Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 3 из 3
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІАРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2024-09-01)
    Калибек Ыбыраимжанов
    ;
    Saltanat A. Feizuldayeva
    ;
    Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері баяндалады. Құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктер бірнеше кезеңдерден тұрады. Теориялық талдаулар бойынша «зерттеушілік құзыреттілік», «шығармашылық қабілеттер» ұғымдарының категориялық аппараты философиялық, психологиялық және педагогикалық аспектілерде түсіндіріледі. Негізгі ұғымдардың құрылымы мен мазмұны сипатталады. Теориялық талдауларды негізге ала отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеу құзыреттілігіарқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіснамалық маңызын құрайтын жүйелік тұғыр, зерттеушілік тұғыр, шығармашылық тұғыр, тұлғалық-бағдарлы тұғырлар, олардың атқаратын функциялары туралы айтылады.Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеу құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі динамикалық байланыстағы мотивациялық, танымдық және тұлғалық-әлеуметтік, рефлексиялықкомпоненттер мен өлшемдер, көрсеткіштерден, жоғары, орта және төмен деңгейлер бойынша ашып түсіндіріледі. Шығармашылық қабілеттілік –стандартты емес мәселелердің шешімін табу, өзіндік өнімдерін жасау, өнімді ойлау және қиялдың жаңа белгілерін қалыптастырудағы қабілеттердің кешені деп нақтыланады.Мақаланың эмпирикалық бөлімінде болашақ педагогтердің шығармашылық деңгейін анықтаудағы диагностикалық әдістері талданып негізге алынады. Авторлар тарапынан тәжірибелік-эксперименттік жұмыс-тар жүргізіліп, 96 респондент қатысты. Зерттелушілерге 15 сұрақтық сауалнама жүргізіліп, оның диагно-стикалық нәтиежелері беріледі. Қалыптастыру эксперименті бойынша «Тұлғаның зерттеушулік құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасы мен оқу-тақырыптық жоспары ұсынылады. Қорытындыданегізгі тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар айтылады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Аминофосфонаттар синтезін оқыту үдерісіне енгізу арқылы студенттердің зерттеушілік құзіреттілігін жетілдіру
    (European Organization for Nuclear Research, 2026-02-24) ;
    Алғышарттар мен мақсаты Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Әсіресе химия саласында теориялық білімді тәжірибелік әрекетпен ұштастыру студенттердің ғылыми ойлауын дамытуға және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты оқу үдерісіне нақты химиялық синтез элементтерін енгізу өзекті педагогикалық міндеттердің қатарына жатады. Зерттеу мақсаты - органикалық химия курсында аминофосфонаттар синтезін оқыту арқылы студенттердің зерттеу құзыреттілігін дамытудың педагогикалық тиімділігін анықтау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында теориялық (ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстыру, жүйелеу) және эмпирикалық (педагогикалық эксперимент, бақылау, практикалық жұмыстарды талдау) әдістер қолданылды. Педагогикалық эксперимент Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми химия мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенттері арасында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 24 студент қатысты: 12 студент эксперименттік топқа, 12 студент бақылау тобына бөлінді. Эксперимент органикалық химия пәні аясында бір академиялық модуль бойы ұйымдастырылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топ студенттерінің зерттеу құзыреттілігінің негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары деңгейге жеткенін көрсетті: экспериментті жоспарлау қабілеті – 83% (бақылау тобында – 57%), ғылыми негізде ой қорыту – 81% (56%), оқу мотивациясының деңгейі – 89% (54%). Деректерді талдау дағдылары бойынша эксперименттік топ көрсеткіші 60%-ды құрап, бақылау тобымен (56%) салыстырғанда оң динамика байқалды. Қорытынды. Аминофосфонаттар синтезін оқу үдерісіне енгізу студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді педагогикалық шешім екенін дәлелдейді және зерттеу тәсіліне негізделген оқытудың дәстүрлі әдістермен салыстырғанда анағұрлым нәтижелі екенін көрсетеді. Түйін сөздер: зерттеу құзыреттілігі, аминофосфонаттар, органикалық синтез, зерттеу арқылы оқыту, химиялық білім, педагогикалық эксперимент.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Биспидин синтезін талдау мысалында органикалық синтездердің студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы педагогикалық әлеуетін теориялық негіздеу
    (European Organization for Nuclear Research, 2026-02-24) ;
    Алғышарттар мен мақсат. Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру кәсіби даярлық сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде зерттеуге негізделген оқыту көбіне жалпы әдістемелік деңгейде қарастырылып, нақты органикалық синтездердің құрылымдық ерекшеліктері мен олардың педагогикалық әлеуеті жүйелі түрде талданбайды. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – органикалық синтездердің студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы педагогикалық әлеуетін теориялық тұрғыдан жүйелеу және оны биспидин синтезін талдау мысалында көрсету. Материалдар мен әдістер. Зерттеу жүйеленген әдеби шолу және теориялық талдау негізінде жүргізілді. 2015-2025 жылдар аралығында Scopus, Web of Science және Google Scholar дерекқорларында жарияланған еңбектер іріктелді. Талдау мазмұндық және құрылымдық-салыстырмалы әдістер арқылы жүзеге асырылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде зерттеушілік дағдылардың когнитивтік, операциялық және рефлексиялық компоненттерін қамтитын құрылымдық модель әзірленді және олар нақты оқу әрекеттері мен бағалау дескрипторлары арқылы операционалданды. Ұсынылған критерийлер негізінде биспидин синтезі талданып, оның көпсатылы және механизмдік күрделі құрылымы зерттеушілік әрекеттің толық циклін іске асыруға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Қорытынды. Органикалық синтездерді педагогикалық тұрғыдан саралаудың теориялық моделі ұсынылды. Биспидин синтезі зерттеушілік дағдыларды модельдеуге қолайлы пәндік мысал ретінде негізделді. Ұсынылған тәсіл зертханалық сабақтарды проблемалық-ізденістік форматта ұйымдастыруға әдіснамалық негіз бола алады және эмпирикалық тексеруді талап етеді.