Жарияланымдар / Публикации

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 4 из 4
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Қазақстанның білім беру ұйымдарында инклюзивті практиканы іске асыру
    (National Academy of Education named after Y. Altynsarin, 2023-12-29)
    Aigerim Shatayeva
    ;
    ;
    Dana Ospanova
    Мақала Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі жағдайын талдауға арналған. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін директорлармен, педагогтермен және мамандармен сапалы интервью материалдары негізінде инклюзивті практиканың негізгі көрсеткіштері анықталды: инклюзияның мәнін түсіну, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, оқу материалын бейімдеу әдістерін қолдану, педагогтердің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге дайындығы, респонденттердің инклюзивті білім беруді іске асыруды бағалауы және оларды жақсарту бойынша ұсыныстары. Зерттеудің эмпирикалық базасын интервьюмен қатар Google Forms форматында педагог қызметкерлерге жүргізілген сауалнама деректері және Қазақстан мектептерінде инклюзивті практиканы іске асыруды реттейтін нормативтік базаны талдау құрады. Ерекше назар қолдаудың кең түрлерін қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесіне аударылды (жеке білім беру бағытын ұйымдастыруды қажет ететін балаларды анықтау, инклюзивті білім беру процесіне қатысушыларға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды іске асыруды сүйемелдеу және т.б.). Мақала авторлары балалардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша педагогтердің кәсіби дамуын арттыру қажеттілігі, инклюзивті білім беру жағдайында балаларды әлеуметтендіру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту іс-шараларын іске асыру мақсатында әртүрлі бейіндегі мамандардың күш-жігерін біріктірудің орындылығы жөнінде қорытынды жасайды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДА ЛОГОПЕДТІҢ ПӘНАРАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2024-06-01)
    Мақалада педагог-психолог пен логопедтің эмоционалды ерік –жігер аясы бұзылған балалармен пәнаралық жұмыс жүргізудебірлесіп жұмыс істеудің артықшылығы мен негізгі тәсілдері туралы айтылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында мінез-құлық ерекшелік-терімен айқындалған балалар қарым-қатынасқа түсуде және эмоционалды реакцияларын басқаруда нәтижеге бағытталған топтық жұмыстаржүргізуді айтарлықтай қиындатады. Кейбір жағдайларда баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мамандардың бірлескен мақсатқа бағытталған пәнаралық жұмыстарды өткізудің тиімділігі жоғары болады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢАТА-АНАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2024-12-01) ; ;
    Ғылыми мақалада ерекше білім беру қажеттілігі барбалалардың ата-аналарының психо-логиялық хал-ахуалы мен мінез-құлық ерекшеліктері сипатталған. Осы бағыттағы ғылыми, тәжірбиелік эксперименттік зерттеу нәтижелерінің мысалдары қоса берілген. Сондай-ақ ата-аналардың ерекше балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты процеске араласуына ұсыныла-тын іс-шаралар мен негізгі психологиялық аспектілер қарастырылған. Ата-аналар мен педагог-тар арасындағы коммуникацияны жақсартуға ықпал ететін тиімді әдістер мен тәсілдер және ерекше балаларға қолдау көрсету үшін жағымды орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілген. Дамыған бірқатар мемлекеттерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың отбасымен жұмыс бірізділеніп, ата-аналарға психологиялық қолдау білдіру мәселелері жаңа сипатқа ие. Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балалардың отбасын қолдау жұмыстарының жаңа бағыт-тары, отбасыларына көмек көрсетудің пәнаралық және кәсібилік жағы дами бастаған, тіпті жаңа мамандық иелерінің дүниеге келуіне де себепші болған. Осы орайда ата-аналарды психология-лық қолдау жұмыстарын жандандыру маңыздыміндет болып саналады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-06-01) ;
    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру мәселесі бүгінгі білім беру жүйесінде маңызды орын алуда. Осы санаттағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, олардың оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, қызығушылықтарын арттыру, жеке қабілеттерін дамыту аса қажеттілікке айналуда. Бұл жұмыс ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен педагогикалық стратегияларды зерттейді. Оқу мотивациясын қалыптастыру арқылы оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы, өзіндік танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын дамыту мақсат етіледі. Сонымен қатар, педагогикалық көмек көрсету, психологиялық қолдау мен арнайы оқу бағдарламаларын пайдалану, мектепте шығармашылық және тұлғалық дамуды ынталандыру –оқу мотивациясын арттырудың маңызды құралдары ретінде қарастырылады.Бұл зерттеу ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ПДТ) оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді, оқу ортасының әсерін, мұғалім мен ата-ананың рөлін талдайды. Нәтижесінде, оқу мотивациясын арттыру арқылы білім сапасын көтеру және оқушылардың әлеуметтену процесін жеңілдету мақсатында тиімді педагогикалық әдістер ұсынылады.