Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
3 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, «АЙҚАП» ПЕН «ҚАЗАҚТА» ЖАРИЯЛАНҒАН МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ(2022-12-20); ; Бұл мақалада М.Жұмабаевтың «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарық көрген өлеңдері тұтастай алынып, жүйелі түрде талдауға алынады. Журналда әйел теңсіздігін алғаш болып сөз еткен М.Жұмабаевтың «Шын сорлы» өлеңімен қатар, еліне орыс отаршылдығының көрсеткен азабын тұспалдап жеткізгісі келген «Жатыр» өлеңі арқылы ақынның қалың жұртқа үлкен ой тастауы да сараланған. Мағжанның «Күз күні», «Жазғытұры», т.б. табиғат лирикаларын қарастыруда Абайдың «Жазғытұры» өлеңімен салыстырып, ұқсастық іздеген зерттеушілердің пікірінен бөлек, мұнда тың ойлар айтылады. Журналда басылған жаз туралы Қ.Мұхамеджанов пен Қ.Кемеңгеровтің өлеңдері де қатар қарастырылып, ақынның негізгі айтпақ ойы нақты айқындалады. Ұлт тағдырына алаңдаған Мағжанның азаматтық болмыстары «Қазақ» газетінде жарияланған туындыларынан да таныла түскендігі толықтай зерделенеді. Ақынның ел мәселесін көтерген «Орал тауы», «Жарыма», «Төбет», «Есімде... тек таң атсын», т.б. өлеңдеріндегі ұлттық идея кеңінен қамтылады. «Орал тауы» өлеңінде таудың болмысы арқылы жер мәселесін көтергені ашып берілсе, «Жарыма» өлеңіндегі ақынның басты мұңы көрсетілген. «Төбет» өлеңіндегі ақынның тұспалды ойлары алғаш зерделеніп отыр. Ел тағдырын суреттеудегі Мағжанның сөз қолданысы да талдауға алынып, астарлап берудегі шеберлігі зерделенген. Ақынның үлкен үміті көрініс тапқан «Есімде... тек таң атсын» өлеңінің ерекшелігі де қамтылады. Ұлт мүддесін жоғары қойған ақын тұлғасы да барынша саралана талдауға алынады. Газетте басылған М.Жұмабаевтың «Көңіл», «Зар» өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерлердің болмысымен қоса, табиғат лирикаларындағы ақынның суретеуіне де назар аударылды. Мақалада Мағжанның ұлттық баспасөздегі шығармалары жүйелі қамтыла келе, алашшыл ақындық тұлғасы әр қырынан ашылап зерделенеді.Цитирования (OpenAlex) 3 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҰЙҚАС ЖӘНЕ ОЙДЫ ТАҚПАҚТАП БЕЙНЕЛЕУ ТӘСІЛІ(Ablai Khan University, 2024-12-01) ;Б. Жылқыбекұлы; ;Zhazira TursynaliР.Б. ДжельдыбаеваӨлеңтану саласында ұйқастың көркемдік мәні мен ырғақтық міндетін өлең тақырыбынан айқын ажырата алмағандығымыз себепті, өлеңді тануда көптеген қателіктер пайда болды. Ырғақ пен ұйқасқа түскен шумақтардың бәрі бірдей дарынды өлең деп есептелді. Сол негіздеөлең өнерінің сыртқы құрылымдық жүйесі, атап айтқанда, буын, бунақ, ырғақ, ұйқас сынды өлеңнің сазды сарынын көрнектілендіретін ерекшеліктері баса назарға алынып, оның суреткерлік, образдылық және бүкпелеу сынды ішкі мәндік ерекшеліктері ойдан қағыс қалып отырды. Сөйтіп қазақ өлең өнерінің дамуы мен өркендеуінде сыңар жақтылы көзқарастар қалыптасты. Төрт жолдың басын ұйқастыра салып, бір шумақ өлеңді дүниеге әкелетін ақын болу үдерісі әдеби шығармашылық майданында көптен бері белең ала бастады. Ондай ақындардың шығармашылығына өлеңнің жоғары көркемдік өлшемі деңгейінде баға беріп, сын