Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер(2022-09-30) ;Altynai Tymbolova ;К.С. КалыбаеваМақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер сөз етіледі. Оларды қарастырудың тіл тарихы үшін маңызы зор. Тіліміздегі кейбір тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер сан мың жылдарды артқа тастаған соң, бастапқы мағынасы ұмытылып немесе ұмытылуға жақындап көмескілене бастайды.Сөз бір халықтан, екінші бір халыққа әртүрлі жолдармен ауысады. Осындай сөз ауысулары арқылы алыс дәуірлердегі ұлттар арасындағы мәдени байланыстармен қатынастарды кей ретте әлдебір тарихи куәлар мен ескерткіштер қалмаса да білуге болады. Тіпті кейбір компоненттер идиомаға айналады. Сөздердің бұлай идиомалануы тұрақты тіркестердің мағынасынан туған ерекшелік болып табылады. Демек бірнеше сөздің тобы идиом болуы үшін көп уақыт, көп замандар қажет болады. Ана тілінің бай қазынасымен сусындаған әрбір адам тұрақты тіркестерді, небір афоризмдер мен мақал-мәтелдерді қолданады. Бірақ сол тұрақты тіркестердегі, мақал-мәтелдердегі кейбір сөздерді жеке-дара алып қарағанда кез-келген адамның түсіне беруі неғайбыл.Тілімізді қаншама меңгердік дегенмен оның беймәлім тұстары да жетерлік. Сондықтан ана тіліміздің біз үшін әлі де ашылмаған қыр-сыры көп. Сондықтан мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркес сыңарларының дыбыстық жағынан көнерген түрлері қарастырылды.Цитирования (OpenAlex) 2 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ(Ablai Khan University, 2025-06-01) ;А. Қ. Казтаева; ;А. ХуңшанҚазақ әдебиетіндегі Семей қасіреті тақырыбындағы көркем шығармалар – дәуір шындығын, тұтас ұлтқа жасалған зұлымдықты көркем бейнелейтін туындылар. Бұл шығармаларды қатігез қоғамнан қалған жан, тән жарасын көркемдік иін қандыра шеберлікпен суреттей алған туындылар деуге толық негіз бар. Зерттеудің тақырыбы – прозадағы экология мәселесі, мақсаты – ұлт өмірінде әбден толғағы жеткен, экологиялық зәру мәселені танып, суреттеген жазушы шығармаларының құндылығын, көркемдік ерекшелігін, дәуір шындығының көркем әдебиетте бейнелену үлгісін талдап, тану. Өзектілігі – қазақ халқына сан жылдарға кететін қасірет пен зауал әкелген қолдан жасалған қастандық жайында жазылған шығармалардағы тарихи шындық пен көркем шындықтың сабақтастығын көрсету. Зерттеуде салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Қазіргі әдеби туындылар табиғаттың әртүрлі аспектілерін, экологиялық проблемаларды және адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көрсете отырып, экологиялық дағдарыстың сын-қатерлеріне белсенді түрде жауап береді. Бұл тақырып заманауи экологиялық мәселелер тұрғысынан көркем шығармаларда қандай эстетикалық және этикалық мәселелер көтерілетінін талдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесі авторлардың экологиялық идеяларды жеткізуде қолданатын әдеби стратегиялары мен құралдарын анықтауға, сондай-ақ қоғамда экологиялық сананың қалыптасуына әдебиеттің әсерін қадағалайды. Зерттеу барысында авторлар Семей полигоны, оның жергілікті халыққа тигізген зардабы жөнінде жазылған туындыларды зерделей отырып, тақырыпты көркем игерудегі жазушылардың қол жеткізген шеберлік қырларын көрсете білген.Қазіргі әдебиет қаламгерлердің әлем алдында тұрған экологиялық мәселелерді көрсететін эстетикалық аренаға айналуда. Алдағы экологиялық дағдарыс, климаттың өзгеруі және биоалуантүрлілікке қауіп төнуі әдеби дискурстың ажырамас бөлігіне айналуда. Зерттеу нысаны ретінде Р.Нұрғалидың «Өлген тау», Б.Тілегеновтің «Қара жел», С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» шығармалары алынды. Зерттеу қазіргі жазушылардың экологиялық тақырыптарды қалай, қандай контексте және қандай әсермен қамтитынын жан-жақты талдауға бағытталуымен құнды. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижесін әдебиет, тарих, әлеумет, экология саласындағы зерттеу еңбектерде кеңінен пайдалануға болады. Зерттеудің маңыздылығы – алдағы уақытта постколониализм, әлеуметтану, экопроза бағытындағы зерттеулерге белгілі бір үлес қосады.
