Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІЗерттеу Қазақстанда хореографиялық өнерді дамыту тұрғысынан «Астана Балет» театрының ұлттық спектакльдерінің маңыздылығына назар аударады. Зерттеудің мақсаты осы қойылымдардың мазмұнын талдау және отандық хореографтардың шығармашылығын салыстырмалы зерттеу болып табылады. Әдiстер: Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн «Астана Балет» театрының тарихы мен дамуына байланысты ғылыми мақалалар мен бейнежазбаларды талдау әдiсi пайдаланылады. Бұдан басқа, театрдың ұлттық репертуарының жаңа интерпретацияларын зерделеу және талдау көзделуде. Нәтижелері және талқылау: Зерттеуде жас хореографтардың шығармашылығына қазақ мәдениеті мен ұлттық философиясын қайта жандандыратын ұтымды хореографиялық тұжырымдамалар, бірегей би қимылдары мен заманауи тәсілдер кіреді. «Астана Балет» театры ұжымының бірегей қойылымдары бұл қозғалысты толықтырып, ұлттық хореографиялық өнерге жаңа бағыт беріп, өнер тарихында жаңа перспективалар ашады. Бірнеше қойылымды талдау олардың философиялық мәнін ашады және олардың құндылығын айқындайды. Зерттеу нәтижелері хореографиялық өнердегі ұлттық мәдениет пен қазақ биінің маңыздылығын, сондай-ақ осы өнерді сақтау мен дамытудағы «Астана Балет» театрының рөлін көрсетеді. Алынған қорытындылар Қазақстанның ұлттық хореографиясын одан әрі дамытуға және театр өнерін байытуға негіз бола алады, сондай-ақ өңірдің мәдени мұрасын терең түсінуге және құрметтеуге ықпал етеді. Зерттеу ұлттық хореографиялық өнердің шығармашылық күшін ғана емес, сондай-ақ оның Қазақстанның мәдени құндылықтарын сақтау мен ілгерілетудегі маңызды рөлін, шығармашылықтың ұлттық және әлемдік аудиторияны біріктіру және шабыттандыру қабілетін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері қазақ биі мен хореографиясының маңызы туралы ақпаратты таратуға ықпал ете отырып, халықаралық аудиторияға пайдалы болуы мүмкін. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СКРИПТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)Мақалада ұлттық ойындарға қатысты сакралды тілдік бірліктер ұйытқы болған екінші мағыналы скриптонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктері талқыланады. Әлеуметтік маңызы бар феномен ретінде ойын мен ғұрыптық рәсімдердің өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Осыған қатысты тілші, этнограф ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, халықтың рухани және шығармашылық салаларының барлығын қамтитын ұлттық ойындарды ғұрыптық рәсімдермен бір деңгейде қарастырдық.Күні бүгінге дейін этнограф, мәдениеттанушы, тілші ғалымдардың тарапынан ұлттық ойындар мен ғұрыптық рәсімдер, олардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп келеді. Алайда ұлттық бірегейлігімізді, рухани-мәдени болмысымыз бен құндылықтарымыздың көзі ғұрыптық рәсімдер мен салт-дәстүрлеріміздің, меркелер мен ойындарымызды тасымалдаушы, ұлттық жадымызды жаңғыртушы мәдени мәтіндерге байланысты қалыптасып, екінші мағынаға ие болған тілдік қолданыстар («скриптонимдер») зерттеу нысанына алынбай келеді. Осыған орай, ұлттық ойындарды халықтың сан ғасырлық тәжірибесінің айғағы, негізгі құндылықтарымызды сақтаушы және тасымалдаушы қор, кодтық элементтері бар мәдени мәтін деп қарастырып, олардың тілімізде қалыптасқан сакралды-символдық кодты бірліктерге, соның ішінде акционалды, заттық, вербалды, темпоралдық кодты скриптонимдерге ұйытқы болатыны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ұлттық ойындардың негізінде қалыптасқан екінші мәнді скриптонимдердің өзінің «табиғи» прототипімен мағынасы ұқсас болатыны анықталды. Мақалада ұлттық ойындарға қатысты, екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстарға сипаттамалық, этимологиялық талдау, мәліметтерге концептуалды және лингвомәдени түсінік беру әдістері қолданылады. Ұсынылған теориялық тұжырымдар қазақтың салт-дстүрлері, дәстүрлі атаулары туралы жазылған еңбектерден, көркем шығармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мысалдармен дәйектелді.
