Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 10 из 15
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ОРТА МЕКТЕП ФИЗИКАСЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КӨМЕГІМЕН ОҚЫТУДЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
    (2024-01-24)
    Ақпараттық технологияларды қолдану орта мектепте физиканы оқытуға үлкен әсер етті, бірақ ескі идеялар, қабілетсіздік және ресурстардың жетіспеушілігі сияқты кейбір мәселелер әлі де бар. Демек, жаңа білім беру моделін зерттеуді күшейту, мультимедиялық оқу материалдарын әзірлеу, Оқу ресурстарын біріктіру және оқытушының қызығушылығын арттыру қажет.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
    (T.K. Zhurgenov Kazakh National Academy of Arts, 2024-06-20) ;
    Зерттеу Қазақстанда хореографиялық өнерді дамыту тұрғысынан «Астана Балет» театрының ұлттық спектакльдерінің маңыздылығына назар аударады. Зерттеудің мақсаты осы қойылымдардың мазмұнын талдау және отандық хореографтардың шығармашылығын салыстырмалы зерттеу болып табылады. Әдiстер: Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн «Астана Балет» театрының тарихы мен дамуына байланысты ғылыми мақалалар мен бейнежазбаларды талдау әдiсi пайдаланылады. Бұдан басқа, театрдың ұлттық репертуарының жаңа интерпретацияларын зерделеу және талдау көзделуде. Нәтижелері және талқылау: Зерттеуде жас хореографтардың шығармашылығына қазақ мәдениеті мен ұлттық философиясын қайта жандандыратын ұтымды хореографиялық тұжырымдамалар, бірегей би қимылдары мен заманауи тәсілдер кіреді. «Астана Балет» театры ұжымының бірегей қойылымдары бұл қозғалысты толықтырып, ұлттық хореографиялық өнерге жаңа бағыт беріп, өнер тарихында жаңа перспективалар ашады. Бірнеше қойылымды талдау олардың философиялық мәнін ашады және олардың құндылығын айқындайды. Зерттеу нәтижелері хореографиялық өнердегі ұлттық мәдениет пен қазақ биінің маңыздылығын, сондай-ақ осы өнерді сақтау мен дамытудағы «Астана Балет» театрының рөлін көрсетеді. Алынған қорытындылар Қазақстанның ұлттық хореографиясын одан әрі дамытуға және театр өнерін байытуға негіз бола алады, сондай-ақ өңірдің мәдени мұрасын терең түсінуге және құрметтеуге ықпал етеді. Зерттеу ұлттық хореографиялық өнердің шығармашылық күшін ғана емес, сондай-ақ оның Қазақстанның мәдени құндылықтарын сақтау мен ілгерілетудегі маңызды рөлін, шығармашылықтың ұлттық және әлемдік аудиторияны біріктіру және шабыттандыру қабілетін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері қазақ биі мен хореографиясының маңызы туралы ақпаратты таратуға ықпал ете отырып, халықаралық аудиторияға пайдалы болуы мүмкін.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СOIL ӘДІСІ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
    (Kokshetau State University, 2024-06-30) ;
    Е. К. Нурланбекова
    ;
    ;
    Айжан Макашева
    Мақалада Бірлескен халықаралық онлайн оқыту (COIL) мәселелеріне байланысты ғалымдардың еңбектеріне және олардың теориялық, методологиялық негіздеріне аналитикалық шолу жасалды. Шетелдік серіктес университеттермен бірлескен халықаралық онлайн оқыту (COIL) әдісі арқылы білім алушылардың мәдениетаралық және лингвистикалық құзыреттіліктерін дамыту, тілдік ортаны қалыптастыру, қарым-қатынас, сыни тұрғыдан ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын арттыру мәселелері қарастырылды. COIL әдісін бағалау мақсатында 60 білім алушыдан сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелерін сандық әдісімен талдап, білім алушылардың оқу бағдарламасынан алған әсері, кросс-мәдени құзыреттілігін дамытуына тигізген ықпалы және тілдік деңгейінің дамығандығы туралы ақпарат жиналды. Еліміздегі студенттерге шетелге шықпастан, шетелдік университеттерден білім алу, тәжірибе алмасу, лингвомәдени, мәдениетаралық және кросс-мәдени құзыреттіліктерді дамытуға болатыны анықталды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
