Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
48 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, «Айқап» журналындағы отаршылдыққа наразылық тақырыбындағы өлеңдер(2025-01-12); «Айқап» журналы қазақ баспасөз тарихында алар орны ерекше. Бұл мақалада «Айқап» журналына жарияланған отаршыл патша құрығынан елді қалайша аман сақтап қалу туралы күрделі де ірі мәселелерді көтеруімен бағалы болды. 1911-1915 жылдар аралығында бұл журанал арқылы Алаш зиялыларының заманның ығымен отырықшылыққа бет бұрған қазақтардың өкініші арқылы бір жағынан көшпелі қазақтың ата салты уағыздалса, бір жағынан келген келімсектердің озбырлығы шынайы сипатталған журнал болды. Сонымен қатар, бұл мақалада «Айқапта» жарияланған мақалаларды талдау отырып, астарлы мәндерін ашып, сарапта жасалынды. Газет бетінде жарық көрген әр автордың өлеңдеріндегі астардың мәні мен мақсаты толық талданды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ(2025-01-24); Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын және ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі және рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат әдебі туралы баян» шығармалары мен аңыздары кемелдікке жеткізер қағидалары, діни-сопылық принциптермен қатар оқыту, білім беру, адалдық, ізгілік, жақсылық, жамандық, төзімділік, достық пен сүйіспеншілікті құрметтеу, әділеттілікті насихаттағаны туралы сөз болады. Ахмет Ясауидің ілімі мен мұралары қаншама заман өтсе де, мәнін жоймай келе жатқан қазына. Әсіресе Ясауи бабаның «Диуани хикметі» Алтайдан Анадолыға дейінгі кең-байтақ өлкеде тіршілік ететін түркілер арасына кең тарап, олардың өмір салтының, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, құндылықтарының ажырамас бір бөлшегін құрады. Хикметтер мың жылға жуық уақыт бойы көшпелі және отырықшы халықтардың дінін, тілі мен ділін моральдық, этикалық, психологиялық негізде қарастырылуда. Түркістан өңірінен түлеп шыққан сан түрлі ұлыстың бастан кешірген қилы тағдыры Әзірет Сұлтанның өшпес өнегелерімен бірге өрілген. Ұлан-ғайыр тарих жазығына көз салған әр адамның назарына, ең алдымен, елдің өткені мен бүгініне, келешегіне өң берген тау тұлғалар мен олардың өрнекті-ғибратты істері ілінері анық. Тіл, мәдениет, әдебиет, өнер, руханият, тәлім-тәрбие, мемлекет ісі сияқты салаларда Түркі пірінің қолтаңбасы жатыр. Ол ежелгі әдеби, мәдени дәстүрді Құран рухында қайта жаңғыртып, діни-рухани насихаттар шоғырына айналдырды. «Сопылық - адамның рухани, бейбітшілік, жанның тазаруы арқылы Құдайға жақындау мәселелерімен айналысатын ілім. Қожа Ахмет Ясауи сопылықтың төрт кезеңін: сопылық Шейхтегі мурид рөліне мойынсыну; шариғат - Құдайдың өсиеттері мен ислам заңдарының жиынтығы; Құдайды ақылмен емес, жүрекпен білу; және ақиқат – шындықты толық түсіну» ұсынып, уағыздайды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ(Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01); ; Мақалада эмоционалды зияткерлікті зерттеу нәтижелері және оны болашақ педагогтерде қалыптастыру және дамыту тәсілдері келтірілген.Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу-лерін талдау негізінде педагогтердің кәсіби қызметке дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі маманның эмоционалды ақпаратты өңдеу және оны педагогикалық тәжірибеде қолдану қабілеті екендігі анықталды. Осыған орай, ҚазҰҚПУ-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер» институтының 1 курс студенттеріне 150 сағат (5 кредит) көлемінде эмоционалды зияткерлік пен икемді дағдыларды дамыту бойынша оқу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламаның тиімділігін диагностикалау және бағалау үшін С.Барон-Коэннің Cambridge Mindreading (CAM) сынақ батареясы, сондай-ақ математикалық статистика әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагогтердің эмоционалды зияткерлігінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру мен дамытуда оң динамика анықталды: эмоцияларды тануда; әйел адамның эмоцияларын тануда; ер адамның эмоцияларын тануда; эмоциялардың жағымды спектрін тануда; эмоциялардың бейтарап спектрін тануда; эмоциялардың жағымсыз спектрін тануда. