Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 3 из 3
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «АСПАН» КОСМОНИМІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ ЖАЙЫНДА
    (Ablai Khan University, 2024-09-27)
    Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимінің лексика-семантикалық ерекшелігі, мағыналық-тақырыптық топтары көрсетіледі. Осыған орай, зерттеудің мақсаты –қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимін когнитивтік аспектіде зерттеуге негізделеді. Семантикалық, лингвомәдени, ішінара этимологиялық талдау әдісі арқылы қазіргі қолданыста жүрген атаулардың мағынасын жаңғыртып халықтың астрономиялық білім негізін таныту. «Аспан» -адамзатқа ортақ астрономиялық атаулар әлемі, алайда әр ұлт осы ортақ әлемді өзінше көріп-біліп, өзінше түсінеді, өз ұлттық әлемінің тілдік бейнесін жасайды. Әр ұлттың ерекшелігін оның тілі арқылы танып-түсіну қазіргі тілдік коммуникацияның маңызды мәселесі болып табылады. Сол себепті, алдымен, қазақ тіліндегі «аспан» космонимінің түр-түс мәнді семантикалық ерекшеліктерін сипаттау; екіншіден, ағылшын тіліндегі «аспан» ұғымының түр-түс мәнді семантикалық ерекшеліктерін сипаттау және туыс емес тілдердегі «аспан» космонимінің лингвомәдени ерекшеліктерін салғастыра зерттеу міндеттері қойылды. Зерттеудің жетекші идеясы –«Аспан» жүйесіне енетін атаулар тереңіндегі қазақ және ағылшын мәдениеті өкілдерінің өмір сүру дағдысы, тыныс-тіршілігінің, тарихының куәсісаналу себебін анықтау. Кіріспе бөлімде антропоөзекті бағыт зерттеулеріне сәйкес тіл мен мәдениет сабақтастығыұлт мәдениетінің әр кезеңіндегі көріністерін бойына жинақтаған терең мазмұнды тілдік қабаттары жайындағы зерттеулерді сараптау негізінде дәйектелді. Негізгі нәтижелер есте жоқ ескі замандарда пайда болғантуыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космониміне қатысты нақты лингвомәдени бірліктерді талдау арқылы алынды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимінің семантикалық ерекшелігін танытуға қатысты ізденістерден туындайтын нәтижелер ономастиканың кенжелеу қалыптасып келе жатқан саласы -космонимиканың антропоөзекті бағытта дами түсуіне теориялық, практикалық тұрғыда маңызды ықпал етеді. Семасиология, лингвомәдениеттану салалары бойынша тың пайым жасауға мүмкіндік береді. Осыған орай, зерттеудің құндылық деңгейі айқындалады. Зерттеу нәтижелерін этнолингвистика, лингвомәдениеттану, ономастика т.б. салалар бойынша зерттеулерде, дәрістер мен практикалық сабақтарда, сөздіктер, мәтіндер құрастыруда қосымша дерек ретінде пайдалануға болады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ТІЛ БІЛІМІ САЛАСЫНДАҒЫ ЭНАНТИОСЕМИЯ ТҮРЛЕРІ
    (2024-10-30)
    Мақалада тіл білімі саласындағы энантиосемия түрлері және зерттелуі қарастырылады. Энантиосемия - қарама-қарсы мағыналардың бір тілдік бірлігінің реңктерінің немесе контекстке байланысты болатын мағыналардың тіркесімі. Лексикалық семантика категориялары жүйесіндегі энантиосемияның орны туралы сұрақ даулы, өйткені лингвистер бұл құбылысты антонимия, омонимия, полисемияның (көп мағыналықтың) бір түрі немесе өзіндік ерекшелігі бар лексикалық-семантикалық категория ретінде қарастыру керек деген ортақ пікірге келді. Функционалдық ерекшеліктеріне қарай, яғни үстейтін не көрсететін мағынасына қарай энантиосемияны екі түрге бөліп қарастыруға болады: заттық (немесе номинативтік); эмоционалды-бағалауыштық қарама-қарсы мағына. Номинативтік энантиосемия сөздердің мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болады. Номинативтік лексикалық энантиосемия кезінде алғы шепке әр түрлі заттар, құбылыстар, іс-қимылдарды және т.