    (Kokshetau State University, 2024-09-27) ;
    Б.С. Қапалбек
    ;
    ;
    Мақалада Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытылу жайы айтылады. Жоғары оқу орындары – еліміздегі кәсіби маман даярлаудың, мемлекеттік тіл саясатының басты нысандарының бірі – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту орталығы. Авторлар осы саладағы проблемаларды айқындау үшін еліміздегі ұлттық университеттер мен аймақтық университет ұстаздары мен студенттерін қамтыған сауалнама жүргізіп, нәтижелерін сараптады. Сауалнамаға 16 университеттен 122 респондент қатысты. Респонденттердің жауаптары бойынша сандық және сапалық талдау жасалынып, сараптама нәтижесі арқылы негізгі мәселелер айқындалды. Мәселелерді айқындауда отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлері мен ұстанымдары негізге алынды. ЖОО-да мемлекеттік тілдің оқытылу жайы, білім бағдарламаларында қазақ тіліне қатысты пәндердің енгізілуі, талапкер мен түлектің мемлекеттік тілді білу деңгейі, т.б. түйіткілді проблемалардың себептері анықталып, оны шешудің жолдары ұсынылды. Осылайша жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытудағы маңызды мәселелер және оны жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар жасалды
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЖАБЫҚ ТОПЫРАҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫЗҒАЛДАҚТАРДЫ КӨКТЕТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ КҮЙЗЕЛІСТІК ПРОЦЕССТЕРДІ РЕТТЕУ
    (Kazakh National Agrarian Research University, 2024-09-30) ;
    Баходир Юсупов
    ;
    Апушев Амангельды Каирбекович
    ;
    Aikerim Serzhanova
    ;
    Гурчан Кахраман
    Ұсынылған мақалада Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында жабық топырақта жылыжай жағдайында қызғалдақтарды көктету кезеңіндегі стресс факторлы жағдайлардағы процесстерді реттеу нәтижелері келтірілген. Қызғалдақтардың сәндік, шаруашылық-биологиялық көрсеткіштеріне әсер етуші стресс факторларға қарсы антистерссанттардың тиімділігін бағалау мақсатында «Megafol» иммуномодулятор препаратының 0,2% қоспасы қолданылды. Нидерландылық мәдени сорттардың триумф (Curry, Royal Virgin, Sweet Rosy, Novi Sun, Montezuma, Aomory, Panenka, Dutch Design, шашақты (San Christina, San Luiz, Indiana), пион класына (Akebono, Columbus, Purpule Sky, Icoone) жататын 15 сұрып таңдап алынды. 9 және 5 градустық өсіру технологиясы шарттарына сай вегетациялық кезеңде жылыжай жағдайы мен сыртқы температуралық режимнің арақатынасы анықтала отырып қызғалдақтардың сапалық көрсеткіштеріне әсер ету шарттарының мәліметтер базасы жинақталды. Стресс процесстеріне антистерссанттың 1,5-2% ерітіндісінің тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Дайын тауарлық құндылығы жоғары өнімді алуда мегафолдың әсері сұрыптық ерекшелікке сай 82-96% аралығында болды. Антистерссант тиімділігі қызғалдақ сорттарының өсімдіктерінің біркелкі өсуіне әсер етеді, оңтайлы су-физикалық қасиеттері бар нейтралды торф субстратында қызғалдақ өсімдіктерінің биіктігі бойынша жоғары көсерткіш байқалды, қауызының биіктігі мен өсімдік гүлдерінің түсі сияқты сәндік қасиеттері бойынша жоғары тұтынушылық талаптарға жауап береді.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БИ АНСАМБЛЬДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ
