы. Он представлен в двух основных направлениях: первое – дальнейшее развитие умственных навыков, формируемых способностей личности, совершенствование навыков обработки информации учебного материала и второе – связь с системными и эффективными особыми действиями компетентного специалиста, удовлетворяющий таким сложным требованиям в изменяющейся профессиональной среде. Будущие учителя музыки демонстрируют и совершенствуют свои аналитические навыки мышления путем составления учебных кейсов в курсе «Методика преподавания музыки» и на индивидуальном занятии «Основной музыкальный инструмент: домбыра», в процессе групповой работы обучаются навыкам поиска рациональных решений педагогических ситуаций. Авторы также рассматривают возможности самостоятельного конструирования студентами кейсов и представляют несколько своих моделей в соответствии с темами школьного урока музыки. Ключевые слова: обновленная программа, активное обучение, кейс метод, музыкальное образование, методика преподавания, творческий подход, компетентность, критическое осмысление. The article considers the practical possibilities of the method of active training - case study method in accordance with the requirements of the updated educational program. It is presented in two main directions: first-further development of mental skills formed by the abilities of the person, improving the information processing skills of the training material and the second - communication with systemic and effective special actions of a competent specialist, meeting such complex requirements in a changing professional environment. Future music teachers demonstrate and improve their analytical thinking skills by preparing study cases in the course «Methods of teaching music» and at the individual lesson «Main musical instrument: dombyra», through group work they are trained in the search for rational solutions to pedagogical situations. The authors also consider the possibilities of independent construction of cases by students and present several of their models according to the themes of the school music lesson. Keywords: updated program, active training, case method, musical education, teaching methodology, creative approach, competence, critical thinking. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚСТАНМЕКТЕПТЕРІНДЕ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОҚЫТЫЛУЫ(2024-12-01); Мақалада Қазақстандағы мектеп математика бағдарламасына кіріктірілген ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтерін оқытуда туындайтын әртүрлі жағдайлар мен қиындықтар туралы баяндалған. Сол себепті, мектеп оқушыларын ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтерін оқытуға негізделінген қажетті әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі мен тақырыпты оқытуға бөлінетін сағаттың аздығы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылып, мақсаты және оны шешу жолдарын анықталған. Мақаланың мақсаты –Қазақстан мектептеріндегі білім алушылардың ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін жеткілікті деңгейде меңгере алмауларының себеп-салдарларын анықтау болып табылды.Алматы қаласы және Алматы облысының бірнеше мектептерінде математика пәнінің мұғалімдерінен сауалнама алынып, оқушылардың тоқсандық жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасалынды. Сауалнама сұрақтары «Google forms» платформасы арқылы құрастырылып, сілтеме арқылы пән мұғалімдеріне таратылды. Алынған нәтижелерді шетелдік авторлардың жасаған тәжірибелік жұмыстарымен салыстыра отырып, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы оқытуда дәстүрлі оқытуға қарағанда тұлғаға бағытталған оқыту әдістерінің маңызы зор екендігі айқындалды. Сондай-ақ, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша оқыту нәтижелері мен мектеп бағдарламасындағы «Ықтималдық және статистика» бөлімінің мазмұны мен бөлінген сағат сандары Ресей елдерінде оқытылатын сәйкес бағдарламалардың мазмұнымен, сағат сандарымен салыстырылған. Қорытынды бөлімінде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтерін оқытуда күтілетін нәтижелер материалдың көлеміне немесе оқушының жасына ғана байланысты емес, оны оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, қолданылатын әдіс-тәсілдерге, сонымен қатар, бөлінген сағат санына да байланысты екені және аталмыш пәнді сапалы меңгерту үшін оқыту үдерісінде белсенді оқыту әдістері мен заманауи технологияларды қолдану керек деп тұжырымдалған. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІЕрекше білім беру қажеттіліктері бар кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру мәселесі бүгінгі білім беру жүйесінде маңызды орын алуда. Осы санаттағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, олардың оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, қызығушылықтарын арттыру, жеке қабілеттерін дамыту аса қажеттілікке айналуда. Бұл жұмыс ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен педагогикалық стратегияларды зерттейді. Оқу мотивациясын қалыптастыру арқылы оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы, өзіндік танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын дамыту мақсат етіледі. Сонымен қатар, педагогикалық көмек көрсету, психологиялық қолдау мен арнайы оқу бағдарламаларын пайдалану, мектепте шығармашылық және тұлғалық дамуды ынталандыру –оқу мотивациясын арттырудың маңызды құралдары ретінде қарастырылады.Бұл зерттеу ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ПДТ) оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді, оқу ортасының әсерін, мұғалім мен ата-ананың рөлін талдайды. Нәтижесінде, оқу мотивациясын арттыру арқылы білім сапасын көтеру және оқушылардың әлеуметтену процесін жеңілдету мақсатында тиімді педагогикалық әдістер ұсынылады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҚазіргі білім беру жүйесінде ойын технологияларын қолданудың маңызы артқан сайын, бұл әдістерді «Альфа» ұрпақтарының қажеттіліктеріне сай тиімділігін зерттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Заманауи білім беру стандартына сәйкес инновациялық әдістерді енгізу, білім алушылардың логикалық және аналитикалық қабілеттерін дамытады. Ойын технологиялары білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға, оқу үдерісін қызықты етуге ықпал етеді. Мақалада 5-сынып математика пәнінен «Натурал сандар және нөл саны» тарауында ойын технологияларын қолданып оқытудың білім алушылардың үлгеріміне әсері қарастырылды. Мақалада Genially платформасында құралған «Миллион кімге бұйырады», «Кім жылдам» ойындары және монополия тақтасында құралған «Mathopoly», «Математикалық монополия» ойындарынан мысалдар көрсетілген. Зерттеу төңірегінде алынған нәтижелер «Альфа» ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы ерекше рөлін айқындады. По мере возрастания значения использования игровых технологий в современной системе образования актуальной проблемой становится изучение эффективности этих методов в соответствии с потребностями «Альфа» поколения. Внедрение инновационных методов, в соответствии с современным образовательным стандартом, развивает логические и аналитические способности обучающихся. Игровые технологии способствуют повышению учебной мотивации обучающихся, делают учебный процесс более интересным. В статье рассмотрено влияние обучения с использованием игровых технологий на успеваемость обучающихся при изучении темы «Натуральные числа и число ноль» по математике 5 класса. В статье показаны примеры применения игр «Кому достанется миллион», «Кто быстрее», созданных на платформе Genially, и игр «Mathopoly», «Математическая монополия», созданных на доске монополии. Результаты, полученные в рамках данного исследования, определили их особую роль в удовлетворении потребностей «Альфа» поколения. As the importance of the use of gaming technologies in the modern education system increases, studying the effectiveness of these methods in accordance with the needs of the “Alpha” generation becomes an urgent problem. The implementation of innovative methods in accordance with modern educational standards enhances the logical and analytical abilities of students. Gaming technologies help increase students' educational motivation and make the learning process more interesting. This article examines the impact of game-based learning on students’ performance when studying the topic “Natural Numbers and the number Zero” in 5th grade mathematics. The article presents examples of games such as “Who Wants to Be a Millionaire” and “Who Is Faster,” created on the Genially platform, as well as “Mathopoly” and “Mathematical Monopoly,” designed using a Monopoly board. The results obtained from this research highlight their special role in meeting the needs of Generation «Alpha».
