Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
100 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, STUDY OF THE QUALITY OF A SYNBIOTIC FERMENTED MILK PRODUCT WITH ISOMALT(Research and Production Center of Microbiology and Virology, 2023-03-16) ;К.Т. ӘДІЛОВА ;Elmira Kuandykovna Assembayeva ;К.А. МЫРЗАБЕК ;А.Е. РябоваZaure Zhunusovna SeidakhmetovaТамақ өнеркәсібінің басым бағыттарының бірі құрамында синбиотиктер және төмен гликемиялық индексі бар функционалды өнімдердің технологияларын дамыту болып табылады. Синбиотиктерді қолдану ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге ықпал етеді, ал сахарозаны изомальтпен ауыстыру арқылы гликемиялық индекстің төмендеуі мүмкін. Йогурт бұл мәселені шешу үшін оңтайлы өнім болып табылады. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты изомальтты қосу арқылы синбиотикалық йогурттың технологиясын жасау болды. Мақалада изомальтпен синбиотикалық йогурт алудың технологиялық циклі берілген. Сонымен қатар физика-химиялық, органолептикалық, реологиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелері берілген. Қосымша суда еритін витаминдердің құрамы зерттелді. Алынған нәтижелерді талдау өнімнің ашытылған сүт өнімдеріне қойылатын талаптарға сай екендігін көрсетті. Суда еритін витаминдердің мөлшерінің жоғарылауы байқалды. Микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде патогенді микрофлора табылмады, бұл оның қауіпсіздігін көрсетеді. Дегенмен, жарамдылық мерзімі сақтау шарттарымен сәйкес келеді. Осылайша, жүргізілген зерттеулер пребиотик – изомальттың сүтқышқылды өнімдердің органолептикалық, физика-химиялық, реологиялық, микробиологиялық көрсеткіштеріне оң әсер ететінін көрсетті. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БРЕНД АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІТіл ұлттың болашағы, тіл арқылы «қазақтың» болмысы сақталатындығы белгілі. Сондықтан әрбір қазақ тілі маманы тілдің өміршеңдігіне ықпал ететін барлық факторларды ескере отырып, өз үлесін қосқысы келеді. Жас ұрпақтың ана тілінің табиғатын толық біліп шығуына көмектесетін, мектеп қабырғасында оқушының он бір жыл бойы оқитын незігі пәні, «Қазақ тілінің» алатын орны ерекше. Бұл мақалада «ұлттық құндылықтар, тілдің табиғи ерекшелігін, болмысын сақтауға көмектесетін түрлі тапсырмалар қазақ тілі оқулықтарында қамтылуы міндетті ме?» және оқушының бойында қалыптастыратын дағдылардан бөлек, құзыреттіліктердің ішінде лингвомәдени құзыреттіліктің қаншалықты қажеттілігі бар екендігі жазылған. «Ұлттық брендтер арқылы лингвомәдени құзыреттілікті арттырудың тиімділігі қаншалықты?» деген сұрақтарға да жауап ізделеді. Аталған мәселені шешуде теориялық талдау, салыстырмалы-тарихи және сипаттау әдістері қолданылды. Лингвомәдени құзыреттілікті дамыту үшін түрлі әдістер ұсынылды. Көнерген ұлттық атауларды да жаңғыртып, брендке айналдыру мүмкіншілігінің бар екендігін, ал бренд болу үшін ол заттың қолданысын күшейтіп, тиімділігі мен қажеттілігін көрсету керектігі жайында жазылады. Оқушының бойында ұлттық брендтер арқылы лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру тілдің жасампаздығы мен өміршеңдігіне және жас ұрпақтың ана тілінің құндылығын бойына сіңіріп өсуіне септігін тигізеді деген тұжырым жасалды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ, НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫҰсынылып отырған мақала қазіргі таңда адам өмірінің қажетті әрі маңызды алғышартына айналып отырған, тіл үйренуде, түрлі мәдениеттермен байланысқа түскенде бетпе-бет келетін ұғым мәдениетаралық қатысым, оның түрлерін, сипатын қарастырып талдайды. Мәдениетаралық қатысым немесе коммуникация, оның негізгі екі түрі вербалды және бейвербалды коммуникация сипаты, ерекшеліктері, айырмашылықтары, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты осы саланың өзекті мәселелерін қарастырады. Аталмыш тақырып аясында көптеген еңбектер жазылып, зерттеулер жасалып жүр. Біздіңде сол салаға үлес қосып, зерттеуді практикалық жақтан зерделеп, қарапайым тілмен ғылыми ұғымдарды суреттеп көрсету. Мақаланы жариялау мақсаты – шет тілдік мамандықтарда мамандар даярлауда тиімді мәдениетаралық қатысым жасау үшін ескерілуі тиіс маңызды белгілер, сипаттар, алғышарттарды талқылап, ара жігін ашып, осы коммуникация түрін тиімді қолдана білу