Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
11 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГОМОГЕНДІ ОМОНИМДЕР: ДӘСТҮР МЕН ДҮНИЕТАНЫМ(2017-01-01)The article considers the factors influencing the development of meaning in the Kazakh language. The meaning of the word is complex and it is a phenomenon of its development, whereas the laws of development are directly related to the life and the world of the people. Ethnological, mythological, linguistic and folklore studies are of great help in determining the meaning of the word. The people's language is an invaluable treasure, a heritage inherited from generation to generation. One of the scientists who contributed to the development of ethno linguistics in Kazakh linguistics - "The ethnos-linguistic view of ethnos and its language is to examine all the realities and life-styles, world-cognitive, cultural and spiritual wealth of the child from the time of childhood to the facts and data stored on our native language and to benefit them today is". The language we use as a means of communication in everyday life is a rich phenomenon that is invisible to us. First of all, it is primarily a treasure that has national values and values, such as world-wide, psychological features, culture. As such, the national character of the language is the only way to the spirit of the nation, which reflects the inner self of an ethnos. The article describes the cultural, ethnolinguistic motives that have influenced the appearance of homogeneous homonyms - specific linguistic data that reflects the language's tintedness. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІ(2018-01-01)The greatest responsibility of every nation at any stage is to educate a healthy generation that will continue its business and life. The upbringing of future societies with a mature, intelligent, culturally and spiritually advanced generation is a great duty of the older generation to society. And education of folk traditions is a great way to educate young people as a capable citizen. The Kazakh people are the heirs of spiritual wealth. Ancient ancestors of our ancestors' silver-embossed silver rings, sunglasses, singing songs, prose-proverbs, sermons, and aitys of poetry for many centuries have made their generation eight-sided, mysterious, moral, and noble. bringing up a historical reality. It would be a good idea to educate the future generations of our country, to build on the traditions of our ancestors in their blood and soul, to bring them the most noble qualities of kindness, mercy, humility, courtesy, homeland, land and homeland. Today it is one of the most important tasks of formation of the national education, the best traditions, moral qualities of young people in the age-old, and its rational use. Therefore, the history and prospects of national culture, literature, language, folk pedagogy are related to the education of younger generation in the school. The golden cradle of the upbringing is a family. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Жарнама дискурсының стилистикалық аспектісі(2018-11-27)Since the period of the year of independence the language of advertizing has been considered inKazakh linguistics. This is because in this period the republic passed to market society. Now the life ofthe modern person is inconceivable without advertizing background which is more and more obvious,more active and acting. Advertizing which has already penetrated and is getting into all spheres of society actively influences its social institutes and has considerable impact on social behavior of the peopleliving in it.The evaluative meaning in linguistics is reflected in different language levels and it is used to achievethe objectives of the communicants. The most basic units forming the evaluative meaning are parts ofspeech. Adjective is a derivative way of conveying evaluative value in advertising in the Kazakh language. The categories of comparative degree of adjectives, lexical groups are owners of the evaluationvalue of any kind of advertising. The article is an analysis of a group of words, which