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ АЛГОРИТМДЕРІН НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІБАҒАЛАУДА ҚОЛДАНУ(2025-03-01); Мақалада банктік несиелік тәуекелді бағалаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау үшін деректерді талдау әдістерін пайдалана отырып, машиналық оқыту алгоритмдері зерттелді. Деректерді өңдеу процесін көрсету үшін мысал ретінде несиелік рейтингтер таңдалды. Несиелік тәуекелді бағалау үшін несиелік скоринг қаржылық институттардағы төлем қабілеттері бар немесе төлем қабілеттері жоқ клиенттерден ажыратудың маңызды құралы екені талданды. Мақалада, машиналық оқыту алгоритмдері кредиттік скорингке сәтті қолданылды. Несиелік тәуекелді азайту – қаржылық дағдарыстардан кейін қызығушылықтың артатын саласы, сондықтан қаржы институттары көптеген деректер жинақтайды. Бұл тәуекел сарапшыларына үлкен деректерді өңдеу және жеке тұлғаның төлем қабілетін анықтау сияқты қиын тапсырма берді. Қаржы институттары жоғары тиімді несиелік скорингтік модельдерді табу үшін күрделі машиналық оқыту әдістерін пайдалана алады. Мақалада салыстырмалы талдау үшін машиналық оқытуды жіктеу әдістері қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, регрессия дефолтты жақсы болжағанын, содан кейін кездейсоқ орман алгоритмі екенін көрсетті. Кеңінен қолданылатын логит моделі тірек векторлық машинаға қарағанда жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, Колмогоров-Смирновтың сынағы арқылы біз машиналық оқытудың басқа әдістерінің кластарды қаншалықты жақсы жіктей алатындығын және логит моделінен асып түсетінін дәлелдедік. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ӨЗІН-ӨЗІ РЕФЛЕКСИЯЛАУ – АТА-АНАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ(Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01); ; ; ; Өзіндік рефлексия қазіргі қоғамда отбасылық қарым-қатынастарды жақсарту және ата- аналардың психологиялық мәдениетін дамыту үшін маңызды құрал ретінде қарастырылады. Бұл тақырып ата-аналардың тәрбиелік әдістерін жетілдіру, эмоцияларын басқару және зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланысты. Өзіндік рефлексия отбасындағы қауіпсіздік пен үйлесімділікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Зерттеудің мақсаты – өзіндік рефлексия механизмдері арқылы отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу және ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Зерттеу аясында өзіндік рефлексия ұғымы талданып, оның ата-аналардың эмоциялық күйін реттеудегі рөлі көрсетілген. Зерттеу барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық) отбасылар арасында 2600 респондентті қамтитын сауалнама жүргізіліп, алынған деректер өзіндік рефлексияның психологиялық мәдениетке әсерін анықтауға мүмкіндік берді. өзіндік рефлексияның психологиялық мәдениетке әсері бағаланды. Мақалада тұлғаның өзін-өзі тану арқылы өз даму әлеуетін арттыруына және тұлғалық өсуіне мүмкіндік беретін өзін-өзі рефлексиялау механизмдерінің теориялық және практикалық аспектілері талданады. Өзін-өзі рефлексиялаудың ата-аналардың өзін өзі танып, бақылай алуы мен психологиялық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, олардың отбасында конструктивті қарым-қатынас жасап, жанжалды басқару қабілеттерін жақсартудағы ықпалы мен маңызы тұжырымдалады. Зерттеу нәтижелері ата-аналардың өзіндік рефлексия жасау арқылы отбасындағы жанжал-дарды азайтып, балаларының психоэмоционалдық күйін жақсартатынын көрсетті. Бұл жұмыс отбасы психологиясы саласына маңызды үлес қосады және тәжірибелік қызметте қолдануға мүмкіндік береді. Бұл мақала ата-аналармен жұмыс жасаудағы жаңа тәсілдерді ұсынуға, отбасындағы үйлесімділікті арттыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған маңызды зерттеу ретінде қарастырылады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СТУДЕНТТЕРДІҢ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР(Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01); ; ;А. К. ИскаковаGaliya Z. TaubaevaБұл мақала мазмұнында студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыру дағы педагогикалық мәселелер туралы қарастырылады. Зерттеу сипатында студенттер арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі субъективті идеяларын жүзеге асыруға болатын жәйттар көрсетіліп, студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша оқу-әдістемелік теориялық зерттеулер мен эксперименттік жұмыс жүргізіліп оның нақты нәтижелері сипатталады. Отбасылық құндылықтар, олардың түрлерінің маңыздылығы қарастырылады. Студенттердің адамгершілік сана-сезімін арттыру, отбасы құндылық ретінде түсіну, отбасылыққарым-қатынас, жанұядағы жанжалдарды бақылау, отбасында шешім қабылдауға белсенді қатысу үшін әдістер қолданылды. Теориялық тұрғыдан мазмұнды талдау, синтез, жинақтау, тексеру, диагностика және т.