Жарияланымдар / Публикации

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 6 из 6
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІ
    The greatest responsibility of every nation at any stage is to educate a healthy generation that will continue its business and life. The upbringing of future societies with a mature, intelligent, culturally and spiritually advanced generation is a great duty of the older generation to society. And education of folk traditions is a great way to educate young people as a capable citizen. The Kazakh people are the heirs of spiritual wealth. Ancient ancestors of our ancestors' silver-embossed silver rings, sunglasses, singing songs, prose-proverbs, sermons, and aitys of poetry for many centuries have made their generation eight-sided, mysterious, moral, and noble. bringing up a historical reality. It would be a good idea to educate the future generations of our country, to build on the traditions of our ancestors in their blood and soul, to bring them the most noble qualities of kindness, mercy, humility, courtesy, homeland, land and homeland. Today it is one of the most important tasks of formation of the national education, the best traditions, moral qualities of young people in the age-old, and its rational use. Therefore, the history and prospects of national culture, literature, language, folk pedagogy are related to the education of younger generation in the school. The golden cradle of the upbringing is a family.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ОРТА МЕКТЕПТЕ ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2023-12-01) ;
    А.Н. Юсуп
    Бұл мақалада орта мектепте фантастикалық шығармаларды оқытудың әдістемесі қарастырылады. Ұлттық әдебиетте негізі ауыз әдебиеті үлгілерінде мол кездескенімен, жанрлық түр ретінде ХХ ғасырда ғана қалыптасып, дамыған фантастикалық әдебиет мектеп бағдарламасына да кешігіп енді. Ең алдымен оқушылардың жас ерекшелігі мен таным деңгейін ескеру орынды. Оқуға жеңіл, оқиғасы қызық, іс-әрекеттер шұғыл, шешімдер күрт өзгеретін табиғаты өзгеше фантастикалық шығарма баланың қиялын дамытып, өзі күнделікті көріп жүрген қоршаған орта, өмір шындығынан бөлек, аса жоғары эмоционалдық күйге түсіретін болғандықтан да бағалы. Орта мектепте фантастикалық шығармаларды оқытудың ұлттық деңгейдегі тәжірибесі аз болғанымен, әлемдік білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибе, әдістер назар аударарлық. Алайда бұл жанрдағы шығармаларды оқытуда ұлттық таным мен халықтың көнеден келе жатқан сенім әлемінің ерекшеліктерін ескеру керектігі маңызды
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ОТАРЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ КӨРІНІСІ
    (Ablai Khan University, 2023-12-28) ;
    E. K. Sartbayeva
    ;
    Ryskul Borash
    Зерттеудің мақсаты – кеңес заманында жарық көрген дилогияның аллегориялық сипатын аша отырып, көркем туынды желісі бойынша қазақ жерін отарлау үдерісіне бойлау. Авторлық позицияны айқындауды негізгі бағыт ете отырып, авторлар тәуелді кезең туындыларына жаңаша көзқараспен қарап, интерпретациялау қажеттігі идеясын алға тартады. Сан жылдар бойы бұрмаланған дәстүріміз бен ұлттық болмысымызды тарихи қалың қабаттарынан аршып, індете зерттеп, құндылығымызды дәріптеу, тәуелсіз көзқарас тұрғысынан оң бағасын беру – зерттеудің өзектілігі болып табылады. Ғылыми жаңалығы – астарлы мағынада жазылған романды тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан пайымдап, қалың қабатын аршып көрсетіп, қаламгердің романды жазудағы басты мақсатын, ұлтына адалдығын, елжандылығын танытуында. Зерттеу нысанына жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясы алынды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы отарлық пиғыл мен мақсатты оқырманға түсіндіру арқылы авторлық шешімнің айқындалды. Тарихи фактілерге сүйене отырып, заман атмосферасын, тынысын, әлеумет өмірін айқын көрсету үшін автор кеңестік заманда осы туындыны мақсатты түрде жазған. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның жетістіктерін қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты арнайы курс, семинарларда, оқу құралын жазуда кеңінен пайдалануға болады. Жазушы шеберлігі мен өмір шындығы, ондағы көркемдік мұраттар, қазақ болмысы, дүниетанымы өзара байланыста қарастырылады. Осы бағытта тарихи, тарихи-мәдени, тарихи-типологиялық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуде геосаяси жағдайларға байланысты қазақ жерін отарлау процесі күрделі жағдайда өткені, оның қазақ халқының өміріне үлкен өзгерістер әкелгені, тұтас ұрпақтың психологиясына кері әсерін тигізгені ғылыми еңбектерге сүйене отырып талданып, айқындалды. Нәтижесінде романның өн бойында көрініс тапқан патшалық империяның отарлау; қазақ зиялылары мен ақсүйектерін кемсіту, мұқату, қорлау; қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алу; құнарлы жерге орыс даласынан келімсектерді әкеліп орналастыру; зиянды, кеселді қасиеттерін үйрету, жұқтыру сынды дүниелер әлеумет өмірі арқылы пайымдалды. Соның ішінде дала халқы тіршілігінің негізгі көзі болған жылқы түлігінен айыру арқылы қазақ рухының әлсіреуі мәселесі кеңінен пайымдалады. Зерттеудің құндылығы сол Ақан сері трагедиясына тереңдеу арқылы мәдениет, тарих, этнография, құқық саласына қажетті білім құндылықтары жүйеленді. Жұмыс қорытындысының практикалық маңыздылығы тоталитарлық жүйеге қарамастан отарлық пиғылды ашық көрсеткен ұлт жанашыры С.Жүнісов романының тарихи құндылығы, ұлт руханияты үшін маңыздылығы бағамдалды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СТУДЕНТТЕРГЕ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МОДУЛІ
    (2024-12-26) ; ;
    A.R. Abdykadyrova
    ;
    З.К. Уалиева
    Бүгінгі білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ қалыптастыру. ЖОО-дағы білім алушылардың болашақ педагог маман ретіндегі білім, біліктерін ғана емес, рухани білімдерін қалыптастыру Алаш зиялыларына арналған әдеби көркем шығармаларды оқу арқылы жүзеге асырылады. Алаштың ат төбеліндей нар тұлғалы азаматтарының, зиялы қауымды құраған ұлт қаймақтарының өлең, жыр шумақтарында өрнектелген өмірі мен ұрпаққа қалдырған мол мұрасын зерделеу өскелең буынның ұлттық санасын қалыптастырары сөзсіз. Поэзиялық туындылардағы Алаш зиялыларының бейнесін оқыту әдістемесінде жаңашыл оқыту әдісін қолдану оң нәтижелерге жетуге ықпалын тигізеді. Осыған орай, зерттеу жұмысында поэзиялық туындылардағы Алаш зиялыларының бейнесін оқыту үдерісінде заманауи оқыту моделі - 4К концепциясын қолданудың тиімділігін қарастыру көзделеді. Алаш зиялыларының поэзиялық шығармаларда бейнеленуін жаңашыл оқыту моделі арқылы қарастыру мақсатын көздеген жұмыста жүргізілген зерттеу нәтижелерінің негізінде автор тарапынан поэзиядағы арнау жанрының ерекшелігі анықталады, Алаш рухындағы ұйқасты шығармалардың мән-маңызы ашылады, 4К концептісінің поэзиялық шығармаларды оқыту барысындағы тиімділігі қарастырылады, сыни және шығармашылық ойлау, қарым-қатынас, ынтымақтастық құзыреттіліктерін Алаш зиялылылары туралы өлеңдерді оқытуда тиімді қолдану жолдары талданады, білім алушылардың қол жеткізген нәтижелері сараланып, нәтижесі шығарылады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Мадина Омарова әңгімелерін ЖОО-да оқыту әдістемесі
    (Al-Farabi Kazakh National University, 2025-03-28) ;
    Бұл мақала арқылы жоғары оқу орындарында кең қолданылып, етек алған дәстүрлі және заманауи оқыту әдістерінің бір жерге шоғырланып, өзіндік мақсатқа жеткендігін көреміз. Қазақ жазушыларының, оның ішінде, тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттелетін болады. Прозаны зерттей отырып, көркемдік ізденістері мен оқыту әдістемесіндегі оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қарастыратын боламыз. Яғни оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселесі қозғалады. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу көзделеді. Мақаланың мақсаты – бірқатар тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдебиеттану ғылымына қосқан педагогикалық үлесі және шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – әңгімелерді әдеби талдау түрлерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді қамтамасыз етсе, тәжірибелік мәні – зерттеу жұмысының нәтижесін жоғары оқу орны студенттері, магистранттар мен докторанттар және әдебиеттанушылар, әңгіме жанрға қатысты зерттеулерінде пайдалана алады. Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: теориялық, типологиялық көзқарас, тарихи-әдеби, педагогикалық және эксперименттік. Жазушы әңгімелерін жоғары оқу орын студенттеріне оқып талдауға жаңа технологияларды пайдалану ерекшелігі мен маңыздылығы қарастырылады. Мадина Омарова, Бибігүл Иманғазина, Айгүл Кемелбаева, Аягүл Мантай, Лира Қоныс, Роза Мұқанова сынды қазақ прозасына өзіндік таңба қалдырып, өзіндік ізін жалғаған қаламгерлеріміздің шығармаларын ЖОО-да оқытудың жаңаша әдістемесі қарастырылады. Талдау көркем шығарманың образдық жүйесін (басты кейіпкер, қалған кейіпкерлердің бас кейіпкердің мінезін түсінуге қалай көмектесетіні), басты мәселені анықтауға жүгінеді. Жазушының әңгімелерін зерделеу барысында студенттерді проблемалық, танымдық тапсырмалар тиімді ұсынылады. Мақаланың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар әңгімелерді оқыту әдістеме саласының дамуы мен қалыптасуына, сондай-ақ ЖОО-да оқытудың әдістемесіне қатысты зерттеулерді толықтырып, тереңдетуге ықпал ететіндігінде. Мақалада келтірілген ғылыми тұжырымдар әңгіме шығарма жанрына қатысты, көпшілікке ұсына алатын әңгімелерді оқытуға негізделген, оқыту әдістемесінде өзіндік орын алатын маңызға ие. Зерттеу нәтижелері ЖОО-да оқытудың әдістемесі негізінде құнды дереккөз болмақ. Түйін сөздер: көркем әдебиет, көркем шығарма, әдеби талдау, ұлттық құндылықтар, әңгімелерді ЖОО-да оқыту әдістемесі, проблемалық оқыту, инновациялық әдіс-тәсілдер.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ
    (Ablai Khan University, 2025-06-01)
    А. Қ. Казтаева
    ;
    ;
    А. Хуңшан
    ;
    Қазақ әдебиетіндегі Семей қасіреті тақырыбындағы көркем шығармалар – дәуір шындығын, тұтас ұлтқа жасалған зұлымдықты көркем бейнелейтін туындылар. Бұл шығармаларды қатігез қоғамнан қалған жан, тән жарасын көркемдік иін қандыра шеберлікпен суреттей алған туындылар деуге толық негіз бар. Зерттеудің тақырыбы – прозадағы экология мәселесі, мақсаты – ұлт өмірінде әбден толғағы жеткен, экологиялық зәру мәселені танып, суреттеген жазушы шығармаларының құндылығын, көркемдік ерекшелігін, дәуір шындығының көркем әдебиетте бейнелену үлгісін талдап, тану. Өзектілігі – қазақ халқына сан жылдарға кететін қасірет пен зауал әкелген қолдан жасалған қастандық жайында жазылған шығармалардағы тарихи шындық пен көркем шындықтың сабақтастығын көрсету. Зерттеуде салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Қазіргі әдеби туындылар табиғаттың әртүрлі аспектілерін, экологиялық проблемаларды және адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көрсете отырып, экологиялық дағдарыстың сын-қатерлеріне белсенді түрде жауап береді. Бұл тақырып заманауи экологиялық мәселелер тұрғысынан көркем шығармаларда қандай эстетикалық және этикалық мәселелер көтерілетінін талдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесі авторлардың экологиялық идеяларды жеткізуде қолданатын әдеби стратегиялары мен құралдарын анықтауға, сондай-ақ қоғамда экологиялық сананың қалыптасуына әдебиеттің әсерін қадағалайды. Зерттеу барысында авторлар Семей полигоны, оның жергілікті халыққа тигізген зардабы жөнінде жазылған туындыларды зерделей отырып, тақырыпты көркем игерудегі жазушылардың қол жеткізген шеберлік қырларын көрсете білген.Қазіргі әдебиет қаламгерлердің әлем алдында тұрған экологиялық мәселелерді көрсететін эстетикалық аренаға айналуда. Алдағы экологиялық дағдарыс, климаттың өзгеруі және биоалуантүрлілікке қауіп төнуі әдеби дискурстың ажырамас бөлігіне айналуда. Зерттеу нысаны ретінде Р.Нұрғалидың «Өлген тау», Б.Тілегеновтің «Қара жел», С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» шығармалары алынды. Зерттеу қазіргі жазушылардың экологиялық тақырыптарды қалай, қандай контексте және қандай әсермен қамтитынын жан-жақты талдауға бағытталуымен құнды. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижесін әдебиет, тарих, әлеумет, экология саласындағы зерттеу еңбектерде кеңінен пайдалануға болады. Зерттеудің маңыздылығы – алдағы уақытта постколониализм, әлеуметтану, экопроза бағытындағы зерттеулерге белгілі бір үлес қосады.