Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
5 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, К ВОПРОСУ ФОРМИРОВАНИЯ КОМПЬЮТЕРНОЙ ГРАМОТНОСТИ ДОШКОЛЬНИКА В ДОПОЛНИТЕЛЬНОМ ОБРАЗОВАНИИ(Kazakh National Pedagogical University, 2024-06-01); ; ; В статье авторами проанализирован вопрос формирования компьютерной грамотности детей старшего дошкольного возраста в дополнительном образовании. Дана характеристика понятию «компьютерная грамотность». Проанализированы исследования зарубежных и казахстанских авторов по изучаемой проблеме. Проанализирована Типовая учебная программа ДВО РК (утв. от 14 октября 2022 года No422) и определено, что в образовательном направлении «Формирование социально-эмоциональных навыков», раздел «Ознакомление с окружающим миром», в пункте «Предметный мир» отмечают следующее «...расширять представление об окружающих предметах, их свойствах и назначении...иметь представление о назначении телефона, компьютера, телевизора и некоторых элементарных правилах их использования». Дана характеристика методам и приемам формирования компьютерной грамотности. Проанализирован Стратегический план МОН РК на 2020-2024 годы, где одним из приоритетных направлений является «Обеспечение развития инфраструктуры организаций дошкольного и среднего образования, с учетом доступности для детей с особыми образо-вательными потребностями, технологическое обновление и цифровизация»: «Будет расширена сеть органи-заций дошкольного и дополнительного образования детей, в том числе в рамках размещения государственного заказа» и к 2025 году доля дошкольных организаций, использующих инновационные авторские программы по реализации составит 90%. Авторами представлены компоненты, критерии, показатели и уровни сформированности компьютерной грамотности детей старшего дошкольного возраста. Применены диагности-ческие методики Беседа-рассуждение «Компьютер что это и для он нам нужен?», Работа с рисунками «Правила работы с компьютером», даны результаты констатирующего этапа эксперимента. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҰСЫНУ МОДЕЛІ: ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР(2026-03-01); ; Математика пәнін оқытуда білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру және сараланған бағалау тәсілдерін тиімді қолдану – оқытуды жетілдіру мен білім сапасын арттыруды қамтитын педагогикалық-психологиялық өзекті шарттардың бірі ретінде қарастырылуда. Бұл мақалада мектеп математикасын оқытуды жетілдіру мақсатында оқушылардың қабілеттерін анықтау мен қызығушылықтарына сәйкес бағалау тапсырмаларын ұсынудың моделі қарастырылады. Зерттеу мазмұндық тұрақтылыққа негізделген екі түрлі әдіс: цифрлық таңдау арқылы бағалау және деңгейлік бағалау әдістеріне назар аударады. Мазмұндық тұрақтылыққа негізделген цифрлық таңдау арқылы бағалау әдісі – оқушыларға бір мазмұнды тапсырманы әртүрлі цифрлық форматта (геймификация, тест, интерактивті визуализация т.с.с.) ұсыну арқылы өз қызығушылығына сай таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқу үдерісінің жекеленуіне және оқушының оқуға деген мотивацияның артуына ықпал етеді. Мазмұндық тұрақтылыққа негізделген деңгейлік бағалау әдісі – бір мазмұнды тапсырманы оқу мақсаттарына сай күрделілік деңгейі бойынша Блум таксономиясының деңгейлері негізінде түрлендіру арқылы оқушылардың танымдық ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс математикалық ойлау қабілетін дамытуға және оқушылардың оқу жетістіктерін нақты бағалауға жағдай жасайды. Ұсынылған модельдердің практикалық қолданылу мүмкіндігін бағалау мақсатында 9-сыныптың алгебра пәні мазмұнына сәйкес үлгілік бағалау тапсырмалары әзірленіп, «SanalyQadam» пилоттық платформасында ұсынылды. Бағалау әдістерінің педагогикалық негізділігін, қолдану мүмкіндігін және әдістемелік әлеуетін анықтау үшін Қазақстанның әр өңірінен қатысқан 101 математика мұғаліміне 5 балдық Лайкерт шкаласы негізінде сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері ұсынылған бағалау тапсырмалары моделінің оқыту үдерісінде қолдануға әдістемелік тұрғыда дайын екенін көрсетті. Мақалада бағалау тапсырмаларын оқыту үдерісімен интеграциялау жолдары және оқыту сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілген. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ОҚЫТУ(2026-03-01) ;Guldina Kamalova; С.К. УвалиеваБұл зерттеудің өзектілігі екі жақты қажеттілікке байланысты: біріншіден, орта мектептің алгебра курсында тригонометрияны оқытудың тиімділігі мен қазіргі мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыруға цифрлық білім беру ортасына бейімдеу қажеттілігі болса, екіншіден, әл-Фараби мұрасының тригонометриядағы орасан зор дидактикалық әлеуетімен білім мазмұнын байыту және оқушылардың терең пәндік білімдерін дамыту, сонымен қатар олардың есептеуіштік ойлау дағдыларын дамыту болып табылады. Зерттеудің мақсаты – заманауи цифрлық және білім беру технологияларының негізінде әл-Фарабидің тригонометриялық мұрасынан алынған есептермен толықтырылған алгебра курсында оқушыларды тригонометрияға оқытудың тиімділігін эксперименттік тексеру және оның оқушылардың есептеуіштік ойлауын дамытуға әсерін бағалау болып табылады. Зерттеудің әдіснамасын есептеуіштік ойлау саласындағы ғылыми еңбектерді талдау, оқушылардың осы ойлау стилін дамыту контекстіндегі әл-Фарабидің тригонометриялық мұрасын зерттеу, қарастырылып отырған мәселенің жай-күйін жан-жақты зерделеу және оны шешуге арналған педагогикалық шарттардың жиынтығын анықтау мақсатында мектепте тригонометрияны оқытуды ұйымдастыруға арналған әдебиеттерді талдау құрайды. Зерттеу нәтижелері. Ұсынылған оқыту әдістемесінің тиімділігін бағалауға Алматы қаласындағы мектептердің 9-сыныптың 103 оқушысының қатысуымен екі топқа бөлінген педагогикалық эксперимент жүргізілді. Топтардың біртектілігі Р.