Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
6 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Методы формирования математических представлений у дошкольников с задержкой психического развитияМақалада психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңыздылығы жайлы айтылады және оны дұрыс ұйымдастыру үшін қажет алғышарттар баяндалады. Сондай-ақ, сандар ұғымын игерудің, санай алу қабілеттерін дамытудың оңтайлы әдістемелері көрсетілген және оны қолданудың негізгі ережелері айшықталған. Мақаланың мақсаты: психикалық дамуы тежелген балалардағы санау жүйесіндегі қиындықтарын арнайы әдістерді ұтымды қолдану арқылы табысты нәтижеге жетуді көздейді.Осы әдістердің ұйымдастырылу жақтары да да міндетті түрде кіріктірілген. Ары қарай, эксперимент нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан көрсетіп, ашып талдадық.Қажетті ақпараттарды іріктеуде әртүрлі әдебиеттерге шолу жасалынды. Мақала материалдарының құндылығы жоғары себебі, дефектолог мамандар, басқа да арнайы маман- дар өз жұмыстарында көрсетілген ақпараттарды керегінше пайдалана алады.Балада дискалькулия (санау дағдыларының бұзылысы) белгілері болу болмауын өз бетінше мамандар ерте анықтай алады. Түйін сөздер: психикалық дамуы тежелген, мектеп жасына дейінгі балалар, сандар, танымдық дағдылар, математикалық ұғымдар. В статье рассказывается о важности формирования элементарных математических понятий у до- школьников с задержкой психического развития и излагаются предпосылки, необходимые для его пра- вильной организации. Также показаны оптимальные методики освоения понятия числа, развития умения считать и изложены основные правила его применения. Цель статьи: выявление трудностей в системе счисления у детей с задержкой психического развития с рациональным применением специальных ме- тодов, направленных на достижение успешного результата. Стороны организации этих методов также обязательно интегрированы. Далее мы раскрыли и проанализировали результаты эксперимента с количе- ственной и качественной точки зрения. В подборе необходимой информации проведен обзор различной литературы. Материалы статьи имеют высокую ценность, так как специалисты-дефектологи, другие специалисты могут использовать информацию, указанную в их работе. Отсутствие у ребенка признаков дискалькулии (нарушения навыков счета) специалисты могут выявить на ранней стадии самостоятельно. Ключевые слова: дети с задержкой психического развития, дошкольники, цифры, познавательные на- выки, математические понятия. The article describes the importance of the formation of elementary mathematical concepts in preschoolers with mental retardation and outlines the prerequisites necessary for its proper organization. The optimal methods of mastering the concept of number, the development of the ability to count and the basic rules of its application are also shown. The purpose of the article is to identify difficulties in the number system in children with mental retardation with the rational use of special methods aimed at achieving a successful result. The sides of the organization of these methods are also necessarily integrated. Next, we revealed and analyzed the results of the experiment from a quantitative and qualitative point of view. In the selection of the necessary information, a review of various literature was conducted.The materials of the article are of high value, since specialists- defectologists, other specialists can use the information specified in their work. Specialists can detect the absence of signs of dyscalculia (impaired counting skills) in a child at an early stage on their own. Keywords: children with mental retardation, preschoolers, numbers, cognitive skills, mathematical concepts. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Қазақстанның білім беру ұйымдарында инклюзивті практиканы іске асыру(National Academy of Education named after Y. Altynsarin, 2023-12-29) ;Aigerim Shatayeva; Dana OspanovaМақала Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі жағдайын талдауға арналған. