Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУДА ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ АСПАПТЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ(2026-03-01); ; Мақалада бүгінгі цифрландырудың өзекті мәселесі сөз болған. Мұнда білім беру үдерісінің барлық деңгейіне жаңа екпін беретін цифрлық бағдарламаларды ендіру, оларды оқытудың жаңа цифрлық мазмұнын жетілдіру үшін қолданудың маңыздылығы мен тиімділігі, оқу үдерісін ұйымдастыру мен дамытудың жаңаша әдістемелік жолдары, цифрлық технологиялардың мәні мен мазмұнын осы саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып айқындайды. Сонымен бірге музыка сабағының мұғалімдерін кәсіби даярлауға қажет қазақтың халық күйлерінің ноталық жазбаларының цифрлық платформалардағы қолжетімділігінің бүгінгі жағдайы талданады.«Финал» музыкалық бағдарламасы негізінде Қазақстан компо-зиторларының ноталық жазбаларын цифрландыру» атты ішкі қаржыландыру жобасының негізгі мақсаты қазақтың халық аспаптық шығармаларының (күйлердің) ноталық жазбаларын қайта теріп, таңдамалы туындылардың жинағы етіп баспадан шығару және пайдаланушыларға қолжетімді болатын мүмкіндік тудыру мәселесі айтылады. Бұл музыкалық ноталық бағдарламаныны әрбір кәсіби маман өзінің тәжірибесінде тиімді пайдалануы маңызды екеніне, бағдарламаны шағын ансамбльдер мен оркестр жетекшілерінің, дирижерлар, музыкалық шығармаларды өңдеуші мамандар, сазгерлер, музыка пәнін жүргізетін педагогтардың цифрлық оқыту үдерісінде шеберліктерін шыңдауға, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне таптырмас құрал болатынына назар аударылады. Сонымен қатар «Финал» музыкалық бағдарламасында цифрлық ресурстар қорында жоқ аспаптық шығармаларды қайта теріп, редакторлап, электрондық кітапхана қорын толықтыруды негізгі мәселе ретінде қарастырады. Бұл жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуда қазақ халқының ғасырдан ғасырға мұра болып жеткен ән-күйлерінің жоғары сападағы жаңа бағдарламалары мен оқулықтарының қажеттілігі және оның маңыздылығы жайында терең талданады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, НАШАР КӨРЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЭТНОМУЗЫКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ(2026-03-01); ; Мақалада көру қабілеті бұзылған, оның ішіне нашар көретін 3–4 сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын халық музыкасы арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – халық музыкасының тәрбиелік әлеуетін айқындай отырып, оны арнайы білім беру жүйесінде адамгершілік тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау болды. Зерттеу барысында қазақ халық музыкасының мазмұнына тұлғааралық құндылықтар – достық, адалдық, сенім, мейірімділік, ізгі ниет, ар-ождан – тұрғысынан талдау жасалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – этномузыкалық материалдарды көру қабілеті бұзылған оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бейімделген әдістемелік үлгі ұсынуымызда. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістерді музыка сабақтарында, үйірмелерде және қосымша білім беру процесінде қолдануға болады. Зерттеу А.А. Радугинаның құндылықтар классификациясына және музыкалық білім беру мен арнайы педагогика саласының ұстанымдарына сүйене отырып жүргізілді. Адам қоршаған орта туралы ақпараттың басым бөлігін көру арқылы қабылдайды. Алайда көру қабілетінде бұзылыс болған жағдайда негізгі ақпаратты қабылдау процесі басқа анализаторлардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай жағдайда жетекші рөлді есту анализаторы атқарады. Тыңдау – көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық әрекетінде маңызды орын алатын негізгі механизмдердің бірі. Осы орайда музыка сабағының шығармашылық сипатта болуы – арнайы білім алушы оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады. Музыкалық шығарманы тыңдау барысында нашар көретін оқушылар оның мазмұнына, көркемдік-бейнелік ерекшеліктеріне назар аударады, шығармада берілген эмоционалдық көңіл күйді есту арқылы сезінеді. Тыңдалған материал негізінде оқушыларда өз ой-пікірін айту, музыкалық бейнені түсіну, оның мазмұнын бағамдау қабілеттері дамиды. Бұл үрдіс тек есту арқылы қабылдау қабілетін ғана емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытуда, музыкалық шығармалар арқылы рухани-мәдени дүниетанымды кеңейтуге мүмкіндік береді.
