Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
4 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОҚУ ПРАКТИКАСЫ - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫБілім берудегі теория мен практиканың өзара байланысы ХХ ғасырдың 80 жылдарының ортасында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты туындап, педагогика саласының маңызды ұстанымдардың біріне айналып, бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Теория мен практиканың өзара байланысы тұжырымдарын педагог ғалымдар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевскийдің дидактикалық мектептері білім берудегі құзыреттілікке жақын, яғни, білім алушылардың шығармашылық іс-əрекеттері идеяларын ұсынған. Бұл идея бүгінгі күнгі білім берудегі құзыреттілік тəсілге негіз болып, оқу практикалары арқылы жүзеге асырылуда. Құзыреттілік тәсілдің білім, білік дағдылардан айырықша ерекшелігі олар білім берудің нəтижесі ретінде іс-əрекет арқылы көрініс табады. Оқу практикасында білім алушылар теориялық білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар, олар кәсіби міндеттерін сапалы түрде орындау үшін бағдарлама материалдарын оқып-үйренуді ұйымдастыру тəсілдеріне бара-бар іс-əрекетті меңгеру және оны жүзеге асыру негізінде білім беру жағдаяттарын біртұтас модельдей алады. Бұл өз кезегінде білім алушыларды алған білімдерін өздігінен шығармашылықпен қолдануға үйретеді. ЖОО-ғы заманауи оқу үдерісінде оқу практикасы педагогикалық үрдістің біртұтас бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы географиядан оқу практикасы - білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу практикасы оқыту үдерісінде теория мен практиканы байланыстыра отырып, іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өйткені, практикамен бекітілмеген немесе дәлелденбеген теория кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, өзінің негізгі мән-мағынасын жоғалтатыны мәлім, ал теориялық негіздемесі жоқ практиканың тиімді әрі мақсаттқа бағытталған болуы да мүмкін емес. Оқу практикасынан өту кезінде білім алушы мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды, өйткені, оның кәсіби әрекеті практика барысында жетіледі. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында оқытудың практикаға-бағдарланған тәсілін жүзеге асыру арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қойылып отыр. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке практикалық дайындығы оқу-тәрбие жұмысы үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Мақалада географиядан оқу практикасы арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру іс-әрекеттік тұрғысынан талқыланады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ – МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІЗаман талабына сай оқу үрдісінде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Заманауи негізгі міндеттердің бірі осы заманғы білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат ете отырып, сапалы білім мен білік алған бәсекеге қабілетті болашақ маман иегерін дайындау. Сонымен қатар теориялық білімін практикамен ұштастырып қолданысқа ендіру арқылы еліміздің дамып көркейуіне өз үлесін қоса алатын, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жоғары, толық қалыптасқан жеке тұлғаны жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда еркін және белсенді ойлайтын, тәрбие мен білім беру процесін модельдейтін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа идеялары мен технологияларын өз бетінше ұсынып және оқу үрдісіне енгізетін болашақ мұғалімнің құзыреттілігі кәсіби деңгейін көтеру өзекті мәселе. Қазіргі түлек белгілі бір мамандық бойынша халықаралық талаптарға сай болуы керек, яғни еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу. Біріншіден, кәсіби сауатты ұстаз оқу-тәрбие жұмысының барысында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға оң әсер етеді; екіншіден, ол өзінің кәсіби қызметінде ең жақсы нәтижеге жетеді; үшіншіден, ұстаз өзінің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруді іске асырады. Теориялық және практикалық дайындығының бірлігін қамтамасыз ететін кәсіби іс - әрекеттер жүйесі ретінде кәсіби моделін ұсынудың тиімділігі жоғары. Кәсіби маман ретінде модельдер аясында мұғалімнің тұлғасы қалыптасады. Бұл педагогикалық іс-әрекет процесін анықтауға мүмкіндік береді, бұдан мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби позициясы дамиды және көзқарасы жақсарады, таңдаған мамандығы бойынша біліктілігі жетіледі, шеберлігі қалыптасады. Мақалада биолог мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында құрастырылған құрылымдық-мазмұндық модельді оқу үрдісінде қолдану және оның тиімділігі талданылған. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МУЛЬТИМЕДИЙНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В СОВЕРШЕНСТВОВАНИИ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА(Kazakh National Pedagogical University, 2023-09-21); ; Мақала балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық құралдарды қажет ететін мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесін жетілдіруде мультимедиялық технологияларды қолданудың өзекті мәселесіне арналған. Осыған байланысты зерттеудің өзектілігі мектепке дейінгі білім беру процесін жетілдіруде мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде мультимедиялық технологияларды қолданудың әзірленген әдістемесін теориялық негіздеу, эксперименталды түрде тексеру және тиімділігін дәлелдеу болды. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мультимедиялық технологияларды өз тәжірибелерінде оңтайлы пайдалану қажеттілігі заман сұранысына ие болғандықтан, оны білім беру саласында дұрыс ұйымдастыра алуына міндеті айқындалған. Сол үшін ақпараттық технологияларды тәрбиешінің өзі толық меңгеріп, балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлендіріп үйретудің жолдары сараланады. Авторлар мультимедиалық технологиялармен орындалатын тапсырмалар жүйесін топтастырып, оны шешу жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің оқыту үдерісін жетілдіруде мультимедиалық технологияларды пайдаланудың артықшылығы мен өлшемдері нақтыланып, жұмыс істеудің тиімді факторлары баяндалады. Мақалада мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінде тәжірибеге енгізілген мультимедиялық құралдарды қолданудың тиімді жолдары мен әдістерін зерттеудің кейбір нәтижелері көрсетілген. Деректерді талдау үшін авторлар бақылау, озық тәжірибелерді жалпылау, сауалнамалар, бейне және ойын зерттеу әдістерін пайдаланды. Қорытындылай келе, авторлар интернет ресурстарын пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға мүмкіндік беретінін, тәрбиешіге балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектесетінін дәлелдейді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде мультимедиялық технологияларды тиімді пайдаланғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болатыны