Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
23 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ В ПРЕПОДАВАНИИ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА: ВЛИЯНИЕ ОТКРЫТЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПЛАТФОРМ В ОБУЧЕНИИ ЯЗЫКУВ постоянно развивающемся образовательном ландшафте интеграция технологий значительно изменила традиционные методы обучения. Одна из наиболее важных областей, подверженных изменению парадигмы – это методология обучения языку. В настоящее время платформы онлайн-образования стали мощным инструментом, позволяющим эффективно и доступно изучать язык. Широкое распространение интернета и растущее количество цифровых ресурсов открыли новую эру в лингвистике, предоставив учащимся беспрецедентные возможности овладеть различными лингвистическими навыками, общаться со спикерами по всему миру и адаптировать учебный процесс в соответствии с их личными предпочтениями. Целью исследовательской работы является раскрытие развития цифровой революции в контексте глобальных онлайн-платформ для изучения языка и способы их исследования. В статье были приведены мнения отечественных ученых и методистов, занимающихся методикой преподавания казахского языка как иностранного языка, об эффективных методах и методиках преподавания языка. В связи с тем, что сейчас ведется изучение методики преподавания казахского языка через открытые образовательные платформы, проведен теоретический анализ методики преподавания языка мировыми учеными как иностранного через открытую образовательную платформу и кратко рассказано о проектах ученых в данном направлении. В заключении статьи сделан вывод, что рынок языкового обучения в мире развивается с помощью новых технологических возможностей через широкое использование интернета и мультимедиа, крайне необходимо изучить мировые открытые образовательные платформы в обучении казахскому языку как иностранному и создать языковые платформы, ориентируясь на самые передовые модели. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ ТҰЛҒАСЫН САХНАЛАУДАҒЫ КӨРКЕМДІК-ТАРИХИ ШЫНДЫҚБұл мақалада ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тұлғасы сомдалған пьесалардағы көркемдік-тарихи шындық мәселесі зерделенеді. Осы орайда Мағжанның өміріне қатысты Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Абақты-ғұмыр», Виктор Шалаевтың «Мағжан соты», Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат», Алмас Нүсіптің «Мағжан», Жұмагүл Солтиеваның «Әйел махаббаты» пьесалары зерттеу нысанаға алынды. Алаш зиялысы ретінде Мағжан Жұмабаевтың тұлғасын сахналаудағы тұстары арнайы қарастырылып, әрбір драматургтің өзіндік шеберлік деңгейіне де назар аударылды. Осы туындылардағы басты кейіпкер Мағжанның бейнесі арқылы көрініс тапқан алаш зиялыларының тұлғасы қаншалықты тарихи шындықпен байланысып жатқаны ашып көрсетіледі. «Абақты-ғұмыр» туындысындағы Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов; «Мағжан соты» пьесасындағы Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Сәкен Сейфуллин; «Жүз жылдық махаббат» пьесасындағы Сәкен, Бейімбет, Ілияс; «Мағжан» туындысындағы Бернияз Күлеев пен Мұхтар Әуезов есімдерінің ардақталуы негізсіз еместігі талданады. Саяси қуғынға ұшыраған ұлт зиялыларының тағдыры сахналанған кейбір пьесалардағы ортақ ұқсастықтардың болуы да, олардың алынған фактілердің дұрыстығын нақтылап көрсететіндігімен ерекшеленетіні де сөз етілді. Пьесалардағы тарихи тұлғалардың көркемдік шындықпен қабысып жатқандығына баса назар аударылды. Республикалық, аймақтық театр сахналарында толығымен қойылған драмалық қойылымдардың маңызы да қамтылды. Кілтті сөздер: Ұлттық мүдде, зиялылар, алаш идеясы, тұлға, ақын, сахналық қойылым, т.б. