Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
3 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер(2022-09-30) ;Altynai Tymbolova ;К.С. КалыбаеваМақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер сөз етіледі. Оларды қарастырудың тіл тарихы үшін маңызы зор. Тіліміздегі кейбір тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер сан мың жылдарды артқа тастаған соң, бастапқы мағынасы ұмытылып немесе ұмытылуға жақындап көмескілене бастайды.Сөз бір халықтан, екінші бір халыққа әртүрлі жолдармен ауысады. Осындай сөз ауысулары арқылы алыс дәуірлердегі ұлттар арасындағы мәдени байланыстармен қатынастарды кей ретте әлдебір тарихи куәлар мен ескерткіштер қалмаса да білуге болады. Тіпті кейбір компоненттер идиомаға айналады. Сөздердің бұлай идиомалануы тұрақты тіркестердің мағынасынан туған ерекшелік болып табылады. Демек бірнеше сөздің тобы идиом болуы үшін көп уақыт, көп замандар қажет болады. Ана тілінің бай қазынасымен сусындаған әрбір адам тұрақты тіркестерді, небір афоризмдер мен мақал-мәтелдерді қолданады. Бірақ сол тұрақты тіркестердегі, мақал-мәтелдердегі кейбір сөздерді жеке-дара алып қарағанда кез-келген адамның түсіне беруі неғайбыл.Тілімізді қаншама меңгердік дегенмен оның беймәлім тұстары да жетерлік. Сондықтан ана тіліміздің біз үшін әлі де ашылмаған қыр-сыры көп. Сондықтан мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркес сыңарларының дыбыстық жағынан көнерген түрлері қарастырылды.Цитирования (OpenAlex) 2 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Балалар теледискурсы: коммуникаторлар тіліндегі орфоэпиялық норма көрінісі(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2024-12-28); ; Zhuparkul AulbekovaМақалада «Balapan» арнасының телебағдарламалары теледискурс ретінде қарастырылды. Теледискурс жайлы зерттеулерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеулер жалпы теледидар тіліне байланысты болып келеді, ал телеконтенттердегі балалар дискурсы туралы ізденіс жұмыстарының жоқ екені байқалды. Осыдан келіп, балалар теледискурсын зерттеудің өзектілігі айқын және жоғары деп саналады. Бұл мақалада «Balapan» телеарнасы бағдарламаларындағы балалар теледискурсының орфоэпиялық нормаға сай немесе сай еместігі қарастырылды. Нәтиже Speech Analyzer әдісінің көмегімен айқындалды. Телекоммуникатордың көтеріңкі және төменгі дыбыстау қарқынының сегменттері сурет арқылы көрсетілді. Балалардың сценарий бойынша сөйлеген сөздері ауызша дыбыстау ережелерімен сәйкестігі айқындалды. Лингвистиканың тілді медиаконтенттерде дұрыс қолданудың теориясы мен практикасына орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеу бойынша белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Қазақ тілінің акустика-артикуляциялық табиғатын сақтау үшін орфоэпиялық норманы ескере отырып, сөйлеуді қалыптастыру қажет. Бұл ұлттық тілдің өміршең болуына көп пайдасын тигізеді. Ұсынылып отырған мақалада қазіргі тіліміздегі сөздердің айтылудағы дыбыс қарқыны, ырғағы және әуезді айтылымы көрсетіліп, өзгерістер суреттер арқылы беріледі. Суреттегі сипаттамалардан қазіргі қазақ сөзінің балалар дискурсындағы айтылымын анық байқауға болады, осы арқылы әрі қарай мақсатты түрде қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтау қажеттігі көрінеді.Цитирования (OpenCitations) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СКРИПТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)Мақалада ұлттық ойындарға қатысты сакралды тілдік бірліктер ұйытқы болған екінші мағыналы скриптонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктері талқыланады. Әлеуметтік маңызы бар феномен ретінде ойын мен ғұрыптық рәсімдердің өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Осыған қатысты тілші, этнограф ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, халықтың рухани және шығармашылық салаларының барлығын қамтитын ұлттық ойындарды ғұрыптық рәсімдермен бір деңгейде қарастырдық.Күні бүгінге дейін этнограф, мәдениеттанушы, тілші ғалымдардың тарапынан ұлттық ойындар мен ғұрыптық рәсімдер, олардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп келеді. Алайда ұлттық бірегейлігімізді, рухани-мәдени болмысымыз бен құндылықтарымыздың көзі ғұрыптық рәсімдер мен салт-дәстүрлеріміздің, меркелер мен ойындарымызды тасымалдаушы, ұлттық жадымызды жаңғыртушы мәдени мәтіндерге байланысты қалыптасып, екінші мағынаға ие болған тілдік қолданыстар («скриптонимдер») зерттеу нысанына алынбай келеді. Осыған орай, ұлттық ойындарды халықтың сан ғасырлық тәжірибесінің айғағы, негізгі құндылықтарымызды сақтаушы және тасымалдаушы қор, кодтық элементтері бар мәдени мәтін деп қарастырып, олардың тілімізде қалыптасқан сакралды-символдық кодты бірліктерге, соның ішінде акционалды, заттық, вербалды, темпоралдық кодты скриптонимдерге ұйытқы болатыны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ұлттық ойындардың негізінде қалыптасқан екінші мәнді скриптонимдердің өзінің «табиғи» прототипімен мағынасы ұқсас болатыны анықталды. Мақалада ұлттық ойындарға қатысты, екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстарға сипаттамалық, этимологиялық талдау, мәліметтерге концептуалды және лингвомәдени түсінік беру әдістері қолданылады. Ұсынылған теориялық тұжырымдар қазақтың салт-дстүрлері, дәстүрлі атаулары туралы жазылған еңбектерден, көркем шығармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мысалдармен дәйектелді.