are considered anintegral part of society with evaluation value made by using the adjective and it shows the findings whichwere made by scientists - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЛЕКСИКАЛЫҚ ЭНАНТИОСЕМИЯ КОНТРАСТ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК АСПЕКТІСІЭнатиосемияны контраст категориясы тұрғысынан қарастыру оның пайда болу себептерін, осы тілдегі лексемалардың қазіргі тілдегі қалыптасу және қызмет ету процестерін тереңірек анықтауға мүмкіндік береді. Категориялау - адамның ақыл -ой қабілетінің негізгі әрекеттерінің бірі; ол қоршаған әлемнің ұғымдарын, құбылыстары мен объектілерін жіктеуге және ажыратуға, әлем туралы түсініктерді реттеуге, алған білімдерін жүйелеуге көмектеседі. Қарама-қайшылықтың логикалық-концептуалды категориясы әмбебап болып табылады және әр тілдің жүйесінде де, тіларалық өзара әрекеттесу деңгейінде де көрінеді. Ол тұрақты нақты параметрлер бойынша сөздердің кең кластарын сипаттайды.Қазіргі тіл білімінде «энантиосемия» ұғымын түсіндіруге қатысты пікірталастар жалғасуда. Зерттеушілер энантиосемияның полисемантикалық феномен және антонимияның бір түрі ретінде көрінетіні туралы негіздемелер келтіреді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОРПУС ЖАСАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ"Қазақ тілінің мультимедиялық корпусын жасау – көп зерттеуді қажет ететін тың сала. Ауызекі сөйлеу тілі бүгінгі күнге дейін тек мәтінді салыстыру, талдау деңгейінде ғана қарастырылып келді. Мультимедиялық корпус екінші тіл ретінде қазақ тілін меңгертуде өте тиімді құрал бола алады. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл нормасындағы ауытқулар мен сәйкессіздіктерді анықтауда зор үлесін қоса алады. Бұл мақалада мультимедиялық корпус жасау барысында туындайтын проблемалар анықталды. Проблемаларды анықтау – корпус жасау жұмысын жеңілдетіп, алдын ала кедергілерді жеңуге көмегін тигізеді. Ол үшін «Корпус» терминіне қысқаша түсініктеме беріліп, соның ішіндегі «мультимедиялық корпус» анықталды. Қазақ тілінің ұлттық корпусы және шетелдік НКРЯ (Орыс тілінің ұлттық корпусы) құрамына енетін мультимедиялық корпустың (МУРКО) мысалында қысқаша сипаттама жасалды. Осы саланы зерттеген ғалымдардың тұжырымдарына сүйеніп, мультимедиялық корпустардың маңыздылығы және қажеттілігі айқындалды. Сонымен қатар корпусты жасау барысында туындайтын қиындықтар қарастырылды. Олар бірнеше түрге бөлінді. Атап айтқанда, мультимедиялық корпустың репрезентативтілігі, тақырыптарға бөліп тегтеу, корпустың ыңғайлылығы, техникалық безендірілуі, әдеби тілдің нормасының ережелерін сақтау т.б. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің мультимедиялық корпусының теориялық тұжырымдарын жасап, ішкорпустарға бөлуге септігін тигізеді. Кілтті сөздер: корпустық лингвистика, корпус, мультимедия, ішкорпус, мәтін. " - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МЕДИАЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІК ИДЕЯСЫНЫҢ БЕРІЛУІ («BALAPAN» ТЕЛЕАРНАСЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)(Toraighyrov University, 2024-06-28); ; ; Бұл мақалада медиалингвистика саласы бойынша «Balapan» телеарнасы бағдарламалары тіліндегі отансүйгіштік құндылықтар туралы айтылады. Соңғы жылдары ұлттық мүдде мәселелері елімізге ортақ мәдени кеңістікте күн тәртібінде тұр. Бұл мәселе отандық медиа саласында түрлі тілдік бірліктермен өрнектеліп жүр. Халқымызды біріктіретін, қоғамға тән құндылықтарды, ортақ мүдделерді қалыптастыруға арналған іс-шаралар еліміздің халқын рухани байытады. Ұлттық құндылықтарды дамыту халықтың ұлттық мүдделері мен құндылықтарын ұстанудан басталады. Бұл үдеріс әр адамның балалық кезеңінен бойына сіңірілуі керек. Қазақ балаларының бойында осындай құндылықтарды дарытатын ең негізгі факторлардың бірі – телеарналардың қазақша мазмұнда болуымен қатар, отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндер берілетін бағдарламалар. Әрбір бағдарламаның бала жасына сәйкес қызықты болуымен бірге бағдарламалардағы мәтіндерден отансүйгіштік дискурсы, прагматикасы сезілуі қажет. Осы бағыттағы зерттеу мақаламызда «Balapan» телеарнасындағы бағдарламалардағы отансүйгіштік идеясының дәріптелуі туралы қарастырылады. Медиалингвистикадағы отансүйгіштік идеясының бағдарлама мәтінінің арасына қажетті тілдік бірліктермен кіріктіріле отырып берілуі, оның тілдік қызмет атқаратындығы, бала көрерменге әсер етуі сөз болады. Бұл зерттеудің теориялық және практикалық құндылығының жоғары және зерттеу бағытының жаңа екендігін көрсетеді. Кілт сөздер: «Balapan» телеарнасы, отансүйгіштік, телеарна бағдарламалары, ұлттық құндылықтар, мәтін. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ(Kokshetau State University, 2024-09-27); ;Б.С. Қапалбек; Мақалада Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытылу жайы айтылады. Жоғары оқу орындары – еліміздегі кәсіби маман даярлаудың, мемлекеттік тіл саясатының басты нысандарының бірі – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту орталығы. Авторлар осы саладағы проблемаларды айқындау үшін еліміздегі ұлттық университеттер мен аймақтық университет ұстаздары мен студенттерін қамтыған сауалнама жүргізіп, нәтижелерін сараптады. Сауалнамаға 16 университеттен 122 респондент қатысты. Респонденттердің жауаптары бойынша сандық және сапалық талдау жасалынып, сараптама нәтижесі арқылы негізгі мәселелер айқындалды. Мәселелерді айқындауда отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлері мен ұстанымдары негізге алынды. ЖОО-да мемлекеттік тілдің оқытылу жайы, білім бағдарламаларында қазақ тіліне қатысты пәндердің енгізілуі, талапкер мен түлектің мемлекеттік тілді білу деңгейі, т.б. түйіткілді проблемалардың себептері анықталып, оны шешудің жолдары ұсынылды. Осылайша жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытудағы маңызды мәселелер және оны жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар жасалды - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «АСПАН» КОСМОНИМІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ ЖАЙЫНДАМақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимінің лексика-семантикалық ерекшелігі, мағыналық-тақырыптық топтары көрсетіледі. Осыған орай, зерттеудің мақсаты –қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимін когнитивтік аспектіде зерттеуге негізделеді. Семантикалық, лингвомәдени, ішінара этимологиялық талдау әдісі арқылы қазіргі қолданыста жүрген атаулардың мағынасын жаңғыртып халықтың астрономиялық білім негізін таныту. «Аспан» -адамзатқа ортақ астрономиялық атаулар әлемі, алайда әр ұлт осы ортақ әлемді өзінше көріп-біліп, өзінше түсінеді, өз ұлттық әлемінің тілдік бейнесін жасайды. Әр ұлттың ерекшелігін оның тілі арқылы танып-түсіну қазіргі тілдік коммуникацияның маңызды мәселесі болып табылады. Сол себепті, алдымен, қазақ тіліндегі «аспан» космонимінің түр-түс мәнді семантикалық ерекшеліктерін сипаттау; екіншіден, ағылшын тіліндегі «аспан» ұғымының түр-түс мәнді семантикалық ерекшеліктерін сипаттау және туыс емес тілдердегі «аспан» космонимінің лингвомәдени ерекшеліктерін салғастыра зерттеу міндеттері қойылды. Зерттеудің жетекші идеясы –«Аспан» жүйесіне енетін атаулар тереңіндегі қазақ және ағылшын мәдениеті өкілдерінің өмір сүру дағдысы, тыныс-тіршілігінің, тарихының куәсісаналу себебін анықтау. Кіріспе бөлімде антропоөзекті бағыт зерттеулеріне сәйкес тіл мен мәдениет сабақтастығыұлт мәдениетінің әр кезеңіндегі көріністерін бойына жинақтаған терең мазмұнды тілдік қабаттары жайындағы зерттеулерді сараптау негізінде дәйектелді. Негізгі нәтижелер есте жоқ ескі замандарда пайда болғантуыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космониміне қатысты нақты лингвомәдени бірліктерді талдау арқылы алынды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимінің семантикалық ерекшелігін танытуға қатысты ізденістерден туындайтын нәтижелер ономастиканың кенжелеу қалыптасып келе жатқан саласы -космонимиканың антропоөзекті бағытта дами түсуіне теориялық, практикалық тұрғыда маңызды ықпал етеді. Семасиология, лингвомәдениеттану салалары бойынша тың пайым жасауға мүмкіндік береді. Осыған орай, зерттеудің құндылық деңгейі айқындалады. Зерттеу нәтижелерін этнолингвистика, лингвомәдениеттану, ономастика т.