    (T.K. Zhurgenov Kazakh National Academy of Arts, 2024-12-20) ;
    Жаһандану процесінде мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының маңыздылығы артып, білім беру бағдарламалары қайта қарастырылуда. Әрбір мамандық бойынша тек өз ісінің шеберлерін ғана дайындап қоймай, олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырып, алған білімдерін тиімді пайдалануға үйрету білім беру бағдарламаларының басты мақсаты болып табылады. Әлеуметтік медианың, жасанды интеллекттің, ақпараттардың қолжетімділігі, кез-келген жағдайда тез және тиімді шешімдерді қабылдап, сыни ойлай алатын, өзгермелі ортаға тез үйренетін, мәселені шешудің оңтайлы жолдарын ұсынатын, сұранысқа ие мамандарды даярлауды талап етеді. Аталған мәселе өнер саласында да мамандарды даярлауда көрініс тапты. Осы орайда авторлар, «Хореография» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын университеттердегі би ансамбльдерінің студенттердің сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы әсерін талдайды. Зерттеу барысында сыни ойлау дегеніміз не?, Өнердің және студенттік би ұжымдарының сыни ойлауды дамытуға әсері қандай?, 1985 жылдан бері құрылып, еңбек етіп келе жатқан би ұжымдарын қалай дамыту қажет? деген сұрақтардың жауабын табу мақсатында шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектері сараланады. М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен docs.google.com сайтында сауалнама жүргізіліп, 106 студент қатысып, жауаптары сараланып, студенттік би ансамбльдерінің жетекшілерінен сұхбаттар алынды. Гарвард университетінің Asian American Dance Troupe (AADT), Harvard Ballet Company би ұжымдарының тәжірибесі талданды. Зерттеу нәтижелерін саралай келе, студенттердің сыни ойлау дағдысын дамытуға бағытталған авторлық ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, студенттік би ұжымдарын дамытудың бірнеше негізгі бағыттарын қамтитын жүйелі тәсілдер айқындалды. Қорытындылай келе, студенттік би ұжымдарының қатысушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және орындаушылық қабілеттерін ғана дамытуда маңызды роль атқармай сыни ойлау қабілеттерін дамытудың бірден бір жолы екендігіне көз жеткіземіз.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Мадина Омарова әңгімелерін ЖОО-да оқыту әдістемесі
    (Al-Farabi Kazakh National University, 2025-03-28) ;
    Бұл мақала арқылы жоғары оқу орындарында кең қолданылып, етек алған дәстүрлі және заманауи оқыту әдістерінің бір жерге шоғырланып, өзіндік мақсатқа жеткендігін көреміз. Қазақ жазушыларының, оның ішінде, тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттелетін болады. Прозаны зерттей отырып, көркемдік ізденістері мен оқыту әдістемесіндегі оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қарастыратын боламыз. Яғни оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселесі қозғалады. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу көзделеді. Мақаланың мақсаты – бірқатар тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдебиеттану ғылымына қосқан педагогикалық үлесі және шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – әңгімелерді әдеби талдау түрлерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді қамтамасыз етсе, тәжірибелік мәні – зерттеу жұмысының нәтижесін жоғары оқу орны студенттері, магистранттар мен докторанттар және әдебиеттанушылар, әңгіме жанрға қатысты зерттеулерінде пайдалана алады. Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: теориялық, типологиялық көзқарас, тарихи-әдеби, педагогикалық және эксперименттік. Жазушы әңгімелерін жоғары оқу орын студенттеріне оқып талдауға жаңа технологияларды пайдалану ерекшелігі мен маңыздылығы қарастырылады. Мадина Омарова, Бибігүл Иманғазина, Айгүл Кемелбаева, Аягүл Мантай, Лира Қоныс, Роза Мұқанова сынды қазақ прозасына өзіндік таңба қалдырып, өзіндік ізін жалғаған қаламгерлеріміздің шығармаларын ЖОО-да оқытудың жаңаша әдістемесі қарастырылады. Талдау көркем шығарманың образдық жүйесін (басты кейіпкер, қалған кейіпкерлердің бас кейіпкердің мінезін түсінуге қалай көмектесетіні), басты мәселені анықтауға жүгінеді. Жазушының әңгімелерін зерделеу барысында студенттерді проблемалық, танымдық тапсырмалар тиімді ұсынылады. Мақаланың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар әңгімелерді оқыту әдістеме саласының дамуы мен қалыптасуына, сондай-ақ ЖОО-да оқытудың әдістемесіне қатысты зерттеулерді толықтырып, тереңдетуге ықпал ететіндігінде. Мақалада келтірілген ғылыми тұжырымдар әңгіме шығарма жанрына қатысты, көпшілікке ұсына алатын әңгімелерді оқытуға негізделген, оқыту әдістемесінде өзіндік орын алатын маңызға ие. Зерттеу нәтижелері ЖОО-да оқытудың әдістемесі негізінде құнды дереккөз болмақ. Түйін сөздер: көркем әдебиет, көркем шығарма, әдеби талдау, ұлттық құндылықтар, әңгімелерді ЖОО-да оқыту әдістемесі, проблемалық оқыту, инновациялық әдіс-тәсілдер.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ИТАЛЬЯНДЫҚ ПРУСТЫҢ (CALLIPTAMUS ITALICUS L.) ТІРШІЛІК ЕТУ ОРТАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТТЫҚ ТАРАЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
    (Kazakh National Agrarian Research University, 2025-03-30)
    Aizhan Akmullayeva
    ;
    Қаламқас Құланбай
    ;
    ; ;
    Жетісу облысының Алакөл, Ақсу, Көксу, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 2022-2024 жылдары итальяндық шегірткеге көктемгі, көктемгі-жазғы, жазғы, күзгі жүйелі есеп жүргізу және жергілікті популяциясының жылдық динамикасын анықтау жұмыстары бойынша ауыл шаруашылық аумақтарында қазіргі уақытта итальяндық шегіртке (Calliptamus italicus L.) санының басымдылығы анықталды. Итальяндық шегіртке дернәсілдерінің жазғытұрғы қоныстануы кезіндегі санын есептеу (көктемгі-жазғы мониторингтік тексеру). Зерттеу жұмысы белгіленген аумақтарда дернәсілдер шыға бастағаннан бастап, жою шаралары басталғанға дейін жүргізіледі. Есепке алынған аумақтың көлеміне байланысты итальяндық шегірткенің негізгі тіршілік ететін жерлері қамтылған, арақашықтығы шамамен 100-300 м-ге дейін созылған есеп жүргізу бағыттары анықталды. Шегіртке дернәсілінің тығыздығына қарай шабындық биотобының өнімділігі бақылау нұсқасымен салыстырғанда тәжірибеде 5 дана/м2 болғанда 4,8%, 10 дана/м2 – 15,8%, 15 дана/м2 – 28,3% кемейтіндігін байқаймыз, яғни бұл шегірткелер саны 10-15 дана/м2 болғанда олар биотопқа экономикалық зияндылық келтіретіндігі дәлелденді. Зертханалық жағдайда итальяндық шегірткенің қоректенуі кезінде 4-8 дана/м2 еркекшөп – (Agropyrum sibiricum ), жатаған бидайық - (Elytrigia repens), тырса селеу – (Setaria glaucal), солтүстік қара сұлы – (Avena septentrionalis ) және жаздық бидай – (Triticum aestivum) жабайы арпа – (Hordeum spontaneum) өсімдіктері 5% зақымдалды. Ал 12-16 дана/м2 кезінде аталған өсімдіктердің зақымдалуы 75-100% жетті. Сонымен қатар изен – (Kochig Roth. Scoparia), баданалы қоңырбас – (Poa bulbosa ), экспарцет – (Onobryhis viciafolia), далалық жоңышқа – (Medicogo sariva ) және ақбас түйе жоңышқа – (Melilitus albus) өсімдіктері 5-25% дейін зақымдалды. Далалық шырмауық – (Convolvulus arvensis), бір жылдық жусан – (Artemisia annua), ащы жусан – (Artemisia absinthium) мүлдем зақымдалмады.
    Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ҚАСКЕЛЕҢ ШАТҚАЛЫНЫҢ ФЛОРАСЫНДАҒЫ VERONICA SPICATA L. ЖӘНЕ VERONICA SPURIA L. ТҮРЛЕРІНІҢ ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
    (Al-Farabi Kazakh National University, 2025-06-24)
    Бекзат Тыныбеков
    ;
    Еркебұлан Балқыбек
    ;
    M. Nurtayeva
    ;
    Nurlan Baimurzaev
    ;
    Мақала Іле Алатауының Қаскелең шатқалының флорасындағы V. spicata L. және V. spuria L. түрлерінің қазіргі жағдайын зерттеуге арналған. Бұл мақалада Veronica spicata және V. spuria түрлері популяцияларының флорасына таксономиялық, экологиялық және географиялық талдау жасалған. Қаскелең флорасындағы V. spicata және V. spuria ценопопуляцияларының жастық құрылымдарының талдауы. Іле Алатауының шатқалдары олардың құрылымы біршама тұрақты және тың және генеративті өсімдіктер тобының басым екенін көрсетті. Зерттелетін ценопопуляциялардағы төменгі өсінділердің үлесі салыстырмалы түрде төмен және 2-ден 9%-ға дейін. V. spicata және V. spuria ценопопуляцияларының көпшілігі жас өсімдіктердің болмауымен және жетілмеген даралардың аз ғана пайызымен сипатталады, бұл соңғы бірнеше жылда жеткілікті тұқым жаңартуының болмауымен және жетілмеген өсімдіктердің тез ауысуымен байланысты. даралардың тың күйге ауысуы және ценопопуляциялардың басым бөлігінде кәрілік өсімдіктердің болмауы. Ценопопуляциялардағы V. spicata және V. spuria дараларының өміршеңдігіне негізінен тіршілік ету ортасының түрі әсер етеді. V. spicata және V. spuria ценопопуляцияларының зерттелген жастық құрылымы олардың Іле Алатауының Қаскелең шатқалының таулы-шалғындық және форб фитоценоздарының құрамындағы қанағаттанарлық жағдайын көрсетеді. Түйін сөздер: Veronica spicata, Veronica spuria, популяциялар, ценопопуляциялар, Қаскелең шатқалы, Іле Алатауы
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ДИАБЕТТІК РЕТИНОПАТИЯНЫ ЕМДЕУДЕ КӨЗ ТҮБІ ТІНДЕРІНЕ ЛАЗЕРЛІК ӘСЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
    (2025-06-28)
    Saya Sapakova
    ;
    Duriya Daniyarova
    ;
    Nurmaganbet Yesmukhamedov
    ;
    ;
    Р. Арманкызы
    Бұл жұмыс диабеттік ретинопатияны емдеуде лазерлік терапияны оңтайландыру мақсатында көздің түбі тіндеріне лазерлік әсерді математикалық модельдеуге арналған. Мақалада тіндердегі температураның таралуын модельдеу әдістері және лазердің параметрлерін пайдалана отырып, көз торына (сетчаткаға) тиімді әсер ету жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында лазерлік әсер кезінде жылу өткізгіштігін сипаттайтын дифференциалды теңдеулер және жылу әсерлерін болжауға арналған арнайы математикалық модельдер қолданылды. Моделдер лазерлік энергияның терең тіндерге таралуын, сонымен қатар лазердің әсерін бақылауды оңтайландыруды қамтамасыз етеді. Зерттеуде уақыт пен тереңдік бойынша температураның таралуын модельдеуге ерекше көңіл бөлінді, бұл лазердің параметрлерін (қуаты, импульс ұзақтығы, қарқындылығы) дәл баптауға мүмкіндік береді. Моделдеу нәтижелері тіндердің беткі қабаттарында температураның айтарлықтай тез көтерілуі және терең қабаттарда баяу таралуы байқалғанын көрсетті, бұл лазерлік әсерді дәл бақылаудың маңыздылығын растайды. Мақалада көз ауруларын емдеуде лазердің параметрлерін дұрыс таңдаудың маңыздылығы талқыланады, әсіресе диабеттік ретинопатияны емдеуде. Ұсынылған модельдер офтальмологиядағы лазерлік технологияларды әрі қарай дамытуға және лазерлік терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лазерлік әсерді тиімді қолдану үшін қосымша зерттеулер мен эксперименттер қажет екені көрсетілген.