айту жоқтың қасы болды. Өйткені өлең теориясының зерттеп-зерделеу бағыты тек өлеңнің құрылымдық ерекшелігіне талдау жасаудан ары аса алмады. Тіпті, қара сөзбен жазылғанэсселердің өзін прозалық өлең деушілер де күн сайын молыға түсті. Өлең мен қара сөздің ара жігін ажырата алмайтын ой-пікірлер пайда болды. Көркем әдеби шығармашылықтағы поэтикалық ерекшеліктер туралы көзқарас-түсініктер солғындап, өлеңтануда қарабайыр пайымдар орын ала бастады. Ақындық өнер ретінде емес, кәсіп ретінде, өлең жазу жоғары деңгейдегі шығармашылық емес, «өндіріс» сарынында көзге түсіп отырды. Өлеңтану саласындағы осындай олқылықтарды ескере келе, нақтылы мысалдар мен фактілер негізінде өлеңтану саласына тың өзгерістердің керек екенін ортаға қойған бұл ғылыми еңбек тақпақтар мен сарынды өлеңдердің және эсселердің ерекшеліктеріне ырғақтық негізде талдау жүргізіп, оның өлең өнерінде атқаратын рөліне баса назар аударып, ойды тақпақтап жеткізу барысындағы ырғақтың маңыздылығын бұлтартпас дәлел-фактілер арқылы айқындап береді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Қ. БЕГМАНОВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ЖИДЕЛІБАЙСЫН ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ШОҒЫРЛЫ ЖЫРЛАР ЕРЕКШЕЛІГІБұл мақалада ақын Қ. Бегманов поэзиясындағы шоғырлы жырлар назарға алынды. Қ. Бегманов – қазіргі қазақ ақыны, оның алғашқы жыр жинағы 1980 жылдардың ортасынан бастап жарық көре бастаған. Ақын Қ. Бегманов шығармашылығы туралы зерттеу мақалаларының аздығы мақаланың өзектілігін көрсетеді десек болады. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы Қ. Бегманов шығармашылығына жан-жақты талдау жасауымен және оның лирикасындағы циклдену үрдісінің, шоғырлы жырлар ерекшеліктерін қарастырылуына. Бұл жұмыстағы негізгі мақсатымыз – ақын Қ. Бегманов лирикасындағы Жиделібайсын тақырыбы аясында шоғырлы жырлардың ерекшелігін айқындау. Жұмыстағы зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқытуға арналған оқу құралдары мен оқулықтарды жазу барысында пайдалануға болатындығы мақаланың практикалық маңыздылығын көрсетеді. Мақаланы жазу барысында тарихи-әдеби, салыстырмалы әдістер, сонымен қатар мәтінді стильдік және мотивтік талдау әдістері қолданылады. Бұл еңбекте қазіргі әдебиетіміздегі туған жер тақырыбын жырлауда ақын Қ. Бегманов жырларының маңызы туралы айтылады. Ақын Қ. Бегмановтың шығармашылығында Жиделібайсын тақырыбын өзгеше салмақты салаға айналған деуге болады. Жиделібайсын – қазақтың ұлттық танымында, түсінігінде эпостық, батырлық жырларында, Асан қайғы жайлы аңыздарда, Бұхар жырау толғауларында жиі кездесетін берекелі, ырысты, қасиетті, қастерлі, құтты, киелі мекен. Атауының өзінде рух бар, ұлттың ой-арманы жасырынған. Қазақ үшін құтты қоныс – өмір, бар болу. Жиделібайсын – ұрпақты аман сақтаудың, елдікті сақтаудың, бақытқа жетудің нышаны, символы. Ақын Жиделібайсын арқылы ұлт тағдырын айтады. Ақын Қ. Бегманов поэзиясындағы Жиделібайсын жайындағы өлеңдерін талдау арқылы ұлтқа тән әр қилы бояулар, ақ пен қара, ел болу мен болмау, бір уыс топырақ болсын қастерлеу тәрізді ұлттық таным сипаттары талданды.