б. салалар бойынша зерттеулерде, дәрістер мен практикалық сабақтарда, сөздіктер, мәтіндер құрастыруда қосымша дерек ретінде пайдалануға болады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ТІЛ БІЛІМІ САЛАСЫНДАҒЫ ЭНАНТИОСЕМИЯ ТҮРЛЕРІ(2024-10-30)Мақалада тіл білімі саласындағы энантиосемия түрлері және зерттелуі қарастырылады. Энантиосемия - қарама-қарсы мағыналардың бір тілдік бірлігінің реңктерінің немесе контекстке байланысты болатын мағыналардың тіркесімі. Лексикалық семантика категориялары жүйесіндегі энантиосемияның орны туралы сұрақ даулы, өйткені лингвистер бұл құбылысты антонимия, омонимия, полисемияның (көп мағыналықтың) бір түрі немесе өзіндік ерекшелігі бар лексикалық-семантикалық категория ретінде қарастыру керек деген ортақ пікірге келді. Функционалдық ерекшеліктеріне қарай, яғни үстейтін не көрсететін мағынасына қарай энантиосемияны екі түрге бөліп қарастыруға болады: заттық (немесе номинативтік); эмоционалды-бағалауыштық қарама-қарсы мағына. Номинативтік энантиосемия сөздердің мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болады. Номинативтік лексикалық энантиосемия кезінде алғы шепке әр түрлі заттар, құбылыстар, іс-қимылдарды және т.б. көрсететін мағыналар шығады. Осы тип негізінен етістіктерге тән. Олардың кейбіреуі әр түрлі обьектілерге қатысты қолданылады, соның нәтижесінде қарама-қарсылыққа ие болады. Қазақ тілінің нақты тілдік деректеріне сүйене отырып, номинативтік энантиосемияның өнімсіз, ал эмоционалды бағалауыштық энантиосемияның өнімді екендігіне көз жеткізе аламыз. Қазақ тіліндегі ақылды, керемет, тамаша, дос, сұлу сияқты энантиосемияның жуық арада пайда болғандығын көруімізге болады. Erep олар бастапқы кезде жағымды қолданылатын болса, қазіргі уақытта олар жағымсыз мағынада (ирониялық) қолданылатынын көреміз. Энантиосемиялы сөздердің тағы бір жасалу жолы сөздердің тырнақша ішінде берілуімен сипатталады. Сөздерді қарама-қарсы мағынасы тырнақша ішінде беріледі, ал негізгі мағынасы тырнақшасыз жазылады. Тырнақшамен берілген сөздің астарында ирония жатады. Энантиосемия эвфемияның құралы ретінде де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар дезинформацияда да энантиосемия құбылысы байқалады. Дезинформация – «шындықты қасақана жалған етіп беру» Кілт сөздер: энантиосемия, қарама-қарсы, мағына, эмоционалды,тырнақша, одағай, заттық, номинативтік, сөздер. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, КӨПТІЛДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАНУ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІМақалада жаһандану мен көптілділіктің әсерін күшейтетін әлеуметтік-мәдени және білім беру процестерінен туындаған көптілділік жағдайында жастар арасында қазақ тілін қолдану динамикасының өзгеруі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты жастар арасында қазақ тілін меңгеру мен қолдану деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау, сондай-ақ оның даму тенденцияларын сипаттау болып табылады. Мақсатқа жету үшін әлеуметтік-лингвистикалық жағдайды талдау, қазақ тілінің білім беру үдерістері мен күнделікті өмірге интеграциялану дәрежесін бағалау, жастардың мемлекеттік тілді қолдануға деген уәждемесін зерделеу міндеттері қойылды. Зерттеу гипотезасы ретінде көптілді білім беру бағдарламаларын белсенді енгізу және халықаралық тілдерді (мысалы, ағылшын және орыс тілдерін) кеңінен қолдану жастар арасындағы күнделікті және кәсіби қарым-қатынастағы қазақ тілінің рөлін төмендетуге әсер етеді деген тұжырым алынды. Зерттеудің әдіснамалық негізіне әлеуметтанулық сауалнамалар, сұхбаттар, статистикалық деректерді талдау кіреді. Нәтижелер көрсеткендей, білім беру ортасында қазақ тіліне деген қызығушылықтың артуына, оны мәдени мұра ретінде сақтауға деген ұмтылысқа қарамастан, нақты қарым-қатынаста, әсіресе кәсіби салада және әлеуметтік желілерде жастар орыс және ағылшын тілдерін көбірек қолданатындығы анықталды. Зерттеу негізінде инновациялық білім беру технологиялары арқылы қазақ тілін мемлекеттік қолдауды күшейту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және оны өмірдің әртүрлі аспектілерінде пайдалану үшін мотивациялық жағдайлар жасау қажеттілігі туралы қорытынды жасалынады, бұл оның көптілділік жағдайында тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
