Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Студенттердің іс-әрекетін өзін-өзі реттеуінің факторы ретінде жетістікке жету мотивациясы(2026-07-01) ;А. Ғұмырзақ; ; А.А. КусаиноваМақалада студенттердің оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі реттеу деңгейі зерттелді. Зерттеуде А.В. Моросанованың ССУД-2011 әдістемесі (Оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі реттеу) және В.А. Доскин, Н.А. Лаврентьева, В.Б. Шарая мен М.П. Мирошникова әзірлеген САН әдістемесі (Самочувствие –Активность –Настроение) қолданылды; ССУД-2011 әдістемесі қазақ тіліне бейімделіп, оның сенімділігі Альфа Кронбах коэффициенті арқылы тексерілді.Нәтижелер студенттердің оқу іс-әрекетін жоспарлау, бақылау және өзін-өзі бағалау қабілеттерінде айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Спирмен бойынша жүргізілген корреляциялық талдау эмоционалдық күй, белсенділік көрсеткіштері мен студенттердің өзін-өзі реттеу деңгейі ара-сында статистикалық тұрғыдан мәнді оң байланыстар бар екенін анықтады, бұл оқу тапсырма-ларын сәтті орындауда эмоционалдық құрамдастың маңыздылығын растайды. Алынған деректер оқу бағдарламаларын жетілдіруде, студенттердің жеке оқу стратегияларын дамытуда және олардың академиялық жетістігін арттыруда қолданылуы мүмкін. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері: әдебиеттерге шолу(2026-07-01) ;М.Б. Уакасова ;Alena Garber; Мақалада психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері қазіргі психологиялық ғылым контекстінде жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеу психология-лық денсаулық ұғымының мазмұндық құрылымын, оның негізгі ғылыми бағыттарын және әртүрлі теориялық мектептердегі интерпретацияларын талдауға бағытталған.Әдебиеттергешолу жасау барысында отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері салыстырмалы түрде қарастыры-лып, психологиялық денсаулықтың негізгі компоненттері мен оны сақтауға ықпал ететін факторлар (стресс, тұлғалық ресурстар, құндылықтық бағдарлар, әлеуметтік қолдау және психо-логиялық әл-ауқат) жүйеленді. Сонымен қатар, психологиялық денсаулықты түсіндірудегі патогенетикалық және салютогенетикалық тәсілдердің ерекшеліктері айқындалды.Теориялық талдау нәтижесінде психологиялық денсаулықты сақтау адамның бейімделу қабілеті, өзін-өзі реттеу деңгейі және тұлғалық ресурстардың белсенділігімен тығыз байланысты екені көрсетілді. Әсіресе, стресс-менеджмент, психологиялық қорғаныс механизмдері және құндылықтық бағдар-лар психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі факторлар ретінде сипатталды.Мақала психологиялық денсаулықты зерттеудің заманауи ғылыми бағыттарын жүйелеуге мүмкіндік беріп, оның құрылымдық-мазмұндық моделін түсінуге теориялық негіз қалыптасты-рады. Алынған нәтижелер болашақ эмпирикалық зерттеулерді жоспарлауға және психология-лық денсаулықты сақтау бойынша практикалық бағдарламалар әзірлеуге негіз бола алады.
