Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
1 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТӨЗІМДІЛІГІ МӘСЕЛЕСІАрнайы педагогтер өздерінің кәсіби қызметінде күйзеліске ұшырайды. Бұл факт олардың күйзеліске төзімділігіне әсер ететін факторлардың спектрін зерттеудің қажеттілігі мен маңыздылығын анықтайды. Дереккөздерді теориялық талдау арнайы педагогтердің күйзеліске төзімділігінің ерекшеліктерін, құрылымдық компоненттерінжәне психологиялық ресурстарын анықтауға мүмкіндік берді. Арнайы педагогтердегі күйзеліске төзімділік жұмыс қабілеттілігінің бұзылуының алдын алуға бағытталған психика ресурстарын белсендіруде көрінетін сапа ретінде қарастырылады.Зерттеу арнайы педагогтерде күйзелістік жағдайлардағы мінез-құлық ерекшеліктерін, олардың бейімделуін және күйзелістің ауырлығын анықтайтын психодиагностикалық әдістердіқолдана отырып жүргізілді. Нәтижелер респонденттерде күйзеліске төзімділіктің басым деңгейлерін анықтады. Зерттеуге қатысушылар күйзелістік жағдайда шамадан тыс жұмыс істеудің жоғары дәрежесін көрсетті, өзін-өзі бақылаудан және мінез-құлқын бақылаудан айырылды. Респонденттердің басқа тобында күйзелістік жағдайда әрдайым адекватты мінез-құлық байқалмады; тіпті кішігірім кәсіби оқиғалар олардың эмоционалды тепе-теңдігін бұзуы мүмкін екендігі анықталды. Зерттеуге қатысушылар арасында күйзеліске төзімділіктің жоғары деңгейін көрсеткендер де болды. Зерттеу нәтижелері, жалпы алғанда, оның қатысушыларының көпшілігі өздерінің кәсіби қызметімен байланысты күйзеліске төзімділіктің жеткіліксіздігімен сипатталады, бұл олардың кәсіби қызметтегікүйзелістік жағдайларды сәтті жеңу дағдыларын дамыту қажеттілігін көрсетеді.Бұл мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR 18574162 «Арнайы мұғалімдерді инклюзивті-бағдарлы оқыту» тақырыбы бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында дайындалған.