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Кейс технологиясын білім беру процесінде пайдалану(2024-04-19) ;Мадина АхилбековаКейс технологиясы – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруіне негізделген, интерактивті әдістің бір түрі ретінде, студенттер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен студенттер өз беттерінше теорияны меңгере отырып практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студенттер ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады. Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАТЕМАТИКАДАҒЫ МӘНМӘТІНДІК ЕСЕПТЕР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ(2024-06-01); ; Мақалада мектепте математика сабақтарында мәнмәтіндік есептерді шығару оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылып, оның күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі жағдайларға тигізетін әсері туралы баяндалады. Мақаланың өзектілігіматематикалық білімді ғылымның әртүрлі салаларында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қарқындықолдану мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың функционалды математикалық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселеге жүгінуді қажет ететіндігімен байланысты. Заманауи білім берудің нәтижесі бұл жеке тұлғаның өз бетімен жаңа және үздіксіз білім алуын қамтамасызететін ақпараттық ағындарды бағдарлау, білімді талдау, қолдану және түрлендіру сынды біліктермен анықталады. Мұның бәрі функционалдық сауаттылық ұғымының мәнін анықтайды. Математикалық сауаттылық оның құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылар осындай білім беру нәтижелеріне қол жеткізулері үшін математиканың ғылыми мазмұнын, оның ерекшелігін, басқа пәндермен байланысын ашатын мәнмәтіндік есептерді жиі шығарып үйренулері керек. Жалпы оқушыларға мәнмәтіндік есептердің қолданбалы сипаты нақты өмірлік, тұрмыстық жағдайлардың мәселелерін шешуде қолдануларында байқалады. Мақалада мәнмәтіндік есептердің анықтамасына тоқталып, оның деңгейлері мен әдіс-тәсілдері көрсетілген. Зерттеу тақырыбына сай орта мектеп оқушыларынан алынған сауалнама нәтижелері диаграмма арқылы анықталған. Нәтижелерге сүйене отырып мектепте мәнмәтіндік оқытудың оңтайлы және осал тұстары туралы айтылып, оны шешудің жолдары көрсетілген. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ХӘКІМ АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫ ХХІ ҒАСЫР КОНТЕКСТІНДЕ(Ablai Khan University, 2024-09-27) ;Д.Б. Мухамадиев; ;Г.А. АбдукаримоваГ.Т. ТанабаеваБұл мақалада қазақтың ұлы кемеңгері, хәкім Абайдың «толық адам» концепциясы қазіргі жаһандану дәуірінде жоғалып бара жатқан рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, жоғымызды түгендеп, жан әлемін тазарту мен кемелдендіру бағытындағы құнды рухани ілім екені айқындалады. Ойшыл Абайдың аталмыш ілімі арқылы ақынды ғана танып қоймаймыз, өз-өзімізді танып, рухани дағдарыстан шығатынымыз сараланады. Мақаланың мақсаты –хәкім Абайдың «толық адам» концепциясын бүгінгі жаһандану талаптары туғызып отырған жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеу. Ойшыл ілімінің мәні мен мағынасын, рухани құндылығын, өмірде практикалық тұрғыда қолданылуын саралау мақаланың өзектілігін көрсетеді. Көрнекті абайтанушы ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметұлы хәкім Абайдың «толық адам» іліміне айрықша назар аударып, күрделі ұғымдарға талдау жасап, мәнін ашып берді. Ғалымның бүгінгі қоғамға аса қажетті «толық адам» концепциясының маңызын үздіксіз насихаттап келе жатқан қажырлы еңбегін пайымдау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында ойшылдың ілімін зерттеп, ғылыми мәні терең еңбектер жазып жүрген ғалымның зерттеулерін, пайымды тұжырымдарын саралау жұмыстары жүргізілді. Ойшылдың «толық адам» концепциясын зерделеген профессор М.