Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 3 из 3
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ОҚУ ПРАКТИКАСЫ - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
    (Ablai Khan University, 2022-09-29) ;
    Білім берудегі теория мен практиканың өзара байланысы ХХ ғасырдың 80 жылдарының ортасында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты туындап, педагогика саласының маңызды ұстанымдардың біріне айналып, бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Теория мен практиканың өзара байланысы тұжырымдарын педагог ғалымдар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевскийдің дидактикалық мектептері білім берудегі құзыреттілікке жақын, яғни, білім алушылардың шығармашылық іс-əрекеттері идеяларын ұсынған. Бұл идея бүгінгі күнгі білім берудегі құзыреттілік тəсілге негіз болып, оқу практикалары арқылы жүзеге асырылуда. Құзыреттілік тәсілдің білім, білік дағдылардан айырықша ерекшелігі олар білім берудің нəтижесі ретінде іс-əрекет арқылы көрініс табады. Оқу практикасында білім алушылар теориялық білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар, олар кәсіби міндеттерін сапалы түрде орындау үшін бағдарлама материалдарын оқып-үйренуді ұйымдастыру тəсілдеріне бара-бар іс-əрекетті меңгеру және оны жүзеге асыру негізінде білім беру жағдаяттарын біртұтас модельдей алады. Бұл өз кезегінде білім алушыларды алған білімдерін өздігінен шығармашылықпен қолдануға үйретеді. ЖОО-ғы заманауи оқу үдерісінде оқу практикасы педагогикалық үрдістің біртұтас бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы географиядан оқу практикасы - білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу практикасы оқыту үдерісінде теория мен практиканы байланыстыра отырып, іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өйткені, практикамен бекітілмеген немесе дәлелденбеген теория кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, өзінің негізгі мән-мағынасын жоғалтатыны мәлім, ал теориялық негіздемесі жоқ практиканың тиімді әрі мақсаттқа бағытталған болуы да мүмкін емес. Оқу практикасынан өту кезінде білім алушы мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды, өйткені, оның кәсіби әрекеті практика барысында жетіледі. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында оқытудың практикаға-бағдарланған тәсілін жүзеге асыру арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қойылып отыр. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке практикалық дайындығы оқу-тәрбие жұмысы үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Мақалада географиядан оқу практикасы арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру іс-әрекеттік тұрғысынан талқыланады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КОНФЛИКТТЕРДІ ШЕШУДЕ ҚАЗАҚХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2024-12-01)
    М.А. Қуанәлі
    ;
    ; ;
    Г.К. Миркенова
    ;
    К.М. Раева
    Қазіргі қоғамда педагогикалық үдерістің қатысушылар арасында конфликттер жиі туады. Оларды шешу үшін халықтың даналығын мен мәдениетінің элементтерін қолдана білу маңызды. Бұл мақала конфликттік жағдайларды шешудің тиімділігін арттыру арқылы білім беру субъектілерінің тұлғалық қасиеттерін мен икемді дағдыларын дамыту процесіне арналған. Теориялық зерттеуде конфликт мәселесі бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттер талданды, осы ұғымның психологиялық мазмұны ашылды. Жоғары білім беру жүйесіндегі конфликттердің түрлері мен себептері анықталып, оларды шешудің тиімді әдістері зерттелді. Сонымен қатар, дәстүрлі мәдениет тәжірибесі -қазақ билерінің тәсілдері конфликттерді конструктивті шешу перспективасы ретінде қарастырылып, олардың психологиялық ерекшеліктері анықталды. Бастапқы эмпирикалық зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті-нің гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары студенттерінің психологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік. Эксперименттік топта жүргізілген әлеуметтік-психологиялық тренингтер кешені студенттердің конфликттік жағдайларда халық-тық даналықты тиімді қолдану тәсілдерін игеруіне ықпал етіп, өзін-өзі танытуына оң әсер етті.Зерттеу нәтижесінде оқу процесінде туындайтын конфликттік жағдайлар проблемаларды тиімді шешуді, қарым-қатынастарды реттеуді және үйлесімді тұлғааралық қатынастарды орна-туды қажет ететіні анықталды. Университеттерде кездесетін конфликттік жағдайларды болдыр-мау үшін біз кейде халықтық даналық пен әзілді қолдану пайдалы деген қорытындыға келдік.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СТУДЕНТТЕРГЕ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МОДУЛІ
    (2024-12-26) ; ;
    A.R. Abdykadyrova
    ;
    З.К. Уалиева
    Бүгінгі білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ қалыптастыру. ЖОО-дағы білім алушылардың болашақ педагог маман ретіндегі білім, біліктерін ғана емес, рухани білімдерін қалыптастыру Алаш зиялыларына арналған әдеби көркем шығармаларды оқу арқылы жүзеге асырылады. Алаштың ат төбеліндей нар тұлғалы азаматтарының, зиялы қауымды құраған ұлт қаймақтарының өлең, жыр шумақтарында өрнектелген өмірі мен ұрпаққа қалдырған мол мұрасын зерделеу өскелең буынның ұлттық санасын қалыптастырары сөзсіз. Поэзиялық туындылардағы Алаш зиялыларының бейнесін оқыту әдістемесінде жаңашыл оқыту әдісін қолдану оң нәтижелерге жетуге ықпалын тигізеді. Осыған орай, зерттеу жұмысында поэзиялық туындылардағы Алаш зиялыларының бейнесін оқыту үдерісінде заманауи оқыту моделі - 4К концепциясын қолданудың тиімділігін қарастыру көзделеді. Алаш зиялыларының поэзиялық шығармаларда бейнеленуін жаңашыл оқыту моделі арқылы қарастыру мақсатын көздеген жұмыста жүргізілген зерттеу нәтижелерінің негізінде автор тарапынан поэзиядағы арнау жанрының ерекшелігі анықталады, Алаш рухындағы ұйқасты шығармалардың мән-маңызы ашылады, 4К концептісінің поэзиялық шығармаларды оқыту барысындағы тиімділігі қарастырылады, сыни және шығармашылық ойлау, қарым-қатынас, ынтымақтастық құзыреттіліктерін Алаш зиялылылары туралы өлеңдерді оқытуда тиімді қолдану жолдары талданады, білім алушылардың қол жеткізген нәтижелері сараланып, нәтижесі шығарылады.