Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ, НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫҰсынылып отырған мақала қазіргі таңда адам өмірінің қажетті әрі маңызды алғышартына айналып отырған, тіл үйренуде, түрлі мәдениеттермен байланысқа түскенде бетпе-бет келетін ұғым мәдениетаралық қатысым, оның түрлерін, сипатын қарастырып талдайды. Мәдениетаралық қатысым немесе коммуникация, оның негізгі екі түрі вербалды және бейвербалды коммуникация сипаты, ерекшеліктері, айырмашылықтары, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты осы саланың өзекті мәселелерін қарастырады. Аталмыш тақырып аясында көптеген еңбектер жазылып, зерттеулер жасалып жүр. Біздіңде сол салаға үлес қосып, зерттеуді практикалық жақтан зерделеп, қарапайым тілмен ғылыми ұғымдарды суреттеп көрсету. Мақаланы жариялау мақсаты – шет тілдік мамандықтарда мамандар даярлауда тиімді мәдениетаралық қатысым жасау үшін ескерілуі тиіс маңызды белгілер, сипаттар, алғышарттарды талқылап, ара жігін ашып, осы коммуникация түрін тиімді қолдана білу үшін кеңестер ұсыну. Мақалада мәдениетаралық құзіреттілік, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты терминдер қарастырылады, мәдениетаралық қатысымның негізгі екі түрі ретінде қарастырылатын вербалды және бейвербалды коммуникацияларды қалай бір-бірінен ажыратамыз, олардың қайсысы коммуникацияның тиімді болуына ықпалы зор екенін ашуға тырысамыз. Мақалада берілген зерттеу нысанын талдау барысында суреттеу, жүйелеу, салғастыру және салыстыру, сұрыптау, жинақтау, прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің әдіснамасы мәдениетаралық қатысым теориясын зерттеген ғалымдар мен еңбектерді аналитикалық тұрғыдан шолу жасауға негізделген. Мақалада қарастырылып отырған тақырып, зерттеу нысаны теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды, оның себебі мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасы, мәдениетаралық қатысым негіздері пәндерін оқып үйренгенде студенттерге, білім алушыларға осы тақырып аясында нақты әрі түсінікті көмекші құрал болмақ. Мақалада мәдениетаралық қатысым, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік, вербалды және бейвербалды коммуникация терминдеріне анықтама беріліп, олардың негізгі сипаттамалары, тиімділік дәрежесі анықталды, бұл өз кезегінде жұмыстың нәтижесі болып саналады. Коммуникация барысында вербалды және бейвербалды коммуникация түрінің қайсысы тиімді екені коммуникация сипатына, ресми немесе бейресми болғандығына, ақпарат берушінің ойы, жоспары, ниетіне байланысты, коммуникант қай коммуникация түрін таңдайтынына байланысты болатындығы жайлы практикалық кеңестер берілді. Мақалада талданған тақырыпқа сай ұғымдар студенттерге, магистранттарға мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасын оңай меңгеруге, семинар сабақтарында тақырыпты ашуға, коммуникация түрлерінің айырмашылықтарын сезінуге, екі коммуникацияның негізін айқындауға көмек қолын ұсынатын құнды жұмыс. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОРПУС ЖАСАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ"Қазақ тілінің мультимедиялық корпусын жасау – көп зерттеуді қажет ететін тың сала. Ауызекі сөйлеу тілі бүгінгі күнге дейін тек мәтінді салыстыру, талдау деңгейінде ғана қарастырылып келді. Мультимедиялық корпус екінші тіл ретінде қазақ тілін меңгертуде өте тиімді құрал бола алады. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл нормасындағы ауытқулар мен сәйкессіздіктерді анықтауда зор үлесін қоса алады. Бұл мақалада мультимедиялық корпус жасау барысында туындайтын проблемалар анықталды. Проблемаларды анықтау – корпус жасау жұмысын жеңілдетіп, алдын ала кедергілерді жеңуге көмегін тигізеді. Ол үшін «Корпус» терминіне қысқаша түсініктеме беріліп, соның ішіндегі «мультимедиялық корпус» анықталды. Қазақ тілінің ұлттық корпусы және шетелдік НКРЯ (Орыс тілінің ұлттық корпусы) құрамына енетін мультимедиялық корпустың (МУРКО) мысалында қысқаша сипаттама жасалды. Осы саланы зерттеген ғалымдардың тұжырымдарына сүйеніп, мультимедиялық корпустардың маңыздылығы және қажеттілігі айқындалды. Сонымен қатар корпусты жасау барысында туындайтын қиындықтар қарастырылды. Олар бірнеше түрге бөлінді. Атап айтқанда, мультимедиялық корпустың репрезентативтілігі, тақырыптарға бөліп тегтеу, корпустың ыңғайлылығы, техникалық безендірілуі, әдеби тілдің нормасының ережелерін сақтау т.б. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің мультимедиялық корпусының теориялық тұжырымдарын жасап, ішкорпустарға бөлуге септігін тигізеді. Кілтті сөздер: корпустық лингвистика, корпус, мультимедия, ішкорпус, мәтін. "
