Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
5 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА САБАҚ ТАТ (Puccinia graminis f. sp tritici) АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ(2020-12-26) ;Zamzagul Amangeldikyzy ;Мади Асетович Габдулов; ; Rizwangul AbdukerimБидай егістік алқаптарында сабақ тат ауруына төзімділігін зерттеу әлемжәне Қазақстан бойынша өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жыл сайынәлемнің бидай өндірісінде сабақ тат ауруынан өнім түсімі 10 % жуық кемиді.Республикамызда бидай өнімділігі бұл аурудан 10 % дейін, ал эпифитотиялықжылдарда 30-40 % дейін төмендейді.Қазақстанның солтүстігі мен шығысында сабақ татының дамуы жылсайын орын алады. Сабақ тат ауруынан бидай өнімділігін сақтап қалуда егістікалқаптарына дер кезінде фитосанитарлық мониторинг жүргізу, экологиялықтаза, экономикалық тұрғыдан тиімді, әрі төзімділігі жоғары сорттарды шығаружәне оларды өндіріске енгізу сияқты шаралардың маңызы өте зор.2018 жылы Алматы обылысының бидай танабында сабақ тат ауруыныңтаралуы орташа деңгейде болды, яғни 36,2 %-ды, дамуы 8,2 % құрады. Зерттеунәтижесінде күздік бидайдың Стекловидная 24 (57,5 %), Қызыл бидай (59,2 %)және Сапалы (64,3 %) сорттары ауруға жоғары төзімсіздеп анықталады.Еліміздің солтүстік аймақтарынның Қостанай облысында Карабалыкская 90,Казахстанская Раннеспелая, Карабалыкская 7 сорттарында ауру жоғарғыденгейде таралып дамыды, аурудың таралуы 74,1 %-ды, дамуы 26,7 % құрады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Сравнительная характеристика содержания музыкального образования типовых учебных программ для начальной школы Казахстана, стран Великобритании и СингапураЕліміздің білім беру саласындағы өзгерістер үдерістері жалпыға ортақ сипатқа ие болуда, бұл білім беруді дамытудағы әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізудің өзектілігін арттырады. Мақалада 2018 жылғы Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка» пәні бойынша Қазақстанның қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны қарастырылады. Авторлар қазақстандық патриотизмді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға адамгершілік-эстетикалық қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған неғұрлым басым білім беру ұстанымдарын ұсынды. Сол сияқты, Ұлыбритания мен Сингапур елдерінің бүкіл әлемде танылған білім саласына, бастауыш мектептеріндегі музыкалық біліміне жан-жақты талдау жасалынды. Осы елдердің бастауыш сыныпта- рына арналған «Музыка» пәнінен типтік оқу бағдарламаларының мазмұнын зерттеу авторларға шетелдік музыкалық-педагогикалық тәжірибенің ең құнды идеяларын анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада авторларға зерттеуді мақсатына сәйкес жүргізуге мүмкіндік беретін салыстырмалы педагогиканың құралдары, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы сипатталған. Жүргізілген теориялық зерттеулер негізінде жоғарыда аталған елдердің бастауыш мектептеріне арналған музыка бағдарламаларын әзірлеу өзгешелігі анықталды. Авторлар оқытуға арналған музыкалық материалдардың ұсынылуы және бағдарламалар құрылымындағы белгілі бір айырмашылықтарды, әр елдің ұлттық ерекшеліктері мен мәдениетіне байланысты деп көрсетті. Сонымен қатар, салыстырмалы сипаттамаға сүйене отырып, еліміздің 2018 жылдан бастап қолданыстағы музыка типтік оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнында шетелдік бағдарламаларға белгілі бір ұқсастық бар екеніне назар аударылды. Ұқсастықты жаңа буынның оқу және компьютерлік технологияларымен үйлесетін музыкалық білімнің мазмұнын таңдаудың жалпы тәсілдерінің байланысы- нан, сондай-ақ балаларда музыка арқылы өз халқының мәдениетіне және басқа халықтардың мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуден көруге болады. Тірек сөздер: музыка, білім беру, оқу бағдарламасы, Қазақстан, Ұлыбритания, Сингапур, музыка пәні, сынып, оқыту,мақсат, міндерттер, салыстырмалы әдіс Процессы изменения в сфере образования нашей страны приобретают всеобщий характер, что по- вышает актуальность проведения сравнительного анализа мирового опыта в развитии образования. В статье рассматривается содержание действующей в Казахстане типовой учебной программы по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования от 2018 года. Авторы представили наиболее приоритетные образовательные позиции, направленные на воспитание казахстанского патри- отизма, нравственно-эстетического отношения к национальным и общечеловеческим ценностям, на развитие музыкальных и творческих способностей, Таким же образом, представлен развернутый анализ музыкального образования начальных