Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
3 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕОМЕТРИЯДАН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ТҮСІНУІНЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕР(2023-09-01); ; ; А. АдиеваБұл жұмыста Geogebra бағдарламасының көмегімен геометрия пәнінен 7 сыныпта өтілетін «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау қарастырылады. Зерттеу жүргізу барысында квазиэксперименттік әдіс қолданылып, оған No 129 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды 15-тен екі топқа: 1-шісі компьютерлік интерактивті Geogebra бағдарламасының көмегімен оқытылатын эксперименттік, 2-шісі дәстүрлі оқыту қолданылатын бақылау тобы болып бөлінді. Зерттеуді жүргізу барысында оқушылардан pre-test (зерттеуге дейінгі) және post-test (зерттеуден кейінгі) тестілері алынды. Зерттеуге дейінгі және кейінгі тесттер арасындағы айырмашылық Geogebra бағдарламасы оқушылардың оқу үлгерімінеәсерін анықтайтын етіп құралды. Сонымен қатар, Geogebra бағдарламасының әсері, пайдасы туралы оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде Geogebra бағдарламасының (p < 0,05) «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы пайдасы, әсері, тиімділігі анықталды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МОНИТОРИНГ И ОЦЕНКА САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ СТУДЕНТОВ В ДИСТАНЦИОННОМ ОБУЧЕНИИ НА ОСНОВЕ ЭВТАГОГИКИ(2023-09-25)Мақалада эвтагогика негізінде қашықтан оқыту бойынша студенттердің өздік жұмысын бақылау мен бағалау қарастырылған. Эвтагогика теориясы білім алушыға нені, қашан және қалай үйренетінін анықтауға мүмкіндік беретін өзін-өзі оқытудың шығармашылық тәсілі ретінде айқындалған. Қашықтан оқыту барысындағы студенттердің цифрлық ізі негізіндегі өздік жұмысының уақыты мен сапасын бақылау мен бағалау үшін эвтагогикаға негізделген критерийлер мен көрсеткіштер жиынтығы анықталып, сандық көрсеткіштері іріктелді және әрбір студенттің үлгерімін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме ұсынылды. Мақалада эмпирикалық деректер мен оқу аналитикасына негізделген өздік жұмыстың табыстылығын бағалау алгоритмдері қамтылған. Ұсынылған алгоритмдер қашықтықтан оқытуда өзіндік жұмысты орындаудың цифрлық іздерін түсіндіруге, оның жетістігін бағалауға және студенттің оқу траекториясын түзету арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, өздік жұмыс, эвтагогика, цифрлық із, бақылау, цифрлық технологиялар. В статье проводится мониторинг и оценка самостоятельной работы студентов дистанционного обучения на основе эвтагогики. Теория эвтагогики определяется как творческий подход к самообучению, который позволяет обучаемуся определять, что, когда и как изучать. В целях контроля и оценки времени и качества самостоятельной работы студентов на основе цифрового следа при дистанционном обучении определен набор критериев и показателей на основе эвтагогики, выбраны количественные показатели и предложена методика, позволяющая оценить успеваемость каждого обучающегося. В статье приведены алгоритмы оценки успешности самостоятельности на основе эмпирических данных и аналитики обучения. Предложенные алгоритмы позволяют интерпретировать цифровые следы самостоятельной работы в дистанционном обучении, оценивать ее успешность и повышать качество обучения за счет коррекции траектории обучения студента. Ключевые слова: дистанционное обучение, самостоятельная работа, эвтагогика, цифровой след, контроль, цифровые технологии. The article monitors and evaluates the independent work of distance learning students based on eutagogy. Eutagogy theory is defined as a creative approach to self-learning that allows the learner to determine what, when and how to learn. In order to control and evaluate the time and quality of independent work of students on the basis of a digital trace in distance learning, a set of criteria and indicators based on eutagogy has been defined, quantitative indicators have been selected, and a methodology has been proposed to assess the progress of each student. The article presents algorithms for assessing the success of independence based on empirical data and learning analytics. The proposed algorithms make it possible to interpret digital traces of independent work in distance learning, evaluate its success and improve the quality of education by correcting the student's learning path. Keywords: distance learning, independent work, eutagogy, digital footprint, control, digital technologies. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Кейс технологиясын білім беру процесінде пайдалану(2024-04-19) ;Мадина АхилбековаКейс технологиясы – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруіне негізделген, интерактивті әдістің бір түрі ретінде, студенттер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен студенттер өз беттерінше теорияны меңгере отырып практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студенттер ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады. Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