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін директорлармен, педагогтермен және мамандармен сапалы интервью материалдары негізінде инклюзивті практиканың негізгі көрсеткіштері анықталды: инклюзияның мәнін түсіну, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, оқу материалын бейімдеу әдістерін қолдану, педагогтердің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге дайындығы, респонденттердің инклюзивті білім беруді іске асыруды бағалауы және оларды жақсарту бойынша ұсыныстары. Зерттеудің эмпирикалық базасын интервьюмен қатар Google Forms форматында педагог қызметкерлерге жүргізілген сауалнама деректері және Қазақстан мектептерінде инклюзивті практиканы іске асыруды реттейтін нормативтік базаны талдау құрады. Ерекше назар қолдаудың кең түрлерін қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесіне аударылды (жеке білім беру бағытын ұйымдастыруды қажет ететін балаларды анықтау, инклюзивті білім беру процесіне қатысушыларға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды іске асыруды сүйемелдеу және т.б.). Мақала авторлары балалардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша педагогтердің кәсіби дамуын арттыру қажеттілігі, инклюзивті білім беру жағдайында балаларды әлеуметтендіру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту іс-шараларын іске асыру мақсатында әртүрлі бейіндегі мамандардың күш-жігерін біріктірудің орындылығы жөнінде қорытынды жасайды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ АҚЫЛ-ОЙ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІБұл мақалада зият бұзылысы бар балардың танымдық дамуында кездесетін қиындықтар туралы қысқаша талданды. Әсіресе, есте сақтау қабілеті бұл категориядағы балаларда өте төмен деңгейде. Абстрактілі ойлаудың қиындықтары:бұл балалар абстрактілі ұғымдарды түсінуде қиындықтарғатап болады және нақты және көрнекі мысалдарды қажет етеді. Шектеулі сөздік қоры: сөйлеудің дамуы баяулауы мүмкін, олардың сөздік қоры шектеулі және күрделі сөйлемдерді құруда қиындықтар болуы мүмкін.Назар аудару қиындықтары: Зият бұзылысы бар балаларда ұзақ уақыт бойы бір тапсырмаға назар аудару қиынға соғады.Эмоционалды және мінез-құлықерекшеліктері: бұл балалар эмоционалды сезімтал болуы мүмкін және көңіл-күйдің күрт өзгеруінеұшырауы мүмкін.Әлеуметтік ерекшеліктері: қарым-қатынастағы қиындықтар: Бұл балалар әлеуметтік байланыстарды орнатуда және сақтауда қиындықтарға тап болуы мүмкін, бұл әлеуметтікоқшаулануға әкелуі мүмкін.Әлеуметтік нормаларды түсіну проблемалары:Ақыл-ойы бұзылған балалар әлеуметтік нормалармен ережелерді түсінуде және сақтауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.Физикалық ерекшеліктері: қозғалысытың баяулауы: Мұндай балалардың моторикасы құрдастарына қарағанда баяу дамуы мүмкін.Моторика қиындықтары: Олар қозғалыстыүйлестіруде және ұсақ моторикада қиындықтарға тап болады.Даму әлеуеті: қиындықтарға қарамастан, ақыл-ойы бұзылған балалардың даму әлеуеті бар және оқыту мен тәрбиеге деген дұрыс көзқараспен айтарлықтай жетістіктерге жете алады.Баланы қолдаумен дамытудың тиімді бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін ата-аналармен және мамандармен (психологтар, логопедтер, дефектологтар) ынтымақтасу маңызды. Бұл ерекшеліктерді түсіну ақыл-ойы бұзылған балалардың әлеуетін барынша арттыруға ықпал ететін қолайлыбілім беру және білім беру ортасын құруға көмектеседі.Бұл қиындықтарды шешімін табуда компьютерлік технологиялардың маңызына тоқталдым. Компьютерлік технологияларды оқыту процесінде қолданудың артықшылықтары, маңызды аспектілері баяндалған.Компьютерлік технологияның ұтымды қолдануды жүзеге асыратын жолдар жайлы ақпараттар кесте түрінде берілді.Интерактивті оқыту бағдарламалары; жеке ықпал ету тәсілі; ойындар мен есте сақтау жаттығулары; мультимедиялық ресурстарды пайдалану туралы ақпараттар мысал ретінде келтірілді.Компьютерлік технологияны қолдану зерде бұзылысы бар балалардың оқу процесін едәуір байыта алады, олардың когнитивті және эмоционалды дамуына ықпал етеді.