Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
109 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ БЕЙНЕСІ(2022-02-20); Мақалада әдеби, тарихи және фольклорлық дерек көздер – Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстағы оқиғаларды көзімен көргендердің әңгімелері, өлеңдері және олардың естеліктері келтіріледі. Хан Кененің ерлік әрекеттері суреттелген поэмалар талданады. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақтар көтерілісінің себебін анықтау үшін жүргізілген жұмыстар негізінде сараланады. М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасы талданып, көркемдік шешімі көрсетіледі. Кенесары ханның отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілуінің саяси сипаты анықталып, қазақ тарихындағы прогрессивті рөлі айқындалады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚЫЗЫЛҚҰМ КҮЙШІСІ АҚБАЛА ЖАНҒАБЫЛҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АРНАУ КҮЙЛЕРДомбыра күйлерінің туындауы – әр өңірдің табиғатына, өмір сүру салтына, күйші-домбырашының орындаушылығына тән болып келеді және осымен байланысты домбыра күйлерінің өңірлік ерекшелігі айқындалады. Осы орайда анда-санда айтылып, оқта-текте жазылып жүрген Қызылқұмның күйшілік дәстүріне аз-кем тоқталсақ. Қазақ совет энциклопедиясында Қызылқұм шөлі – Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Оның үштен бір аумағынан астамы Қазақстанда. Солтүстік батысы Арал теңізіне дейін, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратау тауларына ұласады деген Қызылқұмның қазіргі Қазақ еліне тиесілі бөлігінің көпшілігі Қызылорда облысында екені белгілі. Ертеректе бұл аймақты Сыр бойы деп атаған. Сыр бойындағы жырау-жыршылық пен күйшілік дәстүр "Қыр мен Сырға", яғни Қызылқұм мен Сырдария бойына тегіс тарап дамыған. Құмның қазағы, Сырдың қазағы деп, өзіміз бөліп тастайтынымыз болмаса, әншілік пен күйшілік дәстүрде көзге көрініп, құлаққа ұратындай айырмашылық жоққа тән. Әр өнерпаздың өзіне ғана тән орындаушылық ерекшелігі болса да, жалпы Сыр бойының дәстүрі деп аталады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, SESENDİK WORDS IN ISLAMIC PERIOD LITERATUREТүркі халықтарының Х – ХІІ ғасырлардағы әдебиеті тарихта ислам дәуірі әдебиеті деген атпен белгілі болды. Қазақ шешендік өнерін ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарының халқымыздың ұлы перзенті энциклопедист-ғалым, философ, әдебиет зерттеушісі, математик, музыка теоретигі, ақын Әбу Насыр әл-Фарабиден басталғаны белгілі. Мақалада ислам дәуіріндегі шешендік сөздер жайында кеңінен баяндалады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ТВОРЧЕСКИХ СПОСОБНОСТЕЙ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ НА ОСНОВЕ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ(Ablai Khan University, 2022-06-28); ;А.Е. Бибатыр ;А.Ш. МанабаеваГ.А. АбдурахмановаВ статье развитие творческих способностей будущих специалистов рассматривается как инструмент саморазвития, основное содержание общественной жизни человека и его отношение к логическому мышлению. В процессе совершенствования творческих способностей будущих специалистов текущая реформа высшей школы связана с переходом на обучающую парадигму. Помимо профессионального творчества, в ходе исследования были представлены и творческие вопросы в науке. Предложены пути определения их структуры в процессе совершенствования творчества, психологического типа приобретаемых знаний, вида деятельности, вытекающих из внутреннего плана действий по ее развитию. Здесь можно разрабатывать дискурсивные и интуитивные решения развития научных проблем. В сфере профессионального образования будущие специалисты имеют возможность творчески охарактеризовать свои идеи и способствовать самореализации в современном обществе через продуктивный труд. В целях повышения уровня творческого потенциала он ввел важный фактор успешной реализации национальных ценностей. Выявлена основа новой парадигмы общества в целом не только в связи с изменением характера и сущности творческого труда, но и в экономике. Представлена модель процесса творческой самореализации на основе декоративно-прикладного искусства будущего специалиста. Результаты предложенной модели показали будущим специалистам путь перехода на более высокий уровень самореализации в сфере декоративно-прикладного искусства. Рассмотрено изменение мотивов, способствующих развитию личности, совершенствованию методов труда, формированию ответственного отношения к нему, формированию необходимой