Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
3 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ(2023-09-01); Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында ақпараттық технология бағытында оқитын студенттерді практикаға бағыттап оқыту моделі кеңінен қолданыс табуда. Бұл модель кәсіби құзыреттіліктердің игерілуіне ықпал етеді және әдетте үшінші жақтың, яғни жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді. Алайда көпжылдық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда практикаға бағыттап оқытудың кейбір тәсілдерінің тиімділігі әлі де күмән тудырады. Бұл мақалада практикаға бағытталған білім беруде соңғы жылдарда жарық көрген жарияланымдардағы тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға және талдауға байланысты мәліметтер келтірілген. Зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – Scopus дерекқорында мақалаларды белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуден тұрады; екінші кезең – іріктелген мақалаларға мазмұндық талдау жасап, ғылыми жарияланымдарда қолданылған әдістерді анықтау және библиографиялық талдау, өзекті тақырыптарды табу; соңғы кезең – нәтижелерді қорытындылаудан тұрады. Зерттеу барысында ғылыми жұмыстарда зерттеушілердің түрлі зерттеу әдістерін пайдалану салыстырмалы түрде зерттелді. Жоғарыда көрсетілген библиографиялық талдау үшін VOSviewer қосымшасы қолданылды және талдау нәтижелері желілік визуализация арқылы көрсетілді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СOIL ӘДІСІ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ(Kokshetau State University, 2024-06-30); ;Е. К. Нурланбекова; Айжан МакашеваМақалада Бірлескен халықаралық онлайн оқыту (COIL) мәселелеріне байланысты ғалымдардың еңбектеріне және олардың теориялық, методологиялық негіздеріне аналитикалық шолу жасалды. Шетелдік серіктес университеттермен бірлескен халықаралық онлайн оқыту (COIL) әдісі арқылы білім алушылардың мәдениетаралық және лингвистикалық құзыреттіліктерін дамыту, тілдік ортаны қалыптастыру, қарым-қатынас, сыни тұрғыдан ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын арттыру мәселелері қарастырылды. COIL әдісін бағалау мақсатында 60 білім алушыдан сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелерін сандық әдісімен талдап, білім алушылардың оқу бағдарламасынан алған әсері, кросс-мәдени құзыреттілігін дамытуына тигізген ықпалы және тілдік деңгейінің дамығандығы туралы ақпарат жиналды. Еліміздегі студенттерге шетелге шықпастан, шетелдік университеттерден білім алу, тәжірибе алмасу, лингвомәдени, мәдениетаралық және кросс-мәдени құзыреттіліктерді дамытуға болатыны анықталды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ(Kokshetau State University, 2024-09-27); ;Б.С. Қапалбек; Мақалада Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытылу жайы айтылады. Жоғары оқу орындары – еліміздегі кәсіби маман даярлаудың, мемлекеттік тіл саясатының басты нысандарының бірі – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту орталығы. Авторлар осы саладағы проблемаларды айқындау үшін еліміздегі ұлттық университеттер мен аймақтық университет ұстаздары мен студенттерін қамтыған сауалнама жүргізіп, нәтижелерін сараптады. Сауалнамаға 16 университеттен 122 респондент қатысты. Респонденттердің жауаптары бойынша сандық және сапалық талдау жасалынып, сараптама нәтижесі арқылы негізгі мәселелер айқындалды. Мәселелерді айқындауда отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлері мен ұстанымдары негізге алынды. ЖОО-да мемлекеттік тілдің оқытылу жайы, білім бағдарламаларында қазақ тіліне қатысты пәндердің енгізілуі, талапкер мен түлектің мемлекеттік тілді білу деңгейі, т.б. түйіткілді проблемалардың себептері анықталып, оны шешудің жолдары ұсынылды. Осылайша жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытудағы маңызды мәселелер және оны жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар жасалды
