Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
4 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОҚУ ПРАКТИКАСЫ - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫБілім берудегі теория мен практиканың өзара байланысы ХХ ғасырдың 80 жылдарының ортасында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты туындап, педагогика саласының маңызды ұстанымдардың біріне айналып, бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Теория мен практиканың өзара байланысы тұжырымдарын педагог ғалымдар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевскийдің дидактикалық мектептері білім берудегі құзыреттілікке жақын, яғни, білім алушылардың шығармашылық іс-əрекеттері идеяларын ұсынған. Бұл идея бүгінгі күнгі білім берудегі құзыреттілік тəсілге негіз болып, оқу практикалары арқылы жүзеге асырылуда. Құзыреттілік тәсілдің білім, білік дағдылардан айырықша ерекшелігі олар білім берудің нəтижесі ретінде іс-əрекет арқылы көрініс табады. Оқу практикасында білім алушылар теориялық білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар, олар кәсіби міндеттерін сапалы түрде орындау үшін бағдарлама материалдарын оқып-үйренуді ұйымдастыру тəсілдеріне бара-бар іс-əрекетті меңгеру және оны жүзеге асыру негізінде білім беру жағдаяттарын біртұтас модельдей алады. Бұл өз кезегінде білім алушыларды алған білімдерін өздігінен шығармашылықпен қолдануға үйретеді. ЖОО-ғы заманауи оқу үдерісінде оқу практикасы педагогикалық үрдістің біртұтас бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы географиядан оқу практикасы - білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу практикасы оқыту үдерісінде теория мен практиканы байланыстыра отырып, іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өйткені, практикамен бекітілмеген немесе дәлелденбеген теория кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, өзінің негізгі мән-мағынасын жоғалтатыны мәлім, ал теориялық негіздемесі жоқ практиканың тиімді әрі мақсаттқа бағытталған болуы да мүмкін емес. Оқу практикасынан өту кезінде білім алушы мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды, өйткені, оның кәсіби әрекеті практика барысында жетіледі. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында оқытудың практикаға-бағдарланған тәсілін жүзеге асыру арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қойылып отыр. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке практикалық дайындығы оқу-тәрбие жұмысы үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Мақалада географиядан оқу практикасы арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру іс-әрекеттік тұрғысынан талқыланады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ – МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІЗаман талабына сай оқу үрдісінде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Заманауи негізгі міндеттердің бірі осы заманғы білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат ете отырып, сапалы білім мен білік алған бәсекеге қабілетті болашақ маман иегерін дайындау. Сонымен қатар теориялық білімін практикамен ұштастырып қолданысқа ендіру арқылы еліміздің дамып көркейуіне өз үлесін қоса алатын, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жоғары, толық қалыптасқан жеке тұлғаны жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда еркін және белсенді ойлайтын, тәрбие мен білім беру процесін модельдейтін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа идеялары мен технологияларын өз бетінше ұсынып және оқу үрдісіне енгізетін болашақ мұғалімнің құзыреттілігі кәсіби деңгейін көтеру өзекті мәселе. Қазіргі түлек белгілі бір мамандық бойынша халықаралық талаптарға сай болуы керек, яғни еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу. Біріншіден, кәсіби сауатты ұстаз оқу-тәрбие жұмысының барысында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға оң әсер етеді; екіншіден, ол өзінің кәсіби қызметінде ең жақсы нәтижеге жетеді; үшіншіден, ұстаз өзінің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруді іске асырады. Теориялық және практикалық дайындығының бірлігін қамтамасыз ететін кәсіби іс - әрекеттер жүйесі ретінде кәсіби моделін ұсынудың тиімділігі жоғары. Кәсіби маман ретінде модельдер аясында мұғалімнің тұлғасы қалыптасады. Бұл педагогикалық іс-әрекет процесін анықтауға мүмкіндік береді, бұдан мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби позициясы дамиды және көзқарасы жақсарады, таңдаған мамандығы бойынша біліктілігі жетіледі, шеберлігі қалыптасады. Мақалада биолог мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында құрастырылған құрылымдық-мазмұндық модельді оқу үрдісінде қолдану және оның тиімділігі талданылған. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ(2023-09-01); Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында ақпараттық технология бағытында оқитын студенттерді практикаға бағыттап оқыту моделі кеңінен қолданыс табуда. Бұл модель кәсіби құзыреттіліктердің игерілуіне ықпал етеді және әдетте үшінші жақтың, яғни жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді. Алайда көпжылдық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда практикаға бағыттап оқытудың кейбір тәсілдерінің тиімділігі әлі де күмән тудырады. Бұл мақалада практикаға бағытталған білім беруде соңғы жылдарда жарық көрген жарияланымдардағы тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға және талдауға байланысты мәліметтер келтірілген. Зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – Scopus дерекқорында мақалаларды белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуден тұрады; екінші кезең – іріктелген мақалаларға мазмұндық талдау жасап, ғылыми жарияланымдарда қолданылған әдістерді анықтау және библиографиялық талдау, өзекті тақырыптарды табу; соңғы кезең – нәтижелерді қорытындылаудан тұрады. Зерттеу барысында ғылыми жұмыстарда зерттеушілердің түрлі зерттеу әдістерін пайдалану салыстырмалы түрде зерттелді. Жоғарыда көрсетілген библиографиялық талдау үшін VOSviewer қосымшасы қолданылды және талдау нәтижелері желілік визуализация арқылы көрсетілді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ СТУДЕНТОВ КАК ФАКТОР ФОРМИРОВАНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИҚазіргі заманғы білім беруді жаңғырту процесін оқу орындарында болашақ мамандарды шығармашылық дамыту үшін жағдайларды іздеу және қамтамасыз ету жүйесі сияқты компонентсіз елестету қиын. Студентттер арасынан болашақ ғылыми-шығармашыл элитаны қалыптастыру - маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет және елді үдемелі дамытудың шарты. Зерттеудің мақсаты, ғылым мен техника саласындағы дарынды жастарды іздеу, дамыту және қолдаудың тиімді ұлттық жүйесін құру. Ғылыми-техникалық қызметтің аймақтық инфрақұрылымында дарынды жастарды шоғырландыруға ықпал ететін ғылыми және шығармашылық қызметті ұйымдастырудың осындай жүйелерін дамытуды мақсат етіп қойған елдерде жүзеге асырылатын жобалар жемісті деп танылуы керек. Мақалада студенттердің ғылыми құзіреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылады. Оқу процесінде зерттеу дағдыларының маңыздылығы атап өтіледі. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің олардың кәсіби қалыптасу факторы ретіндегі маңызы өзектендіріледі. Қазақстан Республикасы мен еліміздің ірі қалаларындағы университеттердегі студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қазіргі жағдайы талданды. Қазіргі жағдайда студент жастардың ғылыми-зерттеу белсенділігін дамытудың үрдістері, нысандары мен әдістері қарастырылған. Түйін сөздер: зерттеу қызметі, құзыреттер, ғылыми-зерттеу жұмысы, студенттердің ғылыми - зерттеу қызметі, кәсіби құзыреттілік, болашақ маман. Процесс модернизации современного образования трудно представить без такого компонента, как система поиска и обеспечения условий для творческого развития будущих специалистов в учебных заведениях. Формирование будущей научно-творческой элиты из числа студентов- важная социально-экономическая задача и условие поступательного развития страны. Целью исследования является создание эффективной национальной системы поиска, развития и поддержки талантливой молодежи в области науки и техники. плодотворными должны быть признаны проекты, реализуемые в странах, ставящих своей целью развитие таких систем организации научной и творческой деятельности, способствующих консолидации талантливой молодежи в региональной инфраструктуре научно-технической деятельности. В статье рассматриваются вопросы формирования и развития научных компетенций студентов. Отмечается важность исследовательских навыков в процессе обучения. В статье актуализируется значение научно-исследовательской деятельности студентов как фактора их профессионального становления. В заключении анализируется современное состояние организации научно - исследовательской работы студентов в университетах Республики Казахстан и крупных городов страны. Рассматриваются тенденции, формы и методы развития научно-исследовательской активности студенческой молодежи в современных условиях. Ключевые слова: исследовательская деятельность, компетенции, научно-исследовательская работа, научно - исследовательская деятельность студентов, профессиональная компетентность, будущий специалист. It is difficult to imagine the process of modernizing modern education without such a component as a system for finding and providing conditions for the creative development of future specialists in educational institutions. The formation of the future scientific and creative elite from among students is an important socio-economic task and a condition for the progressive development of the country. The aim of the research is to create an effective national system for the search, development and support of talented youth in the field of science and technology. Projects implemented in countries aiming to develop such systems of organizing scientific and creative activities that contribute to the consolidation of talented youth in the regional infrastructure of scientific and technical activities should be recognized as fruitful. The article deals with the formation and development of scientific competencies of students. The importance of research skills in the learning process is noted. The article actualizes the importance of students' research activities as a factor of their professional development. In conclusion, the current state of the organization of research work of students at universities of the Republic of Kazakhstan and major cities of the country is analyzed. The tendencies, forms and methods of development of research activity of students in modern conditions are considered. Key words: research activity, competencies, research work, research activity of students, professional competence, future specialist.Цитирования (OpenAlex) 1