творческой трудовой позиции. Представлены основные направления творчества в декоративно-прикладном искусстве, а также учтено особое значение неповторимого колорита, цвета, направления, стиля, техники исполнения в профессиональном образовании. В исследовании выявляются возможности использования будущими специалистами эффективных способов развития отдельных творческих компонентов, основанных на национальных ценностях, в процессе обучения. Рассматривая и анализируя исследования отечественных и зарубежных ученых по совершенствованию творческих способностей будущих специалистов, он пришел к выводу о необходимости актуализации содержания профессионального образования, концепции практической направленности в развитии творческих идей, ориентации на национальные ценности, в том числе на декоративно-прикладное искусство. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІАвтор мәдени жады призмасы арқылы ұлт және ұлттық бірегейлік мәселелеріне деген заманауи көзқарасты қарастырып, жаһандану контексінде ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы мәдени мұраның, соның ішінде би өнерінің орнына талдау жасайды. Көшпелі өркениеттің бай рухани мұрасы өнердің барлық классикалық түрлерінің өркендеуіне негіз болды. Бүгінгі таңда да дәстүрлі этномәдени кодтар жаңа өзекті формаларға ие болуда және қарқын дамуда. Мақалада ұлттық би қозғалыстарының ерекшеліктері мен маңыздылығы қарастырылған. Бір қозғалыстарда халықтың көркемдік бейнелі ойы, көзқарасы мен дүниетанымы көрініс тапқан болса, кейбір қозғалыстар еңбек процесіндегі адамның қозғалысын көрсетіп, басқалары қазақ ою-өрнектерін сипаттайды. Кейбір қозғалыстар табиғат құбылыстарын, құстар мен жануарлардың қимылдары мен әдеттерін пластикалық түрде бейнелейді. Сонымен қатар би өнерінде қазақ халқы жарқын болашақ туралы армандарын бейнеледі. Қиын жағдайда өмір сүрсе де адамдар жақсылықтың жеңісіне сеніп, сол сенімді ән мен билер арқылы бейнеледі. Сондықтан ұлттық хореографиялық фольклорды халық мәдениеті тұрғысынан түсіну өте маңызды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БОС УАҚЫТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫБос уақытты ұйымдастыру барысында мәдени-сауықтыру мекемелерінің атқаратын рөлі зор. Мақалада мәдени-сауықтыру мекемелерінің алғышарттары мен артықшылықтары туралы жан-жақты ғылыми тілде зерттеулер жүргізілген. Бос уақытты немесе жалпы адамдардың, студенттердің мәдени-тынығу уақытын ұйымдастыруда мәдени-сауықтыру мекемелерінің маңызы туралы зерттеулер келтірілген. Сонымен мәдени-сауықтыру мекемелерінің түрлері және атқаратын қызметі туралы жазылған. Мақаланы жазу барысында нақты келтірілген дәлелдер мен зерттеулерге, ғылыми жұмыстарға жүгіндік. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЖҮРЕК АУРУЫН БОЛЖАУ(Mukhametzhan Tynyshbayev ALT University, 2022-10-28); ;Кassymbek Ozhikenov ;Айдана Еркебай ;Chingiz A. AlimbayevAiman K. OzhikenovaМүгедектік пен өлім деңгейінің жоғары болуына байланысты жүрек-қан тамырлары ауруларын дер кезінде анықтау маңызды мәселе болып отыр. Бұл мақалада машиналық оқыту алгоритмдерін қолданып электрокардиосигналды өңдеу арқылы жүрек ауруын болжауға зерттеу жүргізілген. Жалпы, зерттеу барысында әртүрлі машиналық оқыту алгоритмдерімен 50000-нан астам сандық эксперимент жүргізілді. Салыстырмалы талдау негізінде машиналық оқытудың үлгілері мен әдістері таңдалып, ең жоғары жақсы көрсеткіш нәтиже берді. Зерттеуге келесі әдістер қолданылды: тірек векторлық машинасы, шешімдер ағашы, Байес классификаторы, логистикалық регрессия, k-жақын көршілер, кездейсоқ орман, терең нейрондық желілер. Таңдалған модельдер параметрлерді анықтау және тиімді қолдану үшін ұсынылды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ГЛИКЕМИЯ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ҮШІН ЭЛЕКТРОКАРДИОСИГНАЛДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ(Mukhametzhan Tynyshbayev ALT University, 2022-12-01); ;Zhansila Orynbay ;Айдана Еркебай ;Дильфуза АхмедоваNurlan A. BayanbayҚандағы глюкоза деңгейінің тұрақсыз болуы адамда қант диабеті, қатерлі ісік, бүйрек және жүрек ауруларын тудырады. Адам өмірі жүректің дұрыс жұмыс жасауымен, жүрек соғысының тұрақтылығымен тікелей байланысты. Ал жүрек қызметін тұрақты бақылау қатерлі аурулармен ауыратын адамдар үшін маңызды. Қандағы глюкоза деңгейі жүрек қызметінің бұзылуына әкелуіне байланысты глюкоза деңгейін тұрақты бақылап отыру қажет. Глюкоза деңгейін инвазивті түрде, саусаққа ине сұғу арқылы