б. Жоғарыда айтылғандардың негізінде М. Рокичтің «Құндылықты бағдарлау» әдістемесін қолданудың тиімділігі көрсетіледі. Сонымен бірге, отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде ұйымдастырылған экспериментте отбасылық құндылықтардың қалыптасуының пайыздық көрсеткішін ұсынып отырмыз. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың өзгеру тенденциялары анықталды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИМПРОВИЗАЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР(Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01); ; ;Tursymаtova Orazkul ;A. T. UrgenishbekovM. M. DilmakhanovaМақалада студенттерді педагогикалық импровизацияға қатынастыру педагогикалық ЖОО оқытудың барлық мерзімі уақытында олардың психологиялық –педагогикалық, жалпы мәдени және пәндік білім, педагогикалық импровизацияның теориялық негіз білімінің қатаң жүйесін біртіндеп меңгеру жолымен жүзеге асатындығы мен педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері кезеңінде өзіндік импровизациондық әрекеттерінде студенттерді үнемі енгізіп отыру қажеттігі айтылады. Болашақ мамандарды даярлауда педагогикалық импровизация үдерісін ұйымдастыру қағидалары ретінде шығармашылықпен жұмыс қағидасы; өзіндік әрекетті ұйымдастыру қағидасы, сәйкестік қағидасы, студенттерді жиі және үздіксіз қатынастыру қағидасы; өзара байланыс қағидасы түсіндіріледі. Теориялық талдаулар барысында «импровизация», «педагогикалық импровизация», «педагогикалық импрови-зациялық қабілет» ұғымдарының мәні сипатталып, мазмұны нақтыланды. Болашақ мамандардың педагогикалық импровизациялық қабілеттерін қалыптастырудағы эмпирикалық зерттеулердің мазмұны беріледі. Экспериментік-тәжірибе жұмысы болашақ педагогтерді дайындауда педагогикалық импровизацияны қалыптастыру екі кезеңді қамтыды. Біріншісі –қалыптастыру экспериментінің лабораториялық кезеңі. Бұл кезеңде педагогикалық импровизацияға студенттер қатынасын анықтау; педагогикалық импровизация, педагогикалық интуиция, шығармашылық әрекеттер еркіндігі жайлы студенттер білімін анықтау, яғни студентердің педагогикалық импровизацияға бастапқы дайындық деңгейлерін диагностикалау болса, ал екніші кезең –қалыптастыру кезеңі деп қарастырылды. Қалыптастыру кезеңінде студенттердің педагогикалық импровизацияның теориялық негіздері бойынша білімдерін кеңейту; студенттерді импровизациялық іскерлігі барысында сан алуан тапсырмаларды орындауда іскерлік танытып және бекіту; болашақ педагогтерде тұлға сапасын дамыту жұмыстары жүргізіліп, «Педагогикалық импровизация» атты элективті курс бағдарламасының мазмұны талданады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СКРИПТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)Мақалада ұлттық ойындарға қатысты сакралды тілдік бірліктер ұйытқы болған екінші мағыналы скриптонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктері талқыланады. Әлеуметтік маңызы бар феномен ретінде ойын мен ғұрыптық рәсімдердің өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Осыған қатысты тілші, этнограф ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, халықтың рухани және шығармашылық салаларының барлығын қамтитын ұлттық ойындарды ғұрыптық рәсімдермен бір деңгейде қарастырдық.Күні бүгінге дейін этнограф, мәдениеттанушы, тілші ғалымдардың тарапынан ұлттық ойындар мен ғұрыптық рәсімдер, олардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп келеді. Алайда ұлттық бірегейлігімізді, рухани-мәдени болмысымыз бен құндылықтарымыздың көзі ғұрыптық рәсімдер мен салт-дәстүрлеріміздің, меркелер мен ойындарымызды тасымалдаушы, ұлттық жадымызды жаңғыртушы мәдени мәтіндерге байланысты қалыптасып, екінші мағынаға ие болған тілдік қолданыстар («скриптонимдер») зерттеу нысанына алынбай келеді. Осыған орай, ұлттық ойындарды халықтың сан ғасырлық тәжірибесінің айғағы, негізгі құндылықтарымызды сақтаушы және тасымалдаушы қор, кодтық элементтері бар мәдени мәтін