школ, признанных во всем мире таких стран как, Великобритания и Сингапур. Изучение содержания типовых учебных программ по музыке для начальных классов этих стран, дали возможность авторам выявить наиболее ценные идеи зарубежного музыкально-педагогического опыта. В статье описана совокупность средств, способов и методов сравнительной педагогики, позволившие авторам провести исследование в соответствии с поставленной целью. На основе проведенных теоретических исследований были выявлены особенности разработки про- грамм по музыке для начальных школ вышеназванных стран. Авторы указывают на определенные различия в структуре программ, в подаче обучающего музыкального материала, которые связывают с национальными особенностями и культурой каждой страны. В тоже время, на основе сравнительной характеристики, акцентируется внимание на том, что в об- новленном содержании действующей типовой учебной программы по музыке нашей страны от 2018 г., имеется определенная схожесть с зарубежными программами. Это схожесть проявляется в общих под- ходах к отбору содержания музыкальных знаний, которые осуществляются в сочетании с обучающими и компьютерными технологиями нового поколения, а также в воспитании у детей средствами музыки любовь и уважение к культуре своего народа и культуре других народов. Ключевые слова: музыка, образование, учебная программа, Қазақстан, Великобритания, Сингапур, предмет музыки, класс, обучение, цель, задачи, метод сравнения The processes of change in the field of education in our country are becoming universal, which increases the relevance of conducting a comparative analysis of world experience in the development of education. This article discusses in detail the content of the current standard curriculum for the subject «Music» for grades 1-4 level of primary education in Kazakhstan from 2018. The authors presented the most priority educational positions aimed at fostering Kazakhstani patriotism, moral and aesthetic attitude to national and universal values, and the development of musical and creative abilities. In the same way, a detailed analysis of the music education of primary schools,recognized throughout the w orld in such countrie as the United Kingdom and Singapore, is presented. The study of the content of standard music curricula for primary classes in these countries enabled the authors to identify the most valuable ideas of foreign musical and pedagogical experience. The article presents a set of means, methods and techniques of comparative pedagogy, which allowed the authors to conduct research in accordance with the stated goal. On the basis of the theoretical studies were identified peculiarities of the development of music programs for primary school of the above countries. The authors point to certain differences in the structure of programs, in the presentation of educational musical material, which are associated with the national characteristics and culture of each country. At the same time, they focus on the fact that in the updated content of the current model curriculum for music of our country, from 2018, there is a certain similarity with foreign programs, based on a comparative analysis. This similarity is manifested in common approaches to the selection of the content of musical knowledge, which are carried out in conjunction with the new generation of educational and computer technology, as well as in the education of children through music love and respect for the culture of their people and the culture of other peoples. Keywords: music, education, curriculum, Kazakhstan, United Kingdom, Singapore, subject of music, class, training, purpose, tasks, method of comparison - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, КӨПТІЛДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАНУ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІМақалада жаһандану мен көптілділіктің әсерін күшейтетін әлеуметтік-мәдени және білім беру процестерінен туындаған көптілділік жағдайында жастар арасында қазақ тілін қолдану динамикасының өзгеруі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты жастар арасында қазақ тілін меңгеру мен қолдану деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау, сондай-ақ оның даму тенденцияларын сипаттау болып табылады. Мақсатқа жету үшін әлеуметтік-лингвистикалық жағдайды талдау, қазақ тілінің білім беру үдерістері мен күнделікті өмірге интеграциялану дәрежесін бағалау, жастардың мемлекеттік тілді қолдануға деген уәждемесін зерделеу міндеттері қойылды. Зерттеу гипотезасы ретінде көптілді білім беру