Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
3 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері: әдебиеттерге шолу(2026-07-01) ;М.Б. Уакасова ;Alena Garber; Мақалада психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері қазіргі психологиялық ғылым контекстінде жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеу психология-лық денсаулық ұғымының мазмұндық құрылымын, оның негізгі ғылыми бағыттарын және әртүрлі теориялық мектептердегі интерпретацияларын талдауға бағытталған.Әдебиеттергешолу жасау барысында отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері салыстырмалы түрде қарастыры-лып, психологиялық денсаулықтың негізгі компоненттері мен оны сақтауға ықпал ететін факторлар (стресс, тұлғалық ресурстар, құндылықтық бағдарлар, әлеуметтік қолдау және психо-логиялық әл-ауқат) жүйеленді. Сонымен қатар, психологиялық денсаулықты түсіндірудегі патогенетикалық және салютогенетикалық тәсілдердің ерекшеліктері айқындалды.Теориялық талдау нәтижесінде психологиялық денсаулықты сақтау адамның бейімделу қабілеті, өзін-өзі реттеу деңгейі және тұлғалық ресурстардың белсенділігімен тығыз байланысты екені көрсетілді. Әсіресе, стресс-менеджмент, психологиялық қорғаныс механизмдері және құндылықтық бағдар-лар психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі факторлар ретінде сипатталды.Мақала психологиялық денсаулықты зерттеудің заманауи ғылыми бағыттарын жүйелеуге мүмкіндік беріп, оның құрылымдық-мазмұндық моделін түсінуге теориялық негіз қалыптасты-рады. Алынған нәтижелер болашақ эмпирикалық зерттеулерді жоспарлауға және психология-лық денсаулықты сақтау бойынша практикалық бағдарламалар әзірлеуге негіз бола алады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психологиялық ерекшеліктері(2026-07-01) ;A. B. Mоldagasimova; ; Мақалада буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психо-логиялық ерекшеліктері қарастырылады. Қазіргі қоғамда буллинг балалар мен жастардың психикалық денсаулығына елеулі қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде кеңінен зерттелуде. Буллингке ұшыраған тұлғалар эмоционалдық күйзеліс, мазасыздық, депрессиялық симптомдар, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, әлеуметтік оқшаулану және психо-соматикалық бұзылыстар сияқты жағымсыз психологиялық салдарларға жиі тап болады.Зерттеу нәтижелері буллинг құрбандары мен бақылау тобы арасында психологиялық денсаулық көрсет-кіштері бойынша айқын айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, буллинг құрбандарында психологиялық дистресс деңгейі (GHQ-28) жоғары, депрессиялық симптомдар (BDI-II) орташа деңгейге жақын, мазасыздық көрсеткіштері (Спилбергер–Ханин шкаласы) едәуір жоғары, ал өзін-өзі бағалау (Розенберг шкаласы) айтарлықтай төмен екені анықталды. Сонымен қатар корреляциялық талдау нәтижелері буллинг деңгейі мен депрессия (r=0,62), мазасыздық (r=0,58) арасында оң байланыс бар екенін, ал өзін-өзі бағалаумен теріс байланыс (r=-0,66) бар екенін көрсетті.Алынған нәтижелер буллингтің психологиялық денсаулыққа әсері тек қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді сипатқа ие екенін растайды. Буллинг тәжірибесі тұлғаның когнитивтік бағалау жүйесіне, эмоционалдық тұрақтылығына және әлеуметтік бейімделуіне теріс ықпал етеді. Мақаланың мақсаты –буллинг құрбандарының психологиялық денсаулы-ғының клиникалық-психологиялық ерекшеліктерін теориялық және эмпирикалық тұрғыдан талдау, сондай-ақ олардың психикалық саулығына әсер ететін негізгі факторларды анықтау.Зерттеу нәтижелері буллингтің құрбандарында мазасыздықтың, депрессиялық көріністердің, жоғары психологиялық дистресстің және өзін-өзі бағалаудың төмендеуініңбасым екенін дәлел-дейді. Алынған мәліметтер буллингтің алдын алуға және оның психологиялық салдарын азай-туға бағытталған психологиялық көмек көрсету бағдарламаларын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Студенттердің психологиялық парасаттылығы мен тұлғалық қасиеттерінің өзара байланысы(2026-07-01) ;Д.Е. Абдраманова ;А. Р. Ерментаева; Қазіргі жоғары білім беру кеңістігінде студент тұлғасының психологиялық ресурстарын, әсіресе оның өзін-өзі тану, рефлексия және эмоциялық реттеу қабілеттерін зерттеу маңызды ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Осы тұрғыда ұсынылып отырған зерттеу студенттердің психологиялық парасаттылығы мен тұлғалық қасиеттері арасындағы өзара байланысты эмпирикалық тұрғыда анықтауға бағытталған. Психологиялық парасаттылық тұлғаның ішкі психикалық процестерін түсінуі, өз тәжірибесін саналы талдауы және мінез-құлқының себеп-салдарлық байланыстарын ұғыну қабілеті ретінде қарастырылады.Зерттеуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-2 курсында білім алатын 266 студент ерікті түрде қатысты. Зерттеу барысында Psychological Mindedness Scale(Conte және т.б.) және «Үлкен бестік» тұлғалық сауалнамасы қолданылды. Айнымалылар арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті пайдаланылды, ал мамандықтар арасындағы айырмашылықтарды бағалау үшін топаралық салыстырмалы талдау жүргізілді. Статистикалық өңдеу SPSS бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды.Зерттеу нәтижелері психологиялық парасаттылықтың адалдық пен тәжірибеге ашықтық сияқты тұлғаның жағымды қасиеттерімен тұрақты оң байланысқа ие екенін көрсетті. Сонымен қатар, нейротизм психологиялық парасаттылықтың жекелеген рефлексиялық компоненттерімен теріс байланыс байқатты. Мамандықтар бойынша салыстыру нәтижесінде педагогика және психо-логия мен мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары арасында психологиялық парасаттылық деңгейінде статистикалық мәнді айырмашылық анықталды.Алынған нәтижелер психологиялық парасаттылықтың көпөлшемді, интегративті психологиялық құрылым екенін дәлелдейді және оның тұлғалық жетілу, эмоциялық тұрақтылық пен әлеуметтік тиімділікпен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Зерттеу қорытындылары студент жастардың тұлғалық дамуын қолдауға бағыт-талған психологиялық бағдарламаларды әзірлеуде теориялық және практикалықмаңызға ие.
