Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
4 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, "МЕКТЕПТЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ"(2023-03-30); "Бұл мақаланың мақсаты мектеп бағдарламасындағы физиканы оқуда элементар бөлшектерді модельдеуді қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтау болды . Әдістемелік білімді қалыптастыру – білім беруде физиканы оқытудың барлық кезеңдеріндегі міндеттерінің бірі. Оны шешуге деген жүйелі көзқарас оқушылардың физика ғылымының іргелі идеяларын түсінуіне қол жеткізуге бағытталған мақсатты қамтиды: элементарлылық, дискреттілік, сақталу, симметрия, салыстырмалылық, дүниенің материалдық бірлігі мен тұтастығы. Модельдеу шындықты ғылыми танудың тәсілі ретінде ежелден бері ғылымның ең қуатты құралдарының бірі болды. «Модель» сөзінің өзі ежеден бері белгілі, сөздің бастапқы мағынасы сәулет өнерімен байланысты болды. Орта ғасырларда ол ғимараттың барлық пропорциялары көрсетілген масштабты белгіледі. Кейіннен кез келген құбылысты тікелей зерттеу мүмкін емес немесе тиімсіз болып шыққан кезде модель ұғымы ғылыми зерттеулерде қолданыла бастады. Модельдеудің бастамасын теориялық зерттеу әдісі ретінде И.Ньютон салды, ол кітапта сұйық ортада қозғалатын денелердің кедергісі бойынша тәжірибе нәтижелерін басқа жағдайларға ауыстыруға мүмкіндік беретін екі ұқсастық теоремасын тұжырымдады. «Натурфилософияның математикалық принциптері». Модельдеу әдісі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие. Ол объектінің сәйкес моделін құруға, оның қасиеттерін зерттеуге және алынған ақпаратты объектінің өзіне беруге негізделген. Модельдің рөлі – ол объектіні алмастырушы, субъект пен объект арасындағы қатынаста делдал болып табылады. Модель деп зерттелетін объектінің шартты бейнесі немесе үлгісі түсініледі. Жаратылыстану ғылымында физикалық модельдеу деп қандай да бір объектіні немесе құбылысты зерттеуді оның физикалық табиғаты бірдей моделін эксперименттік зерттеумен алмастыру түсініледі. Мақалада заманауи білім берудің нақты жағдайында қолдануға болатын заманауи модельдеу әдістері талқыланады. Кілтті сөздер: Модель, физика, элементар бөлшектер, математикалық модельдер, компьютерлік модель." - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ(2023-09-01); Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында ақпараттық технология бағытында оқитын студенттерді практикаға бағыттап оқыту моделі кеңінен қолданыс табуда. Бұл модель кәсіби құзыреттіліктердің игерілуіне ықпал етеді және әдетте үшінші жақтың, яғни жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді. Алайда көпжылдық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда практикаға бағыттап оқытудың кейбір тәсілдерінің тиімділігі әлі де күмән тудырады. Бұл мақалада практикаға бағытталған білім беруде соңғы жылдарда жарық көрген жарияланымдардағы тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға және талдауға байланысты мәліметтер келтірілген. Зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – Scopus дерекқорында мақалаларды белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуден тұрады; екінші кезең – іріктелген мақалаларға мазмұндық талдау жасап, ғылыми жарияланымдарда қолданылған әдістерді анықтау және библиографиялық талдау, өзекті тақырыптарды табу; соңғы кезең – нәтижелерді қорытындылаудан тұрады. Зерттеу барысында ғылыми жұмыстарда зерттеушілердің түрлі зерттеу әдістерін пайдалану салыстырмалы түрде зерттелді. Жоғарыда көрсетілген библиографиялық талдау үшін VOSviewer қосымшасы қолданылды және талдау нәтижелері желілік визуализация арқылы көрсетілді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУӘДІСІ - СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҚҰРАЛЫБұл мақалада жоғары оқу орындарында әдебиетсабағында студенттерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін іздестіру, заманауи технологияларын қолдану мәселесіқозғалады. Қазіргіпедагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу, қазақәдебиеті шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру және әдебиеттіоқытудағы проблемалық оқыту әдісінің тиімділігін көрсетукөзделеді. Зерттеудің мақсаты – әдебиет сабақтарында проблемалық оқытуды қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – зерттеуде алынған нәтижелер қазақәдебиеті шығармаларын проблемалық оқыту әдісіне байланысты тұжырымдамаларды толықтырады.Мақаланың практикалық мәні – бұл зерттеулерді жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Мақаладапроблемалық оқыту және оқытуда проблемалық жағдаяттарды құру бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер зерттеліп, талданды; студенттің дамуына ықпал ететін проблемалық жағдаяттарды құрудың ең тиімді жолдары мен әдістері іздестірілді.Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: бақылау, сауалнамажәнеэксперименттікоқыту. Қазақәдебиеті пәні бойынша50 болашақ мұғалім-респонденттеріпроблемалық оқытуды қаншалықты жиі қолданатынын, білім алушыға сабақ беру барысындаәртүрліәдістерді қолдана отырып, анонимді онлайн сауалнама жүргізу арқылы зерттеуге қатысты.Педагогикалық университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін көркем мәтінді түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.Мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде теориялық және практикалық материалдардың қолданылуын, білім алушылардың тақырып бойынша семинарларға дайындала алуын, оқытушылардың әдебиет сабақтарында қолдана алуын айта аламыз.Зерттеу проблемалық оқыту заманауи оқыту стратегиясы ретінде студенттердің әдебиет сабағында танымдық әрекетін белсендіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл студенттерді мәселеге танымдық көзқарасы бар тұрғыдан қарайтын субъект позициясына қояды, сонымен бірге олардың шығармашылық дағдыларынжәне мәтінді түсінуге сыни көзқараспен қарау дағдысындамытады.Цитирования (OpenAlex) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ РОЛІЕліміздің жарқын болашағы білімді, бәсекеге қабілетті, әрі білікті маман иесінен құрылады. Сол себепті, жастарымыздың кәсіби қалыптасуы Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауы сапалы жүзеге асыру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туындап отыр. Кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты оқушы жастардың жеке басын кәсіби түрде анықтау үшін қажетті дұрыс таңдау жасауға көмектесумен анықталады. Оқушылардың кәсіби бағдары мамандықтар әлемін түсіну жүйесін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар жоғары сынып оқушыларының өз қабілеттеріне, маңызды қызметте алға қойылған мақсаттарға жетудің құралдары мен жолдарын таңдауға, өз қызметін нақты өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін қалыптастыруға жол ашады. Осыған орай, біз мақалада кәсіби бағдар жұмыстарының тиімділігін ЖООны мен жалпы білім беретін мектеп арасындағы қарым-қатынас құру арқылы зерттедік. Зерттеу барысында мектептермен байланысқа түсіп, кәсіби бағдар беру жоспарын бірге құрып, осы жоспрар егізінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы No600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларыныңғ іске асыртын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы ереже, Қазақстанның жаңа кәсіптер атласы негізге алынды. Сонымен қатар, мектептермен бірігіп оқушылар, ата-аналар арасында кәсіби бағдардлау жұмыстарын құрылған жоспар бойынша жүзеге асырдық. Оқушылардың сапалы кәсіби бағдарлануы мақсатында жалпы білім беру мектептерімен ЖОО-дар арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру мәні зор.
