Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 10 из 13
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    «Айқап» журналындағы отаршылдыққа наразылық тақырыбындағы өлеңдер
    «Айқап» журналы қазақ баспасөз тарихында алар орны ерекше. Бұл мақалада «Айқап» журналына жарияланған отаршыл патша құрығынан елді қалайша аман сақтап қалу туралы күрделі де ірі мәселелерді көтеруімен бағалы болды. 1911-1915 жылдар аралығында бұл журанал арқылы Алаш зиялыларының заманның ығымен отырықшылыққа бет бұрған қазақтардың өкініші арқылы бір жағынан көшпелі қазақтың ата салты уағыздалса, бір жағынан келген келімсектердің озбырлығы шынайы сипатталған журнал болды. Сонымен қатар, бұл мақалада «Айқапта» жарияланған мақалаларды талдау отырып, астарлы мәндерін ашып, сарапта жасалынды. Газет бетінде жарық көрген әр автордың өлеңдеріндегі астардың мәні мен мақсаты толық талданды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ӨЗІН-ӨЗІ РЕФЛЕКСИЯЛАУ – АТА-АНАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01) ; ; ; ;
    Өзіндік рефлексия қазіргі қоғамда отбасылық қарым-қатынастарды жақсарту және ата- аналардың психологиялық мәдениетін дамыту үшін маңызды құрал ретінде қарастырылады. Бұл тақырып ата-аналардың тәрбиелік әдістерін жетілдіру, эмоцияларын басқару және зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланысты. Өзіндік рефлексия отбасындағы қауіпсіздік пен үйлесімділікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Зерттеудің мақсаты – өзіндік рефлексия механизмдері арқылы отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу және ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Зерттеу аясында өзіндік рефлексия ұғымы талданып, оның ата-аналардың эмоциялық күйін реттеудегі рөлі көрсетілген. Зерттеу барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық) отбасылар арасында 2600 респондентті қамтитын сауалнама жүргізіліп, алынған деректер өзіндік рефлексияның психологиялық мәдениетке әсерін анықтауға мүмкіндік берді. өзіндік рефлексияның психологиялық мәдениетке әсері бағаланды. Мақалада тұлғаның өзін-өзі тану арқылы өз даму әлеуетін арттыруына және тұлғалық өсуіне мүмкіндік беретін өзін-өзі рефлексиялау механизмдерінің теориялық және практикалық аспектілері талданады. Өзін-өзі рефлексиялаудың ата-аналардың өзін өзі танып, бақылай алуы мен психологиялық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, олардың отбасында конструктивті қарым-қатынас жасап, жанжалды басқару қабілеттерін жақсартудағы ықпалы мен маңызы тұжырымдалады. Зерттеу нәтижелері ата-аналардың өзіндік рефлексия жасау арқылы отбасындағы жанжал-дарды азайтып, балаларының психоэмоционалдық күйін жақсартатынын көрсетті. Бұл жұмыс отбасы психологиясы саласына маңызды үлес қосады және тәжірибелік қызметте қолдануға мүмкіндік береді. Бұл мақала ата-аналармен жұмыс жасаудағы жаңа тәсілдерді ұсынуға, отбасындағы үйлесімділікті арттыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған маңызды зерттеу ретінде қарастырылады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СКРИПТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
    (Ablai Khan University, 2025-03-01) ;
    Мақалада ұлттық ойындарға қатысты сакралды тілдік бірліктер ұйытқы болған екінші мағыналы скриптонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктері талқыланады. Әлеуметтік маңызы бар феномен ретінде ойын мен ғұрыптық рәсімдердің өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Осыған қатысты тілші, этнограф ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, халықтың рухани және шығармашылық салаларының барлығын қамтитын ұлттық ойындарды ғұрыптық рәсімдермен бір деңгейде қарастырдық.Күні бүгінге дейін этнограф, мәдениеттанушы, тілші ғалымдардың тарапынан ұлттық ойындар мен ғұрыптық рәсімдер, олардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп келеді. Алайда ұлттық бірегейлігімізді, рухани-мәдени болмысымыз бен құндылықтарымыздың көзі ғұрыптық рәсімдер мен салт-дәстүрлеріміздің, меркелер мен ойындарымызды тасымалдаушы, ұлттық жадымызды жаңғыртушы мәдени мәтіндерге байланысты қалыптасып, екінші мағынаға ие болған тілдік қолданыстар («скриптонимдер») зерттеу нысанына алынбай келеді. Осыған орай, ұлттық ойындарды халықтың сан ғасырлық тәжірибесінің айғағы, негізгі құндылықтарымызды сақтаушы және тасымалдаушы қор, кодтық элементтері бар мәдени мәтін деп қарастырып, олардың тілімізде қалыптасқан сакралды-символдық кодты бірліктерге, соның ішінде акционалды, заттық, вербалды, темпоралдық кодты скриптонимдерге ұйытқы болатыны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ұлттық ойындардың негізінде қалыптасқан екінші мәнді скриптонимдердің өзінің «табиғи» прототипімен мағынасы ұқсас болатыны анықталды. Мақалада ұлттық ойындарға қатысты, екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстарға сипаттамалық, этимологиялық талдау, мәліметтерге концептуалды және лингвомәдени түсінік беру әдістері қолданылады. Ұсынылған теориялық тұжырымдар қазақтың салт-дстүрлері, дәстүрлі атаулары туралы жазылған еңбектерден, көркем шығармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мысалдармен дәйектелді.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СТУДЕНТТЕРДІҢ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01) ; ;