Осы аспектілердің барлығын ескере отырып, мектепке дейінгі баланың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Осы жастағы балалардың дамуын қолдау және ынталандыру олардың мектептегі, мансаптағы және жеке өміріндегі жетістіктері үшін ұзақ мерзімді әсер етеді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢАТА-АНАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУҒылыми мақалада ерекше білім беру қажеттілігі барбалалардың ата-аналарының психо-логиялық хал-ахуалы мен мінез-құлық ерекшеліктері сипатталған. Осы бағыттағы ғылыми, тәжірбиелік эксперименттік зерттеу нәтижелерінің мысалдары қоса берілген. Сондай-ақ ата-аналардың ерекше балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты процеске араласуына ұсыныла-тын іс-шаралар мен негізгі психологиялық аспектілер қарастырылған. Ата-аналар мен педагог-тар арасындағы коммуникацияны жақсартуға ықпал ететін тиімді әдістер мен тәсілдер және ерекше балаларға қолдау көрсету үшін жағымды орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілген. Дамыған бірқатар мемлекеттерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың отбасымен жұмыс бірізділеніп, ата-аналарға психологиялық қолдау білдіру мәселелері жаңа сипатқа ие. Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балалардың отбасын қолдау жұмыстарының жаңа бағыт-тары, отбасыларына көмек көрсетудің пәнаралық және кәсібилік жағы дами бастаған, тіпті жаңа мамандық иелерінің дүниеге келуіне де себепші болған. Осы орайда ата-аналарды психология-лық қолдау жұмыстарын жандандыру маңыздыміндет болып саналады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІЕрекше білім беру қажеттіліктері бар кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру мәселесі бүгінгі білім беру жүйесінде маңызды орын алуда. Осы санаттағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, олардың оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, қызығушылықтарын арттыру, жеке қабілеттерін дамыту аса қажеттілікке айналуда. Бұл жұмыс ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен педагогикалық стратегияларды зерттейді. Оқу мотивациясын қалыптастыру арқылы оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы, өзіндік танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын дамыту мақсат етіледі. Сонымен қатар, педагогикалық көмек көрсету, психологиялық қолдау мен арнайы оқу бағдарламаларын пайдалану, мектепте шығармашылық және тұлғалық дамуды ынталандыру –оқу мотивациясын арттырудың маңызды құралдары ретінде қарастырылады.Бұл зерттеу ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ПДТ) оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді, оқу ортасының әсерін, мұғалім мен ата-ананың рөлін талдайды. Нәтижесінде, оқу мотивациясын арттыру арқылы білім сапасын көтеру және оқушылардың әлеуметтену процесін жеңілдету мақсатында тиімді педагогикалық әдістер ұсынылады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауда жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеудің ерекшеліктері(National Academy of Education named after Y. Altynsarin, 2025-06-30); Мақалада мұғалімдердің ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасау барысында білім беру бағдарламасын бейімдеудің ерекшеліктері мен қиындықтарын анықтау үшін зерттеу жүргізілді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін Қазақстанның барлық аймағындағы, оның ішінде ауылдық және қалалық мектептердің мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға жалпы орта мектепте жұмыс жасайтын 16355 мұғалім қатысты. Зерттеу онлайн түрде Google Forms платформасы арқылы жүргізілді. Зерттеуге қатысушылардың ішінде ең көп қатысқан аймақ – Түркістан облысы (2086 респондент). Зерттеу жұмысы аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасауда ең жоғары дайындық деңгейі (63,4%) еңбек өтілі 1 жылға жетпеген жас мұғалімдер арасында екені байқалды. Оқу бағдарламасын бейімдеу үшін қажет қолдаудың ішінде 32 % мұғалім білікті арттыру курстары қажет деген жауапқа басымдық береді. Мақаланың талқылау және нәтижелер бөлімінде зерттеу барысында анықталған нәтижелер Қазақстанда жүргізілген өзге де зерттеу қорытындыларымен салыстырылды. Зерттеуді қорытындылай келе, білім беру бағдарламаларын бейімдеуде мұғалімдердің кезігетін мынадай кедергілері анықталды: балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуда қиындықтарға тап болу, оқу мақсаттарын ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктеріне сай бейімдеуде қиындықтарды сезіну, оқушыларды диагностикалау, оқу жетістіктерін бағалау.