деп қарастырып, олардың тілімізде қалыптасқан сакралды-символдық кодты бірліктерге, соның ішінде акционалды, заттық, вербалды, темпоралдық кодты скриптонимдерге ұйытқы болатыны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ұлттық ойындардың негізінде қалыптасқан екінші мәнді скриптонимдердің өзінің «табиғи» прототипімен мағынасы ұқсас болатыны анықталды. Мақалада ұлттық ойындарға қатысты, екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстарға сипаттамалық, этимологиялық талдау, мәліметтерге концептуалды және лингвомәдени түсінік беру әдістері қолданылады. Ұсынылған теориялық тұжырымдар қазақтың салт-дстүрлері, дәстүрлі атаулары туралы жазылған еңбектерден, көркем шығармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мысалдармен дәйектелді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, TIKTOK ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ(2025-03-25) ;С.Ә. Бәкірова; Жаһандану процесінде ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды, тілімізді, өнерімізді сақтай отырып, жаңа дәуірге бейімделу қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Заманауй ортада адами қасиеттерді қалыптастыруға, білім алуға, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға және т.б. факторларға әлеуметтік желілердің, платформалардың әсері артып келеді. Өнер - әлемді көркем бейнелерде бейнелейтін және адамға эмоционалды әсер ететін рухани мәдениеттің бір түрі. Өнер адамның ойлау жүйесі мен сезімдерін қалыптастыра отырып, оның дамуына жан-жақты әсер етеді. Қазіргі таңда өнердің атқаратын функциялары қайта қарастырылып, қоғамдық сананы әлеуметтік желілермен қатар қалыптастыруда. Хореография өнерінің танымдық мүмкіндіктері шексіз және адамның рухани өмірінің басқа салаларымен алмастырылмайды. TikTok әлеуметтік желісі адаманың өміріне еніп, қоғамның барлық салаларымен бірге дамып келеді. Сондықтанда, жан-жақты пәнаралық зерттеулерді талап етеді. Зерттеу барысы үш кезеңде жүргізілді. Шет елдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдау, хореография өнері саласының мамандарымен сауалнама жүргізу, платформаны белсенді қолданатын хореографтармен сұхбат жүргізу. Зерттеу нәтижесінде TikTok платформасының хореограф мамандардың кәсіби қызметінің бір саласына айналғандығын көреміз. Сонымен қатар, хореография өнеріне тигізетін тиімді және тиімсіз тұстары анықталып, би өнерін әрі қарай дамыту үшін қолдануға ұсыныстар жасалды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ФИЛОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІБұл мақалада Қазақстандағы болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану мәселесі зерттеледі. Ғаламдану және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдалануға дайын жаңа буын мұғалімдерін қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу мақсаты – болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзыреттерін дамытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Негізгі идеялар АКТ-ны оқу процесіне интеграциялау қажеттілігі және филологиялық пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістерін қайта қарауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлауда АКТ-ны қолданудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтауда жатыр. Практикалық маңыздылығы АКТ-ны білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеуде көрініс табады. Зерттеу әдістемесі ғалымдардың идеяларын талдау, салыстыру, жүйелеу сияқты теориялық әдістерді және бақылау, сауалнама жүргізу, мұғалімдер мен студенттердің АКТ қолдануын бағалау сияқты эмпирикалық әдістерді қамтиды. Зерттеу жүргізу барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің филология факультетінің 85 студентіне сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері АКТ қолдану болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлау сапасын арттыруға, олардың лингводидактикалық құзыреттерін дамытуға және кәсіби өсуге деген ынтасын жоғарылатуға ықпал ететінін көрсетті. АКТ оқу процесінде маңызды құрал болып табылатыны және материалды жақсы меңгеруге ықпал ететіні анықталды. Зерттеу филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосады, АКТ-ны білім беру процесіне интеграциялау және болашақ мұғалімдерді даярлау тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар ұсынады.