Амтхауэрдің когнитивтік қабілет деңгейін өлшеу сынақтарының нәтижелерінің негізінде [1-2] критерийі арқылы расталған. Эксперименттік оқытуды аяқтағаннан кейін осы топтардың есептеуіштік ойлауының сипаттамаларындағы айырмашылықтардың дұрыстығын тексеруге [3-4] критерийі қолданылды. Алынған эмпирикалық критерий мәні 7,654 критикалық мән 5,991-дап асып түсті, бұл топтар арасындағы айырмашылықтардың 95% сенімділік деңгейінде статистикалық тұрғыдан мәнді екенін көрсетеді. Өзгерістердің әсері эксперименттік оқыту әдістемесін қолданумен түсіндіріледі. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУДА ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ АСПАПТЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ(2026-03-01); ; Мақалада бүгінгі цифрландырудың өзекті мәселесі сөз болған. Мұнда білім беру үдерісінің барлық деңгейіне жаңа екпін беретін цифрлық бағдарламаларды ендіру, оларды оқытудың жаңа цифрлық мазмұнын жетілдіру үшін қолданудың маңыздылығы мен тиімділігі, оқу үдерісін ұйымдастыру мен дамытудың жаңаша әдістемелік жолдары, цифрлық технологиялардың мәні мен мазмұнын осы саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып айқындайды. Сонымен бірге музыка сабағының мұғалімдерін кәсіби даярлауға қажет қазақтың халық күйлерінің ноталық жазбаларының цифрлық платформалардағы қолжетімділігінің бүгінгі жағдайы талданады.«Финал» музыкалық бағдарламасы негізінде Қазақстан компо-зиторларының ноталық жазбаларын цифрландыру» атты ішкі қаржыландыру жобасының негізгі мақсаты қазақтың халық аспаптық шығармаларының (күйлердің) ноталық жазбаларын қайта теріп, таңдамалы туындылардың жинағы етіп баспадан шығару және пайдаланушыларға қолжетімді болатын мүмкіндік тудыру мәселесі айтылады. Бұл музыкалық ноталық бағдарламаныны әрбір кәсіби маман өзінің тәжірибесінде тиімді пайдалануы маңызды екеніне, бағдарламаны шағын ансамбльдер мен оркестр жетекшілерінің, дирижерлар, музыкалық шығармаларды өңдеуші мамандар, сазгерлер, музыка пәнін жүргізетін педагогтардың цифрлық оқыту үдерісінде шеберліктерін шыңдауға, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне таптырмас құрал болатынына назар аударылады. Сонымен қатар «Финал» музыкалық бағдарламасында цифрлық ресурстар қорында жоқ аспаптық шығармаларды қайта теріп, редакторлап, электрондық кітапхана қорын толықтыруды негізгі мәселе ретінде қарастырады. Бұл жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуда қазақ халқының ғасырдан ғасырға мұра болып жеткен ән-күйлерінің жоғары сападағы жаңа бағдарламалары мен оқулықтарының қажеттілігі және оның маңыздылығы жайында терең талданады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, STEM+ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ: ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР(2026-03-01) ;Ә. Толқынбаева; STEM-білім беру-пәндерді біріктіруге бағытталған және экономикалық әрі әлеуметтік процестердің қарқынды дамуы жағдайында әлемнің дамыған елдерінде кеңінен қолданылатын білім беру тәсілі. Мақалада инновациялық экономикаға білікті кадрларды сапалы дайындау тұрғысынан STEM+ білім беру зерттеу технологиялық мүмкіндікке бағытталған даму стратегиясының негізгі компоненті анықтау болып табылады.Зерттеудің мақсаты көрсеткендей, білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында STEM+ технологияларын қолданудың ерекшеліктерін эмпирикалық деректер негізінде талдау жүргізілді. Зерттеу әдістемесі студенттер арасында сауалнама жүргізуге және ақпарат жинаудың электрондық формасын пайдалануға негізделген. Алынған деректер рейтингілік талдау, жүйелеу және сұрыптау әдістерімен өңделді. Мақалада STEM+ технологияларын енгізу процесіндегі негізгі ерекшеліктерді көрсетті. Қазақстан жағдайында басты кедергілерге білім беруді қаржыландыру мәселелері (қатысушылардың 53%-дан астамы), заманауи жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі (54,6%), педагогтердің кәсіби дайындығының төмендігі (75%-дан астамы) жатады. Сонымен қатар, білім беру процесін қарқынды дамыту мақсатында STEM+ технологияларын қолдану қажеттілігі жөнінде кәсіби рефлексияның төмендігі анықталды.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, университеттерде STEM+ технологияларын енгізуде басты рөл педагогикалық кадрларды заманауи технологияларды қолдануға дайындау факторларына тиесілі. Бұл нәтижелер кәсіби білім беру ұйымдарында білікті кадрларды даярлау үшін STEM+ білім берудің жағдайларын, проблемаларын және даму перспективаларын ғылыми тұрғыдан зерттеуде маңыздылығын дәлелдейді.
