Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МЕКТЕП–ЖОО ЖҮЙЕСІНДЕ ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ(2022-12-15) ;А. К. Искакова ;И. И. Раимжанов ;А. А. АйдарбековаШ. С. Зейтова"Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде сабақтастықты жүзеге асыру мәселесі зерттеледі. Мақаланың мақсаты: мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау. Зерттеуде іс-әрекет және құзыреттілік тұғырларының интеграциясы, жүйелілік-синергетикалық тұғыр, транспәндік тұғыр әдіснамалық негіз ретінде алынды. Авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыру мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын теориялық талдау мен ортақ бір жүйеге келтіру, сонымен қатар педагогикалық зерттеудің теориялық және практикалық әдістерін қолданады. Мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастықты жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау үшін конструктивизм педагогикасының негізгі принциптері ескерілді. Зерттеу барысында: 1) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруға әсер ететін факторлар айқындалды; 2) сабақтастыққа берілген қазіргі ғылыми түсініктемелерге сәйкес оқытуда осы приннципті жүзеге асырудың жолдары анықталынды; 3) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруда жобалық және транспәндік оқыту технологияларын қолдану негіздері дәлелденді; 4) транспәндік тұғыр негізінде дидактикалық материалдарды әзірлеудің жаңа үлгісі ұсынылды. Қорытындылай келе, авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың бірнеше әдістемелік шарттарын ұсынады. Кілтті сөздер: физика; сабақтастық принципі; оқытудың транспәндік технологиясы; жобалық оқыту технологиясы; әдістемелік жүйе." - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СТУДЕНТТЕРДІҢ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР(Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01); ; ;А. К. ИскаковаGaliya Z. TaubaevaБұл мақала мазмұнында студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыру дағы педагогикалық мәселелер туралы қарастырылады. Зерттеу сипатында студенттер арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі субъективті идеяларын жүзеге асыруға болатын жәйттар көрсетіліп, студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша оқу-әдістемелік теориялық зерттеулер мен эксперименттік жұмыс жүргізіліп оның нақты нәтижелері сипатталады. Отбасылық құндылықтар, олардың түрлерінің маңыздылығы қарастырылады. Студенттердің адамгершілік сана-сезімін арттыру, отбасы құндылық ретінде түсіну, отбасылыққарым-қатынас, жанұядағы жанжалдарды бақылау, отбасында шешім қабылдауға белсенді қатысу үшін әдістер қолданылды. Теориялық тұрғыдан мазмұнды талдау, синтез, жинақтау, тексеру, диагностика және т.б. Жоғарыда айтылғандардың негізінде М. Рокичтің «Құндылықты бағдарлау» әдістемесін қолданудың тиімділігі көрсетіледі. Сонымен бірге, отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде ұйымдастырылған экспериментте отбасылық құндылықтардың қалыптасуының пайыздық көрсеткішін ұсынып отырмыз. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың өзгеру тенденциялары анықталды.