    А. К. Искакова
    ;
    Galiya Z. Taubaeva
    Бұл мақала мазмұнында студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыру дағы педагогикалық мәселелер туралы қарастырылады. Зерттеу сипатында студенттер арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі субъективті идеяларын жүзеге асыруға болатын жәйттар көрсетіліп, студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша оқу-әдістемелік теориялық зерттеулер мен эксперименттік жұмыс жүргізіліп оның нақты нәтижелері сипатталады. Отбасылық құндылықтар, олардың түрлерінің маңыздылығы қарастырылады. Студенттердің адамгершілік сана-сезімін арттыру, отбасы құндылық ретінде түсіну, отбасылыққарым-қатынас, жанұядағы жанжалдарды бақылау, отбасында шешім қабылдауға белсенді қатысу үшін әдістер қолданылды. Теориялық тұрғыдан мазмұнды талдау, синтез, жинақтау, тексеру, диагностика және т.б. Жоғарыда айтылғандардың негізінде М. Рокичтің «Құндылықты бағдарлау» әдістемесін қолданудың тиімділігі көрсетіледі. Сонымен бірге, отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде ұйымдастырылған экспериментте отбасылық құндылықтардың қалыптасуының пайыздық көрсеткішін ұсынып отырмыз. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың өзгеру тенденциялары анықталды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    TIKTOK ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
    (2025-03-25)
    С.Ә. Бәкірова
    ;
    ;
    Жаһандану процесінде ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды, тілімізді, өнерімізді сақтай отырып, жаңа дәуірге бейімделу қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Заманауй ортада адами қасиеттерді қалыптастыруға, білім алуға, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға және т.б. факторларға әлеуметтік желілердің, платформалардың әсері артып келеді. Өнер - әлемді көркем бейнелерде бейнелейтін және адамға эмоционалды әсер ететін рухани мәдениеттің бір түрі. Өнер адамның ойлау жүйесі мен сезімдерін қалыптастыра отырып, оның дамуына жан-жақты әсер етеді. Қазіргі таңда өнердің атқаратын функциялары қайта қарастырылып, қоғамдық сананы әлеуметтік желілермен қатар қалыптастыруда. Хореография өнерінің танымдық мүмкіндіктері шексіз және адамның рухани өмірінің басқа салаларымен алмастырылмайды. TikTok әлеуметтік желісі адаманың өміріне еніп, қоғамның барлық салаларымен бірге дамып келеді. Сондықтанда, жан-жақты пәнаралық зерттеулерді талап етеді. Зерттеу барысы үш кезеңде жүргізілді. Шет елдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдау, хореография өнері саласының мамандарымен сауалнама жүргізу, платформаны белсенді қолданатын хореографтармен сұхбат жүргізу. Зерттеу нәтижесінде TikTok платформасының хореограф мамандардың кәсіби қызметінің бір саласына айналғандығын көреміз. Сонымен қатар, хореография өнеріне тигізетін тиімді және тиімсіз тұстары анықталып, би өнерін әрі қарай дамыту үшін қолдануға ұсыныстар жасалды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ФИЛОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
    (Kokshetau State University, 2025-03-26) ; ;
    Marat Azhgaliyev
    Бұл мақалада Қазақстандағы болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану мәселесі зерттеледі. Ғаламдану және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдалануға дайын жаңа буын мұғалімдерін қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу мақсаты – болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзыреттерін дамытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Негізгі идеялар АКТ-ны оқу процесіне интеграциялау қажеттілігі және филологиялық пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістерін қайта қарауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлауда АКТ-ны қолданудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтауда жатыр. Практикалық маңыздылығы АКТ-ны білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеуде көрініс табады. Зерттеу әдістемесі ғалымдардың идеяларын талдау, салыстыру, жүйелеу сияқты теориялық әдістерді және бақылау, сауалнама жүргізу, мұғалімдер мен студенттердің АКТ қолдануын бағалау сияқты эмпирикалық әдістерді қамтиды. Зерттеу жүргізу барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің филология факультетінің 85 студентіне сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері АКТ қолдану болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлау сапасын арттыруға, олардың лингводидактикалық құзыреттерін дамытуға және кәсіби өсуге деген ынтасын жоғарылатуға ықпал ететінін көрсетті. АКТ оқу процесінде маңызды құрал болып табылатыны және материалды жақсы меңгеруге ықпал ететіні анықталды. Зерттеу филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосады, АКТ-ны білім беру процесіне интеграциялау және болашақ мұғалімдерді даярлау тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар ұсынады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АҒЫН СУЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН ҚОРҒАСЫН МЕН МЫРЫШТЫҢ МӨЛШЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
    (Kazakh National Agrarian Research University, 2025-03-30) ; ; ; ;
    Алматы қаласының ағын суларындағы синтетикалық заттардың мөлшері туралы нақты мәліметтер жетіспесе де, ағын сулардың ластануы туралы жалпы ақпарат жеткіліксіз. Бұл зерттеу адам денсаулығы мен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда таза судың маңыздылығына назар аударуға бағытталған. Зерттеу барысында Алматы қаласындағы кран суы, жаңбыр суы және Есентай өзенінің суларының ластану деңгейлерін салыстырып, олардың сапасына баға берілді.Судың химиялық құрамын зерттеу рН деңгейін анықтау және масс-спектрофотометр әдісін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде, кран суының рН деңгейі 8, жаңбыр суының рН деңгейі 6, ал Есентай өзенінің суының рН деңгейі 7 болды. Масс-спектрофотометр әдісінің нәтижесі бойынша, кран суындағы қорғасын мөлшері жаңбыр суымен салыстырғанда 50%-ға төмен, ал Есентай өзенінің суында жаңбыр суымен салыстырғанда 90%-ға жоғары болды. Мырыш мөлшері жағынан жаңбыр суы кран суымен салыстырғанда 73,33%-ға жоғары, ал кран суы Есентай өзенімен салыстырғанда 42,84%-ға жоғары болды. Алматы қаласының ағын суларындағы синтетикалық заттардың мөлшерін бақылау және мониторинг жүргізу маңызды. Бұл сулардың сапасын анықтау және ластануды төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін қажет. Зерттеу нәтижелері судың сапасын жақсарту қажеттігін және оның экологиялық қауіпсіздігін бақылау маңызды екенін көрсетті.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ: АЯГҮЛ МАНТАЙ ӘҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ
    (Ablai Khan University, 2025-06-01) ;
    Мақалада жоғары оқу орындарының филология бағытындағы білім беру үдерісінде кең қолданылатын, әрі әдебиеттану шеңберінде тиімділігі дәлелденген тәсілдер қарастырылады. Қазақ әдебиетіндегі, әсіресе тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттеу нысанына алынып, олардың көркемдік ізденістері мен шығармашылық ерекшеліктері зерделенеді. Проза жанрын талдау барысында әдеби үдерістегі жаңашылдықтар мен тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктерге назар аударылады.Қазіргі әдебиеттану негізінде әңгіме жанрын ғылыми тұрғыда талдау, жазушылардың көркемдік концепциясын айқындау көзделеді. Мақаланың мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдеби кеңістіктегі маңызын ашып көрсету және олардың шығармалары арқылы қазіргі қазақ прозасының даму бағыттарын айқындау.Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – прозалық мәтіндерге талдау жасау арқылы жаңа тұжырымдар ұсыну болса, тәжірибелік мәні – зерттеу нәтижелерін әдебиеттанушылар, магистранттар мен докторанттар өз еңбектерінде пайдалана алады.Аягүл Мантай шығармашылығындағы ерекше сипаттар мен көркемдік айшықтарды талдау арқылы қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары мен жанрлық-мазмұндық өзгерістерін аңғаруға болады.Тақырыпты ашу барысында келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: теориялық және типологиялық талдау, тарихи-әдеби көзқарас, интерпретация. Жазушы әңгімелерін тақырыптық және көркемдік тұрғыдан саралау арқылы олардың қазақ прозасындағы орны мен маңызын айқындауға болады. Аягүл Мантай шығармалары – қазақ қоғамындағы тұрмыс пен қала өмірінің тоғысқан тұстарын бейнелейтін, автордың жеке шығармашылық ойлау жүйесі арқылы көрініс тапқан туындылар. Прозалық мәтіндердің ерекшелігі де осындай шынайылық пен көркемдік тұтастықта жатыр.Мақаланың ғылыми маңыздылығы – жазушы прозасындағы көркемдік жүйені саралау арқылы қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарына жаңа қырынан баға беруінде. Әдеби талдауға негізделген ғылыми тұжырымдар әңгіме жанрына қатысты жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері қазіргі қазақ прозасын зерттейтін филолог-ғалымдар мен әдебиеттанушылар үшін маңызды дереккөз бола алады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БИОЛОГИЯНЫ CLIL ӘДІСІМЕН ОҚЫТУДАҒЫ ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
