Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Spiritual Challenges of the Sacred(Universidad Internacional de La Rioja, 2018-09-30) ;Talgat T. Seisembay ;Seit Askarovich Kaskabasov ;Zhanbai Kadyrov; Bakhytkul O. MamiyevaEN: The article defines conceptual boundaries of the holy, the typology of the holy, created on the basis of notorious and obscure aspects of the holy that are considered well-known aesthetic categories. It is established that an urge for the sacred is the revolt against chaos. Authors analyzed methods of destruction of the sacred that intended an exclusion of fraud (deceit) and cult of images. Having analyzed the works M. Zhumabayev it was established that he creates his own mythological worldview, an original mystical reality that has its own mythopoetic coordinates and evolves according to unique "magical" laws. ES: El artículo define los límites conceptuales de lo sagrado, la tipología de lo sagrado, creada sobre la base de aspectos notorios y oscuros de lo sagrado que se consideran categorías estéticas bien conocidas. Se establece que un impulso por lo sagrado es la revuelta contra el caos. Los autores analizaron los métodos de destrucción de lo sagrado que pretendían una exclusión del fraude (engaño) y el culto a las imágenes. Habiendo analizado las obras M. Zhumabayev se estableció que él crea su propia visión mitológica del mundo, una realidad mística original que tiene sus propias coordenadas mitopoéticas y evoluciona de acuerdo con las únicas leyes "mágicas". - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ «ЖОЛ» КОНЦЕПТІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ(2026-07-01); Когнитивтік лингвистика тілдік бірліктер арқылы ұлттың когнициясы мен дүниетанымын көруге мүмкіндік береді.Осы тұрғыдан алғанда, «жол» тек физикалық кеңістік қана емес, сонымен қатар мифопоэтикалық және когнитивтік мағынаға ие күрделі құрылым. Бұл зерттеудің мақсаты - дәстүрлі және қазіргі қазақ ертегілеріндегі «жол» ұғымы сабақтастығы мен трансформациясын анықтау және когнитивтік әдістерді қолдана отырып ұлттық кодтың сақталу деңгейін сипаттау. Зерттеудің негізгі бағыттары ұлттың дүниетанымын, мифопоэтикалық қызметін және «жол» концептінің ұлттық құрылымдарын анықтауға бағытталған.Зерттеудің нысанында дәстүрлі қазақ ертегілерінен төрт ертегі («Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа», «Аяз би») және қазіргі қазақ ертегілерінен бес ертегі («Жиһанкез Тити», «Робот пен Алтын сақа», «Смартфонға түсіп кеткен қыз», «Күннің тоғыз баласы», «Томирис пен Нарқызыл») іріктеліп алынады. Әдіснамалық негіз ретінде ертегілік дискурстағы жолдың қалай сипатталатынын анықтау үшін сценарийлік талдау мен фреймдік талдау қолданылады. Жол концепті бастау, кеңістік, кедергі, көмекші және мақсат сияқты тұрақты слоттары бар фреймдер, сондай-ақ бастау – кедергі – көмекші – межеге жету – мақсат кезеңдерінен тұратын сценарийлер арқылы сипатталады.Зерттеу нәтижелері «жол» концептінің көпқабатты трансформацияға ұшырағанын көрсетеді. Физикалық деңгейде «жол» кейіпкердің қозғалыс кеңістігі, тәжірибе алаңы болса, когнитивтік деңгейде «жол» тек физикалық кеңістік пен рухани сынақ қана емес, жеке тұлғаның ішкі дамуы мен әлеуметтік тәжірибесін модельдейтін сценарийлік құрылым ретінде көрініс табады. Мифопоэтикалық деңгейде «жол» сакралды кеңістік, халықтың ұжымдық жады мен көшпелі тағдырының шифры. Зерттеудің қорытындысы қазақ халық ертегілеріндегі «жол» ұғымының тарихи сәйкестігін және оның қазіргі замандағы дамуын анықтап, мәдениеттің сабақтастығындағы рөлін көрсетеді. «Жол» концептін когнитивтік және мифопоэтикалық тұрғыдан жүйелі түрде сипаттау зерттеудің құндылығын арттырады. Алынған нәтижелер когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және фольклортану салаларындағы теориялық зерттеулерді толықтырып, корпустық талдаудың әдіснамалық негізін қалыптастыруға үлес қосады.