анықтау үздіксіз анықтауға мүмкіндік бермеуі, науқас үшін ауыр және инфекцияға ұшырату мүмкіндігінің болуына байланысты инвазивті емес анықтаудың тиімді әдісін жетілдіру маңызды. Бұл мақалада қандағы глюкозаның деңгейіне байланысты жүрек қызметінің өзгерістерін анықтау үшін инвазивті емес әдіс ЭКГ арқылы анықтау қолданылды. ЭКГ арқылы қандағы глюкоза деңгейін анықтауға байланысты әдістер мен зерттеулерге және нәтижелерге талдау жасалынды. Зерттеу барысында ЭКГ арқылы анықтау үшін 5 сау қатысушыға екі күн бойы эксперимент жүргізілді. Бірінші күні қатысушылар 75 г сусыз глюкоза ерітіндісін тұтынса, екінші күні қатысушылар сусыз глюкоза ерітіндісін тұтынған жоқ. Екі күн бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша сау адамдар сусыз глюкоза ерітіндісін тұтынған жағдайда қандағы глюкоза деңгейінің өзгеретіндігі және ЭКГ нәтижелеріне әсер ететіндігі анықталды. ЭКГ нәтижелері мен глюкометрмен алынған нәтижелердің ұқсастығы мен айырмашылығы салыстырмалы түрде зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша қандағы глюкозаның деңгейіне байланысты өзгеріске ұшырайтын ЭКГ аралықтары анықталды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МЕКТЕП–ЖОО ЖҮЙЕСІНДЕ ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ(2022-12-15) ;А. К. Искакова ;И. И. Раимжанов ;А. А. АйдарбековаШ. С. Зейтова"Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде сабақтастықты жүзеге асыру мәселесі зерттеледі. Мақаланың мақсаты: мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау. Зерттеуде іс-әрекет және құзыреттілік тұғырларының интеграциясы, жүйелілік-синергетикалық тұғыр, транспәндік тұғыр әдіснамалық негіз ретінде алынды. Авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыру мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын теориялық талдау мен ортақ бір жүйеге келтіру, сонымен қатар педагогикалық зерттеудің теориялық және практикалық әдістерін қолданады. Мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастықты жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау үшін конструктивизм педагогикасының негізгі принциптері ескерілді. Зерттеу барысында: 1) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруға әсер ететін факторлар айқындалды; 2) сабақтастыққа берілген қазіргі ғылыми түсініктемелерге сәйкес оқытуда осы приннципті жүзеге асырудың жолдары анықталынды; 3) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруда жобалық және транспәндік оқыту технологияларын қолдану негіздері дәлелденді; 4) транспәндік тұғыр негізінде дидактикалық материалдарды әзірлеудің жаңа үлгісі ұсынылды. Қорытындылай келе, авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың бірнеше әдістемелік шарттарын ұсынады. Кілтті сөздер: физика; сабақтастық принципі; оқытудың транспәндік технологиясы; жобалық оқыту технологиясы; әдістемелік жүйе." - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, STUDY OF THE QUALITY OF A SYNBIOTIC FERMENTED MILK PRODUCT WITH ISOMALT(Research and Production Center of Microbiology and Virology, 2023-03-16) ;К.Т. ӘДІЛОВА ;Elmira Kuandykovna Assembayeva ;К.А. МЫРЗАБЕК ;А.Е. РябоваZaure Zhunusovna SeidakhmetovaТамақ өнеркәсібінің басым бағыттарының бірі құрамында синбиотиктер және төмен гликемиялық индексі бар функционалды өнімдердің технологияларын дамыту болып табылады. Синбиотиктерді қолдану ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге ықпал етеді, ал сахарозаны изомальтпен ауыстыру арқылы гликемиялық индекстің төмендеуі мүмкін. Йогурт бұл мәселені шешу үшін оңтайлы өнім болып табылады. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты изомальтты қосу арқылы синбиотикалық йогурттың технологиясын жасау болды. Мақалада изомальтпен синбиотикалық йогурт алудың технологиялық циклі берілген. Сонымен қатар физика-химиялық, органолептикалық, реологиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелері берілген. Қосымша суда еритін витаминдердің құрамы зерттелді. Алынған нәтижелерді талдау өнімнің ашытылған сүт өнімдеріне қойылатын талаптарға сай екендігін көрсетті. Суда еритін витаминдердің мөлшерінің жоғарылауы байқалды. Микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде патогенді микрофлора табылмады, бұл оның қауіпсіздігін көрсетеді. Дегенмен, жарамдылық мерзімі сақтау шарттарымен сәйкес келеді. Осылайша, жүргізілген зерттеулер пребиотик – изомальттың сүтқышқылды өнімдердің органолептикалық, физика-химиялық, реологиялық, микробиологиялық көрсеткіштеріне оң әсер ететінін көрсетті.