бағдарламаларын белсенді енгізу және халықаралық тілдерді (мысалы, ағылшын және орыс тілдерін) кеңінен қолдану жастар арасындағы күнделікті және кәсіби қарым-қатынастағы қазақ тілінің рөлін төмендетуге әсер етеді деген тұжырым алынды. Зерттеудің әдіснамалық негізіне әлеуметтанулық сауалнамалар, сұхбаттар, статистикалық деректерді талдау кіреді. Нәтижелер көрсеткендей, білім беру ортасында қазақ тіліне деген қызығушылықтың артуына, оны мәдени мұра ретінде сақтауға деген ұмтылысқа қарамастан, нақты қарым-қатынаста, әсіресе кәсіби салада және әлеуметтік желілерде жастар орыс және ағылшын тілдерін көбірек қолданатындығы анықталды. Зерттеу негізінде инновациялық білім беру технологиялары арқылы қазақ тілін мемлекеттік қолдауды күшейту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және оны өмірдің әртүрлі аспектілерінде пайдалану үшін мотивациялық жағдайлар жасау қажеттілігі туралы қорытынды жасалынады, бұл оның көптілділік жағдайында тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚОҒАМ: ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛОГИКАСЫ(2026-05-01) ;А.Б. Сайлаубай; ;С.М. ДуйсеноваЭ.О. КЫРЫКБАЕВАБұл мақалада терроризмді қаржыландыру құбылысы тар экономикалық не құқықтық категория ретінде емес, әлеуметтік құрылымдардың ішкі логикасымен шартталған көпқабатты феномен ретінде қарастырылады. Автор терроризмді қаржыландыру тетіктерін әлеуметтік өрістердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын капитал алмасу механизмдерімен байланыстыра отырып, оның идеологиялық және мәдени детерминанттарын теориялық тұрғыдан негіздеуді мақсат етеді. Әдіснамалық тұрғыда зерттеу П. Бурдьенің капиталдар теориясы мен өріс концепциясына, У. Бектің «қауіп-қатер қоғамы» тұжырымдамасына және С.Жижектің идеологияны талдау парадигмасына сүйенген синтетикалық тәсілге негізделеді. Эмпирикалық база ретінде Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі қаржылық мониторинг деректері, радикализацияға қатысты ресми есептер және әлеуметтік медиа дискурсына жүргізілген талдау пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері терроризмді қаржыландырудың әлеу-меттік логикасын үш деңгейде айқындайды: микродеңгейде –сенім, туыстық және бейресми желілердің экономикалық ресурсқа айналуы; мезодеңгейде –діни және этникалық қауымдас-тықтар шеңберінде символдық және идеологиялық капиталдың шоғырлануы; макродеңгейде –трансұлттық қаржы желілерінің легитимациялық құрылымдары. Біз бұл үдерістің тек қаржылық емес, мәдени және коммуникативтік инфрақұрылым арқылы ұдайы өндірілетінін көрсетеміз. Бұл талдау терроризмге қарсы саясаттың тиімділігі бақылау тетіктерімен шектел-мей, әлеуметтік-идеологиялық кеңістікті құрылымдық басқаруды талап ететінін білдіреді. Осылайша, қауіпсіздік саясатын социологиялық парадигма негізінде қайта пайымдау қажеттілігі айқындалады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ(2026-07-01) ;D.S. Nurpeisova ;Тaнкиш Н. П.; Муаззам Али ХанМақалада Қазақстан Республикасындағы демографиялық саясаттың эволюциясы тар салалық реттеу шеңберінен шығып, ұлттық дамудың стратегиялық архитектурасымен ұштасқан көпдеңгейлі басқару кеңістігіне айналған үдеріс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі демографиялық өзгерістердің мазмұнын, олардың институционалдық логикасын және ұзақмерзімді демографиялық орнықтылыққа ықпал ету әлеуетін бағалау. Әдіснамалық негіз ретінде аралас зерттеу дизайны қолданылып, ұлттық статистика, халықаралық салыстырмалы деректер, стратегиялық құжаттар және құрылымдық-салыстырмалы талдау біріктірілді. Зерттеу Қазақстандағы демографиялық өзгерістерді туу, көші-қон, урбанизация және қартаюдың жеке-жеке қозғалысы ретінде емес, бірін-бірі күшейтетін әрі шектейтін жүйелік байланыстар жиынтығы ретінде қарастырады. Біз қазіргі ахуалды «өсімнен орнықтылыққа өтудің» кезеңі деп пайымдаймыз: халық санының артуы мен салыстырмалы жоғары фертильділік елге қолайлы мүмкіндік терезесін ашқанымен, бұл артықшылық әлеуметтік инфрақұрылымның сапасымен, аймақтық теңгеріммен, көші-қонды басқару тиімділігімен және қартаюға институционалдық бейімделумен бекітілмесе, ұзақмерзімді дивидендке айналмайды. Мақалада демографиялық саясаттың жаңа мазмұны адами капиталды ұдайы өндіру, кеңістіктік дисбалансты әлсірету, күтім экономикасын күшейту және дерекке негізделген өңірлік басқаруды қалыптастыру міндеттерімен сабақтастырылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан үшін демографиялық орнықтылық халық санының механикалық сақталуы емес, демографиялық құрылымның сапалық теңгерімі мен әлеуметтік институттардың бейімделу қабілетіне тәуелді екенін көрсетеді.