Мырзахметұлының ғылыми тұжырымдарына және әдебиеттанушы ғалым жүйелеген данышпан ілімінің теориялық-практикалық қолданылу аясына талдау жасау мәселесі мақаланың негізгі бағыты мен идеясын айқындайды.Мақаланың ғылыми тұжырымы мен нәтижелері әдебиеттанушы, абайтанушы ғалымдар мен қоғамдық ғылым салалары мамандарының зерттеулеріне дереккөз бола алады. Орта, арнаулы орта оқу орындарындағы факультативтік сабақтар мен жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнін оқыту барысында қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады. Мақаланы жазу барысында ғылыми талдау, жүйелеу, кешенді талдау, сипаттамалық және аналитикалық әдістер, ғылыми әдіснамалар басшылыққа алынды.Зерттеу мақаланың нәтижелері қоғамдық ғылымдар салаларында бірқатар курстар мен семинарларда хәкім Абайдың «толық адам» ілімін зерделеу, түсіндіру, насихаттау барысында теориялық-практикалық тұрғыдан пайдалы болатынын айрықша атап өтуге болады.Бүгінгі жаһандану дәуірінде хәкім Абайдың «толық адам» концепциясын жан-жақты, кешенді түрде зерделеу қажеттігі туындап отырғанын білеміз. Аталған ілімнің қазақ даласында дүниеге келген құндылық екенін мақтанышпен айта аламыз. Алдағы уақытта берісі түркі әлемінің рухани айнасына, арысы жаһандық ізгілік ілімі болып насихатталып, адамзаттың игілігіне қызмет ететін рухани құбылыс екенін пайымдау мақаланың құндылығы әрі жұмыс қорытындысының практикалық маңызы деп білеміз. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, О. БӨКЕЙ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СТЕРЕОТИПТЕР (О. БӨКЕЙ “ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ” ӘҢГІМЕСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)Мақалада «Кейіпкер ішкі әлемін бейнелеудің психологиялық аспектілері (Оралхан Бөкей шығармаларының негізінде)» атты докторлық диссертациялық жұмыс шеңберінде Оралхан Бөкей әңгімелерінің кейіпкер ішкі әлеміндегі құбылыстар арқылы автор мен кейіпкер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар, қоршаған орта мен қоғамның кейіпкер мінезіне әсер етуін әдебиеттанушылар мен психологтардың теориялық еңбектеріне сүйеніп, стереотипке толы қоғам қалыптастырған адам бейнесін ашу –мақаланың негізгі мақсаты. Мақалада шығармадағы басты кейіпкер Жеңісханның өз аузымен баяндаған әңгімесінен кейіпкердің өзі түсінбеген мінезі мен іс-әрекеттерін талдау нысанаға алынған. Мақаланың өзектілігі –адамның мінезіне психологиялық талдау жасауда теориялық зерттеулермен қатар, көркем шығармадағы кейіпкер мінезінен адамды танып, оның ішкі әлеміне терең еніп, әр түрлі конфликттер мен шешімдер арқылы психологиялық өзгерістерді көрсете білуінде. Мақалада Оралхан Бөкейдің кейіпкері танымындағы стериотиатерге талдау жасау арқылы адам бойындағы, қоғамдағы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастардағы стериотиптер айқындала түседі. Қарапайым адамның өміріндегі стереотиптер адамды нендей әрекеттерге апарары шығармада айқын көрсетілген.Зерттеудің теориялық бөлімінде О.Бөкей шығармашылығына қатысты зерттеу жұмыстары қарастырылып, әңгімелерінде қазақ халқына тән ұлттық стереотиптер айқын көрінетіндігі, кейіпкер мінезіне тікелей әрі жанама әсер еткен стереотиптердің адам психологиясын қалайөзгертетіні баса назарға алынады. Әңгімедегі детальдер –басты кейіпкердің түсі, көршісінің айтқан бір ауыз сөзі, әйелінің күрсінуі сияқты кейіпкерге қатысты әрекеттер басты кейіпкердің стереотипті ойлауынан туындағаны, қоғамның бейсаналы қысымы кейіпкердің ішкі толғаныстарынан көрінеді.Зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде әдебиеттанушылар мен психологтардың еңбектерінің негізінде психоанализ әдісі, герменевтикалық әдіс, мотив талдау әдістері қолданылды. Автор мен кейіпкер арасына психологиялық параллель жүргізу арқылы талдау жасалды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУӘДІСІ - СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҚҰРАЛЫБұл мақалада жоғары оқу орындарында әдебиетсабағында студенттерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін іздестіру, заманауи технологияларын қолдану мәселесіқозғалады. Қазіргіпедагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу, қазақәдебиеті шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру және әдебиеттіоқытудағы проблемалық оқыту әдісінің тиімділігін көрсетукөзделеді. Зерттеудің мақсаты – әдебиет сабақтарында проблемалық оқытуды қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – зерттеуде алынған нәтижелер қазақәдебиеті шығармаларын проблемалық оқыту әдісіне байланысты тұжырымдамаларды толықтырады.Мақаланың практикалық мәні – бұл зерттеулерді жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Мақаладапроблемалық оқыту және оқытуда проблемалық жағдаяттарды құру бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер зерттеліп, талданды; студенттің дамуына ықпал ететін проблемалық жағдаяттарды құрудың ең тиімді жолдары мен әдістері іздестірілді.Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: бақылау, сауалнамажәнеэксперименттікоқыту. Қазақәдебиеті пәні бойынша50 болашақ мұғалім-респонденттеріпроблемалық оқытуды қаншалықты жиі қолданатынын, білім алушыға сабақ беру барысындаәртүрліәдістерді қолдана отырып, анонимді онлайн сауалнама жүргізу арқылы зерттеуге қатысты.Педагогикалық университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін көркем мәтінді түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.Мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде теориялық және практикалық материалдардың қолданылуын, білім алушылардың тақырып бойынша семинарларға дайындала алуын, оқытушылардың әдебиет сабақтарында қолдана алуын айта аламыз.Зерттеу проблемалық оқыту заманауи оқыту стратегиясы ретінде студенттердің әдебиет сабағында танымдық әрекетін белсендіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл студенттерді мәселеге танымдық көзқарасы бар тұрғыдан қарайтын субъект позициясына қояды, сонымен бірге олардың шығармашылық дағдыларынжәне мәтінді түсінуге сыни көзқараспен қарау дағдысындамытады.Цитирования (OpenAlex) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢАТА-АНАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУҒылыми мақалада ерекше білім беру қажеттілігі барбалалардың ата-аналарының психо-логиялық хал-ахуалы мен мінез-құлық ерекшеліктері сипатталған. Осы бағыттағы ғылыми, тәжірбиелік эксперименттік зерттеу нәтижелерінің мысалдары қоса берілген. Сондай-ақ ата-аналардың ерекше балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты процеске араласуына ұсыныла-тын іс-шаралар мен негізгі психологиялық аспектілер қарастырылған. Ата-аналар мен педагог-тар арасындағы коммуникацияны жақсартуға ықпал ететін тиімді әдістер мен тәсілдер және ерекше балаларға қолдау көрсету үшін жағымды орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілген. Дамыған бірқатар мемлекеттерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың отбасымен жұмыс бірізділеніп, ата-аналарға психологиялық қолдау білдіру мәселелері жаңа сипатқа ие. Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балалардың отбасын қолдау жұмыстарының жаңа бағыт-тары, отбасыларына көмек көрсетудің пәнаралық және кәсібилік жағы дами бастаған, тіпті жаңа мамандық иелерінің дүниеге келуіне де себепші болған. Осы орайда ата-аналарды психология-лық қолдау жұмыстарын жандандыру маңыздыміндет болып саналады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ: БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕГІ САПАНЫ АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ(Kazakh National Pedagogical University, 2024-12-01) ;Amina Amirova; Қоғам мен ғылымда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті оқушылардың жеке басын қалыптастыру саласындағы заманауи білім беру саясатын өзектендіреді. Бұл жағдайда бастауыш мектеп оқушылардың өзіндік іс-әрекеті мен жеке жауапкершілігінің білімі, дағдылары мен тәжірибесінің тұтас жүйесін қамтамасыз етеді. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балалар арасындағы өзін-өзі бағалау мен оқу үлгерімі арасындағы байланысты зерттеу болды. Зерттеу әдістемесі мен әдістері. Зерттеудің негізінде жүйелік, жеке, құндылық-әдістемелік және белсенділік тәсілдері жатыр. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау түрлерін және ұмтылыс деңгейін зерттеу кіреді. Зерттеуге 107 оқушы қатысты. Анықтау кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының қалыптасу деңгейіне диагностика жүргізілді. Оқу кезеңінде когнитивті, бағалау және мінез-құлық компоненттерін жақсарту үшін бірқатар педагогикалық жағдайлар жүзеге асырылды. Авторлар нәтижесінде келесі ұғымдарды анықтайды: өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері, бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауы, ұмтылыс деңгейі, бағалау критерийлері. Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының қалыптасу деңгейін диагностикалау бағдарламасы ұсынылған. Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының көрсеткіштері (когнитивті, бағалау, мінез-құлық) және қалыптасу деңгейлері (төмен, жоғары) анықталды. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру үшін педагогикалық жағдайларды жүзеге асыру бойынша эксперименттік жұмыстың нәтижелері келтірілген. Бұл жағдайларға: бастауыш сынып оқушыларын өзін-өзі тану процесіне қосу, рефлексивті қызметке біртіндеп тарту, олардың критериалды бағалауды қалыптастыруға қатысуы жатады. Алғаш рет бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал ететін педагогикалық жағдайлар ұсынылды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Балалар теледискурсы: коммуникаторлар тіліндегі орфоэпиялық норма көрінісі(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2024-12-28); ; Zhuparkul AulbekovaМақалада «Balapan» арнасының телебағдарламалары теледискурс ретінде қарастырылды. Теледискурс жайлы зерттеулерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеулер жалпы теледидар тіліне байланысты болып келеді, ал телеконтенттердегі балалар дискурсы туралы ізденіс жұмыстарының жоқ екені байқалды. Осыдан келіп, балалар теледискурсын зерттеудің өзектілігі айқын және жоғары деп саналады. Бұл мақалада «Balapan» телеарнасы бағдарламаларындағы балалар теледискурсының орфоэпиялық нормаға сай немесе сай еместігі қарастырылды. Нәтиже Speech Analyzer әдісінің көмегімен айқындалды. Телекоммуникатордың көтеріңкі және төменгі дыбыстау қарқынының сегменттері сурет арқылы көрсетілді. Балалардың сценарий бойынша сөйлеген сөздері ауызша дыбыстау ережелерімен сәйкестігі айқындалды. Лингвистиканың тілді медиаконтенттерде дұрыс қолданудың теориясы мен практикасына орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеу бойынша белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Қазақ тілінің акустика-артикуляциялық табиғатын сақтау үшін орфоэпиялық норманы ескере отырып, сөйлеуді қалыптастыру қажет. Бұл ұлттық тілдің өміршең болуына көп пайдасын тигізеді. Ұсынылып отырған мақалада қазіргі тіліміздегі сөздердің айтылудағы дыбыс қарқыны, ырғағы және әуезді айтылымы көрсетіліп, өзгерістер суреттер арқылы беріледі. Суреттегі сипаттамалардан қазіргі қазақ сөзінің балалар дискурсындағы айтылымын анық байқауға болады, осы арқылы әрі қарай мақсатты түрде қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтау қажеттігі көрінеді.Цитирования (OpenCitations) 1