    Мақалада CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдісі арқылы биология пәнін ағылшын тілінде оқыту кезінде қолданылатын формативті бағалаудың маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Зерттеу барысында формативті бағалаудың әртүрлі түрлерінің (мысалы, критерийлер бойынша кері байланыс, өзін-өзі бағалау, топтық жұмыс бағалау) оқушылардың білім деңгейі мен тілдік дағдыларын арттырудағы рөлі талданады. CLIL әдісінде мазмұн мен тілді біріктіре оқытудың артықшылықтары ашылып, биология сабақтарында ағылшын тілін меңгеруге ықпал ететін формативті бағалау әдістері ұсынылады. Зерттеу нәтижелері бойынша, үздіксіз кері байланыс пен диагностикалық бағалау оқушылардың әлсіз жақтарын дер кезінде анықтауға және оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады. Мақалада CLIL-технологиясын қолданудың тиімді үлгілері келтірілген. Осындай бағалау жүйесінің білім сапасын арттырудағы және оқушы жетістігін қамтамасыз етудегі рөлі дәлелденеді. В статье рассматривается важность и эффективность формативного оценивания при обучении биологии на английском языке с использованием метода CLIL (интегрированное обучение предмету и иностранному языку). В ходе исследования анализируется роль различных видов формативного оценивания (таких как обратная связь по критериям, самооценка, оценивание в групповой работе) в повышении уровня знаний и языковых навыков учащихся. Раскрываются преимущества интеграции содержания и языка в рамках метода CLIL, а также предлагаются методы формативного оценивания, способствующие овладению английским языком на уроках биологии. По результатам исследования, непрерывная обратная связь и диагностическое оценивание позволяют своевременно выявлять слабые стороны учащихся и совершенствовать учебный процесс. Кроме того, данный подход повышает интерес к предмету и развивает критическое мышление. В статье приводятся эффективные примеры применения CLIL-технологии. Доказывается роль такой системы оценивания в повышении качества образования и обеспечении успеха учащихся. The article explores the importance and effectiveness of formative assessment in teaching biology in English using the CLIL (Content and Language Integrated Learning) method. The study analyzes the role of various types of formative assessment (such as criteria-based feedback, self- assessment, and group work evaluation) in enhancing students’ knowledge and language skills. The advantages of integrating content and language through the CLIL approach are revealed, and formative assessment strategies that support English language acquisition in biology lessons are proposed. According to the study findings, continuous feedback and diagnostic assessment help identify students’ weaknesses in a timely manner and improve the learning process. Moreover, this approach increases students’ interest in the subject and fosters critical thinking. The article presents effective examples of using CLIL technology, demonstrating the role of such an assessment system in improving education quality and ensuring student success.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС: ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
    Жүгері – дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі дақылдардың бірі. Жүгерінің биоалуантүрлілігін сақтау үшін дәстүрлі селекция әдістерін молекулалық генетикамен үйлестіру, тұқым банктерін кеңейту және фермерлердің біліктілігін арттыру қажет. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және климаттық өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді. 2023 жылы жүгері сүрлемі алқаптарында қуықтың ластануы (Ustilago zeae) мен агроөнімділік көрсеткіштерінің тұрақтылығын зерттеу мақсатында 12 үлгіге комплексті талдауы жүргізілді. Нәтижелер бойынша ауру ауырлығының үлгілер арасында айтарлықтай айырмашылықтар (p < 0,001), сонымен қатар ауруға төзімділіктің жоғары тұқым қуалаушылық индексі (Hb² = 0,82) анықталды. Өсімдік биіктігі 182–330 см аралығында өзгерді, ең биік 4 үлгі (Туран 680 SV, Туран 480 SV, Қазақстанский 700 SV, Қазақстанский 705 S0) бөлінді. Ustilago zeae-ге төзімділік бойынша үлгілер екі топқа бөлінді: 5 үлгіде өте әлсіз залалдану (1% дейін) және 7 үлгіде әлсіз залалдану (1–10%). 1000 дәннің массасы 226–330 г аралығында, ең жоғарғы өнімділік Алтай 250 МV (330 г) және Будан 237 МV (310 г) үлгілерінде байқалды. Зерттеу нәтижелері жүгері селекциясын жетілдіру және аурумен күресудің тиімді әдістерін әзірлеу бағыттарына негіз болып табылады. Түйін сөздер: жүгерінің биоалуантүрлілігі, устойчивость, 1000 дәннің массасы, астық өнімділігі, сипаттамалық статистика