Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 4 из 4
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МЕТОДЫ ОБУЧЕНИЯ БУДУЩИХ УЧИТЕЛЕЙ ИНФОРМАТИКИ ОБЪЕКТНО-ОРИЕНТИРОВАННОМУ ПРОГРАММИРОВАНИЮ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ ИНФОГРАФИКИ
    (2024-05-26) ;
    N. Kurmanbekkyzy
    Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін инфографиканы пайдаланып объектіге-бағытталған программалауға оқыту әдістері және олардың пәндік құзыреттілігін қалыптастыруға әсері қарастырылған. Бұл тәсіл барған сайын танымал бола түсуде, өйткені инфографика ақпаратты көрнекі түрде ұсынудың тиімді құралы болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаттары болашақ информатика мұғалімдерін объектіге-бағытталған программалауға оқыту кезінде инфографиканы пайдаланудың тиімділігін зерттеу болды. Бұл ретте болашақ информатика мұғалімдерінің объектіге-бағытталған программалаудағы пәндік құзыреттілігін дамытуға басты назар аударылды. Мақала авторлары болашақ информатика мұғалімдері студенттер тобында жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынады. Студенттерге объектіге-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінудіру үшінинфографика қолданылды. Зерттеу нәтижесінде инфографиканы қолдану студенттердің материалды жақсы меңгеруінеықпал ететіні және пәндік құзыреттілігін дамытудың тиімді әдісі екені анықталды. Бұл тәсіл объектіге-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін жақсырақ түсінуге және қолдануға ықпал етеді және информатиканың оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін әзірлеудепайдалы болуы мүмкін. В статьерассмотрены методы обучения будущих учителей информатики объектно-ориентированному программированию с использованием инфографики и их влияние на формирование предметной компетенции. Такой подход становится все более популярным, поскольку инфографика является эффективным инструментом визуального представления информации. Основными задачами исследования являлись изучение эффективности применения инфографики при обучении будущих учителей информатики по объектно-ориентированному программированию. При этом основное внимание акцентировалось на формирование предметной компетенции будущих учителей информатики по объектно-ориентированному программированию. Авторы статьи представляют результаты исследования, проведенного вгруппе студентов, будущих учителей информатики. Участники обучались с применениемметодов, в которых инфографика использовалась для объяснения ключевых концепций и принципов объектно-ориентированного программирования. В результате исследования было выявлено, что использование инфографики способствует лучшему усвоению материала студентамии является эффективным методом для формирования предметной компетенции. Этот подход способствует лучшему пониманию и применению основных принципов объектно-ориентированного программирования и может быть полезен в разработке учебных программ и методик преподавания информатики. The articleconsiders the methods of teaching future teachers of computer science in object-oriented programming using infographics and their influence on the formation of subject competence. This approach is becoming more and more popular because infographics is an effective tool for visual presentation of information. The main objectives of the research were to study the effectiveness of infographics application in teaching future teachers of computer science in object-oriented programming. At the same time, the main attention was focused on the formation of subject matter competence of future teachers of computer science in object-oriented programming. The authors of this article present the results of a study conducted on a group of student future computer science teachers. Participants were taught using methods in which infographics were used to explain key concepts and principles of object-oriented programming. The study found that the use of infographics promotes better learning among student teachers and is an effective method for building subject matter competence. This approach contributes to a better understanding and application of the basic principles of object-oriented programming and can be useful in the development of curricula and methods of teaching computer science.
    Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01) ; ;
    Мақалада эмоционалды зияткерлікті зерттеу нәтижелері және оны болашақ педагогтерде қалыптастыру және дамыту тәсілдері келтірілген.Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу-лерін талдау негізінде педагогтердің кәсіби қызметке дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі маманның эмоционалды ақпаратты өңдеу және оны педагогикалық тәжірибеде қолдану қабілеті екендігі анықталды. Осыған орай, ҚазҰҚПУ-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер» институтының 1 курс студенттеріне 150 сағат (5 кредит) көлемінде эмоционалды зияткерлік пен икемді дағдыларды дамыту бойынша оқу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламаның тиімділігін диагностикалау және бағалау үшін С.Барон-Коэннің Cambridge Mindreading (CAM) сынақ батареясы, сондай-ақ математикалық статистика әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагогтердің эмоционалды зияткерлігінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру мен дамытуда оң динамика анықталды: эмоцияларды тануда; әйел адамның эмоцияларын тануда; ер адамның эмоцияларын тануда; эмоциялардың жағымды спектрін тануда; эмоциялардың бейтарап спектрін тануда; эмоциялардың жағымсыз спектрін тануда.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИМПРОВИЗАЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01) ; ;
    Tursymаtova Orazkul
    ;
    A. T. Urgenishbekov
    ;
    M. M. Dilmakhanova
    Мақалада студенттерді педагогикалық импровизацияға қатынастыру педагогикалық ЖОО оқытудың барлық мерзімі уақытында олардың психологиялық –педагогикалық, жалпы мәдени және пәндік білім, педагогикалық импровизацияның теориялық негіз білімінің қатаң жүйесін біртіндеп меңгеру жолымен жүзеге асатындығы мен педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері кезеңінде өзіндік импровизациондық әрекеттерінде студенттерді үнемі енгізіп отыру қажеттігі айтылады. Болашақ мамандарды даярлауда педагогикалық импровизация үдерісін ұйымдастыру қағидалары ретінде шығармашылықпен жұмыс қағидасы; өзіндік әрекетті ұйымдастыру қағидасы, сәйкестік қағидасы, студенттерді жиі және үздіксіз қатынастыру қағидасы; өзара байланыс қағидасы түсіндіріледі. Теориялық талдаулар барысында «импровизация», «педагогикалық импровизация», «педагогикалық импрови-зациялық қабілет» ұғымдарының мәні сипатталып, мазмұны нақтыланды. Болашақ мамандардың педагогикалық импровизациялық қабілеттерін қалыптастырудағы эмпирикалық зерттеулердің мазмұны беріледі. Экспериментік-тәжірибе жұмысы болашақ педагогтерді дайындауда педагогикалық импровизацияны қалыптастыру екі кезеңді қамтыды. Біріншісі –қалыптастыру экспериментінің лабораториялық кезеңі. Бұл кезеңде педагогикалық импровизацияға студенттер қатынасын анықтау; педагогикалық импровизация, педагогикалық интуиция, шығармашылық әрекеттер еркіндігі жайлы студенттер білімін анықтау, яғни студентердің педагогикалық импровизацияға бастапқы дайындық деңгейлерін диагностикалау болса, ал екніші кезең –қалыптастыру кезеңі деп қарастырылды. Қалыптастыру кезеңінде студенттердің педагогикалық импровизацияның теориялық негіздері бойынша білімдерін кеңейту; студенттерді импровизациялық іскерлігі барысында сан алуан тапсырмаларды орындауда іскерлік танытып және бекіту; болашақ педагогтерде тұлға сапасын дамыту жұмыстары жүргізіліп, «Педагогикалық импровизация» атты элективті курс бағдарламасының мазмұны талданады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ АНАЛИТИКАЛЫҚ-РЕФЛЕКСИВТІ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-06-01)
    С.А. Ұзақбаева
    ;
    З.Т. Абилова
    ;
    Т.А. Кульгильдинова
    ;
    ;
    А.С. Саренова
    Мақалада болашақ педагогтардың кәсіби міндеттерді шешуге даярлығын қалыптастыру мәселесі қарасты-рылады. Бұл мәселе қазіргі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Мақаланың мақсаты:Болашақ педагогтардың кәсіби міндеттерді шешуге даярлығын арттыруда аналити-калық-рефлексивті тапсырмалардың рөлін айқындау, олардың құрылымдық компоненттерін сипаттау және оқу процесінде тиімді қолдану ерекшеліктерін ашып көрсету.«Даярлық» және «кәсіби міндеттерді шешуге даярлық» ұғымдарын теориялық, практикалық және тұлғалық тұрғыдан талдау жасап, олардың мәні-мағынасына сипаттама беріледі. Ұғымдардың құрылымдық компонент-тері (мысалы, білімдік, танымдық, мотивациялық, рефлексивтік т.б.) нақтыланады.Педагогика курсын оқыту барысында қолданылатын аналитикалық-рефлексивті тапсырма түрлері қарасты-рылады. Аталған тапсырмалардың болашақ мұғалімдердің аналитикалық ойлау қабілеті мен рефлексивті дағдыларын дамытуға ықпалы көрсетіледі. Аудиовизуалды, мәтіндік-визуалды, таза визуалды тапсырмалардың тиімділігі сипатталады және олардың студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттырудағы рөлі мазмұндалады. Мақалада қолданылған тапсырмалардың типологиясы (түрлері, мазмұны) мен оларды оқу процесінде қолдану ерекшеліктері сипатталады.Сонымен, мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіби міндеттерді шешуге жан-жақты даярлауда қолданылатын әдістер мен тапсырмалардың теориялық және практикалық негіздемесі ұсынылады және олардың тиімділігі ғылыми түрде дәлелденеді.