б. көрсететін мағыналар шығады. Осы тип негізінен етістіктерге тән. Олардың кейбіреуі әр түрлі обьектілерге қатысты қолданылады, соның нәтижесінде қарама-қарсылыққа ие болады. Қазақ тілінің нақты тілдік деректеріне сүйене отырып, номинативтік энантиосемияның өнімсіз, ал эмоционалды бағалауыштық энантиосемияның өнімді екендігіне көз жеткізе аламыз. Қазақ тіліндегі ақылды, керемет, тамаша, дос, сұлу сияқты энантиосемияның жуық арада пайда болғандығын көруімізге болады. Erep олар бастапқы кезде жағымды қолданылатын болса, қазіргі уақытта олар жағымсыз мағынада (ирониялық) қолданылатынын көреміз. Энантиосемиялы сөздердің тағы бір жасалу жолы сөздердің тырнақша ішінде берілуімен сипатталады. Сөздерді қарама-қарсы мағынасы тырнақша ішінде беріледі, ал негізгі мағынасы тырнақшасыз жазылады. Тырнақшамен берілген сөздің астарында ирония жатады. Энантиосемия эвфемияның құралы ретінде де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар дезинформацияда да энантиосемия құбылысы байқалады. Дезинформация – «шындықты қасақана жалған етіп беру» Кілт сөздер: энантиосемия, қарама-қарсы, мағына, эмоционалды,тырнақша, одағай, заттық, номинативтік, сөздер.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МІНЕЗ ТИПТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
    (Ablai Khan University, 2025-09-01) ;
    G. N. Smagulova
    ;
    Мінез – белгілі бір өмірлік жағдаяттарда орын алған субъектіге тән мінез-құлық белгілерінің көрінісі мен тұлғаның тұрақты психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Сондықтан адам мінезін зерттеу арқылы белгілі бір халықтың ұлттық мінезі мен психологиясын, құндылықтары мен ұстанымдарын анықтап, салыстыра, салғастыра зерттеуге мүмкіндік аламыз. Мінездің қалыптасуына жеке тұлғаның немесе ұлттың өмір сүру қағидаттары, әлеуметтік ортасы, дәстүрі мен мәдениетінің ықпалы мол. Зерттеу жұмысында адамның тұлғалық қалыптасу үдерісінде пайда болатын мінез акцентуациясының типтері анықталды. Мінез психикалық қасиеттер жиындығы болғанымен, оның тілдегі сипатының түрлі тілдік бірліктер негізінде көрініс табатынын ескере отырып, мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінезді сипаттайтын фразеологиялық бірліктер назарға алынды.Зерттеудің мақсаты – ағылшын және қазақ тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын семантикалық талдау негізінде анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиядық бірліктерді анықтау барысында екі ұлтқа тән ұлттық-мәдени стереотиптердің анықталуымен айқындалады. Жұмыстың практикалық мәні – зерттеу нәтижерін, талдау үлгілерін тіл білімінің когнитивтік лингвистика секілді арнайы салаларындағы зерттеу жұмыстарында, қазақ және ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді салғастырмалы зерттеу еңбектерінде, сонымен қатар психология мен педагогика, мәдениеттану салаларындағы пәнаралық зерттеулерде теориялық және тәжірибелік материал ретінде қолдану мүмкіндігімен құнды.Зерттеу әдістемесі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиялық бірліктерді бақылау, жинақтау, семантикалық, лексикалық талдау әдістеріне, сондай-ақ психологиялық, педагогикалық және мәдениетаралық зерттеулер аясындағы байланысын салғастырмалы интерпретациялау әдістеріне негізделген. Зерттеу жұмысының өзектілігі – қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиялық бірліктерді семантикалық талдау негізінде туыс емес екі ұлтқа тән ұқсастықтар мен айырашылықтарды салғастырмалы зерттеу, екі ұлтқа тән ұлттық-мәдени ерекшеліктерді саралау.