анық. Зерттеудің нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдарда оқу процесін жетілдіруде мультимедиялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері анықталды. Түйін сөздер: мектепке дейінгі білім беру үдерісі, мультимедиа, мультимедиалық технология, іс-әрекет, мүмкіндіктер Статья посвящена актуальной на сегодняшний день проблеме применения мультимедийных технологий в совершенствовании образовательного процесса дошкольной организации, который требует педагогического инструментария, соответствующего возрастным особенностям детей. В связи с этим, актуальность исследования заключается в проблеме эффективного использования мультимедийных технологий в совершенствовании учебного процесса дошкольных организаций. Цель исследования состояла в теоретическом обосновании, экспериментальном апробировании и доказательствах эффективности разработанной методики использования мультимедийных технологий в учебном процессе дошкольных организаций. Необходимость оптимального использования мультимедийных технологий в образовательном процессе дошкольной организации - это требование сегодняшнего времени и задача воспитателей правильно организовать ее. Для этого необходимо, чтобы информационные технологии были полностью освоены самим воспитателем и дифференцированы в учебный процесс в соответствии с возрастными особенностями детей. Авторами группируется система задач, выполняемых мультимедийными технологиями, намечаются пути ее решения. Кроме того, изложены эффективные факторы функционирования, конкретизированы преимущества и критерии их использования в совершенствовании процесса обучения дошкольников. В статье показаны некоторые результаты изучения эффективных способов и методов использования мультимедийных средств, которые были внедрены на практике в образовательном процессе дошкольной организации. Для анализа данных авторами были использованы наблюдение, обобщение передового опыта, анкетирование, видео, и игровые методы исследования. В заключении авторами доказывается, что использование интернет-ресурсов позволяет развивать познавательный интерес детей дошкольного возраста, помогает воспитателю повысить мотивацию детей к обучению. Вместе с тем, становится очевидным, что только при эффективном использовании мультимедийных технологий в учебном процессе можно добиться положительных результатов. Результатом исследования являются выявленные возможности использования мультимедийных технологий в совершенствовании процесса обучения в дошкольных организациях Ключевые слова: образовательной процесс дошкольной организации, мультимедиа, мультимедийные технологии, деятельность, возможности. The article is devoted to the current problem of the use of multimedia technologies in improving the educational process of a preschool organization, which requires pedagogical tools that correspond to the age characteristics of children. In this regard, the relevance of the study lies in the problem of the effective use of multimedia technologies in improving the educational process of preschool organizations. The purpose of the study was to theoretically substantiate, experimentally test and prove the effectiveness of the developed methodology for using multimedia technologies in the educational process of preschool organizations. The need for the optimal use of multimedia technologies in the educational process of a preschool organization is a requirement of today's time and the task of educators to properly organize it. For this, it is necessary that information technologies be fully mastered by the educator himself and differentiated into the educational process in accordance with the age characteristicsof children. The authors group the system of tasks performed by multimedia technologies, and outline ways to solve it. In addition, effective factors of functioning are outlined, the advantages and criteria for their use in improving the learning process of preschoolers are specified. The article shows some results of the study of effective ways and methods of using multimedia tools that hav been put into practice in the educational process of a preschool organization. To analyze the data, the authors used observation, generalization of best practices, questionnaires, video, and game research methods. In conclusion, the authors prove that the use of Internet resources makes it possible to develop the cognitive interest of preschool children, helps the educator to increase the children's motivation for learning. At the same time, it becomes obvious that only with the effective use of multimedia technologies in the educational process can positive results be achieved. The result of the study is the identified opportunities for using multimedia technologies in improving the learning process in preschool organizations. Key words: the educational process of a preschool organization, multimedia, multimedia technologies, activities, opportunities.Цитирования (OpenAlex) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ФИЛОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІБұл мақалада Қазақстандағы болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану мәселесі зерттеледі. Ғаламдану және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдалануға дайын жаңа буын мұғалімдерін қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу мақсаты – болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзыреттерін дамытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Негізгі идеялар АКТ-ны оқу процесіне интеграциялау қажеттілігі және филологиялық пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістерін қайта қарауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлауда АКТ-ны қолданудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтауда жатыр. Практикалық маңыздылығы АКТ-ны білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеуде көрініс табады. Зерттеу әдістемесі ғалымдардың идеяларын талдау, салыстыру, жүйелеу сияқты теориялық әдістерді және бақылау, сауалнама жүргізу, мұғалімдер мен студенттердің АКТ қолдануын бағалау сияқты эмпирикалық әдістерді қамтиды. Зерттеу жүргізу барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің филология факультетінің 85 студентіне сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері АКТ қолдану болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлау сапасын арттыруға, олардың лингводидактикалық құзыреттерін дамытуға және кәсіби өсуге деген ынтасын жоғарылатуға ықпал ететінін көрсетті. АКТ оқу процесінде маңызды құрал болып табылатыны және материалды жақсы меңгеруге ықпал ететіні анықталды. Зерттеу филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосады, АКТ-ны білім беру процесіне интеграциялау және болашақ мұғалімдерді даярлау тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар ұсынады.
