Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 1 из 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЖАҢЫЛТПАШТАРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ ЭТНОПОЭТИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӨНІНДЕ
    (2024-03-25) ;
    К.С. Матыжанов
    ;
    Б. Жылқыбекұлы
    Мақалада жаңылтпаштар табиғатында жиі кездесетін көнерген сөздердің (архизмдер) мәтінінің ұлттық ерекшеліктерін көрсететін этонпоэтикалық маңызы қарастырылады. Бір қарағанда жаңылтпаштардағы мұндай этнолингвистикалық мазмұнға бай сөздер ұйқас үшін алынған сияқты көрінгенмен, шын мәнінде олар мәтіннің этнопоэтикалық мәнін айқындауға ерекше қызмет етеді. Жаңылтпаштарда көшпелі өмірдің мәдени-әлеуметтік, қарым-қатынас құралы ретінде қолданылатын сөздердің, бұл күнде көп бөлімі қолданыстан түсіп архизм сөздерге айнала бастады. Бүгінгі жаһандану заманында халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні, қолөнерінің күнделіктегі өмірдегі қолданыстан ығысуына байланысты, оларға қатысты ұғым-түсініктер де қазіргі лексикада сирек айтылатын болды. Міне осындай ұлттық тілдің тарихи ерекшеліктерін білдіретін сөздер жаңылтпаштар құрамында жиі кездеседі. Мұндай сөздер балаларға тілдің нәрін түсіндіріп, ұлттық ділді қалыптастыруға қызмет етеді. Демек жаңылтпаш фольклорлық жанр ретінде, ең алдымен, ұлттың дәстүрлі дүниетанымынан, тарихи ерекшеліктерінен тамыр тартқан этнолингвистикалық сөздік қорымен суарылған шығармашылық болып табылады. Сол антропологиялық мифология дәуірінен кейін мал шаруашылығын толық игеріп, нақты өмірлік түсініктер қалыптасқан кезеңде, өмірге келген фольклорлық жаңылтпаштардағы: «қалаш, сыпыра, ұшқат, бақан, желмая, серке, торта, мосы, бурыл, қулық, торы, боқжама, құрық, баспақ» сияқты сөздердің ерекшеліктері, әлеуметтік мәні, көркемдік айшықтары, бір-бірімен ара қатынасы, мазмұны нақты мысалдармен дәйектеледі. Сондай-ақ, жаңылтпаштар мазмұнындағы сөздердің тарихи тамырластығы, архетиптік негізі мен тек-тамырының бірлігі анықталады.