үшін кеңестер ұсыну. Мақалада мәдениетаралық құзіреттілік, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты терминдер қарастырылады, мәдениетаралық қатысымның негізгі екі түрі ретінде қарастырылатын вербалды және бейвербалды коммуникацияларды қалай бір-бірінен ажыратамыз, олардың қайсысы коммуникацияның тиімді болуына ықпалы зор екенін ашуға тырысамыз. Мақалада берілген зерттеу нысанын талдау барысында суреттеу, жүйелеу, салғастыру және салыстыру, сұрыптау, жинақтау, прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің әдіснамасы мәдениетаралық қатысым теориясын зерттеген ғалымдар мен еңбектерді аналитикалық тұрғыдан шолу жасауға негізделген. Мақалада қарастырылып отырған тақырып, зерттеу нысаны теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды, оның себебі мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасы, мәдениетаралық қатысым негіздері пәндерін оқып үйренгенде студенттерге, білім алушыларға осы тақырып аясында нақты әрі түсінікті көмекші құрал болмақ. Мақалада мәдениетаралық қатысым, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік, вербалды және бейвербалды коммуникация терминдеріне анықтама беріліп, олардың негізгі сипаттамалары, тиімділік дәрежесі анықталды, бұл өз кезегінде жұмыстың нәтижесі болып саналады. Коммуникация барысында вербалды және бейвербалды коммуникация түрінің қайсысы тиімді екені коммуникация сипатына, ресми немесе бейресми болғандығына, ақпарат берушінің ойы, жоспары, ниетіне байланысты, коммуникант қай коммуникация түрін таңдайтынына байланысты болатындығы жайлы практикалық кеңестер берілді. Мақалада талданған тақырыпқа сай ұғымдар студенттерге, магистранттарға мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасын оңай меңгеруге, семинар сабақтарында тақырыпты ашуға, коммуникация түрлерінің айырмашылықтарын сезінуге, екі коммуникацияның негізін айқындауға көмек қолын ұсынатын құнды жұмыс. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ(2023-03-30); ;Я. Култан"Бұл мақалада қазіргі қоғамда білім берудің қажеттілігі оқытудың жаңа және тиімді педагогикалық технологияларын іздеу болып табылады. Жеке тұлғаның жеке қасиеттерін дамыту білім берудің маңызды міндетіне айналады. Алайда, білім беру мекемесінің түлегі қалыптасқан жеке қасиеттерге ие емес. Жеке тұлғаның жеке қасиеттерін дамыту үшін оған жағдай жасау қажет: – өмірлік жағдайларға бейімделу, өз бетінше білім алу, оларды іс жүзінде қолдана білу; – өз бетінше сыни тұрғыдан ойлау, мәселені көре білу, қажетті шешімді ұтымды және сауатты таңдау; – ақпаратпен сауатты жұмыс жасау; – көпшіл болу, ұжымда жұмыс істей білу. Цифрлық білім беру жағдайында қарастырылып отырған проблеманың өзектілігі ЖОО-ның бейімделген оқыту қолжетімділікті кеңейту. Бейімделген білім беру жүйелерінің тенденциялары студенттерге тиімді оқуға көмектесу арқылы білім беру жүйесін өзгертуге көмектеседі. Инновациялық оқыту студенттердің интеллектуалдық, шығармашылық және адамгершілік дамуының қажетті шарты ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда оқытушы студенттерге қажетті ақпаратты өз бетінше алу және талдау дағдыларын үйретуі қажет. Бірінші кезекте өзін-өзі тәрбиелеуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру міндеттері қойылады. Қойылған мақсатқа жету үшін авторлар мынадай міндеттерді қойды: бейімделген оқыту моделін жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізу; бейімделгені оқыту моделін құру; бейімделген оқыту моделін іске асыру үшін талдау жүргізу және материал таңдау. Кілтті сөздер: цифрлық білім беру, бейімделген оқыту, білім беру ортасы, инновациялық оқыту, ақпараттық оқыту жүйесі. " - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОРПУС ЖАСАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ"Қазақ тілінің мультимедиялық корпусын жасау – көп зерттеуді қажет ететін тың сала. Ауызекі сөйлеу тілі бүгінгі күнге дейін тек мәтінді салыстыру, талдау деңгейінде ғана қарастырылып келді. Мультимедиялық корпус екінші тіл ретінде қазақ тілін меңгертуде өте тиімді құрал бола алады. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл нормасындағы ауытқулар мен сәйкессіздіктерді анықтауда зор үлесін қоса алады. Бұл мақалада мультимедиялық корпус жасау барысында туындайтын проблемалар анықталды. Проблемаларды анықтау – корпус жасау жұмысын жеңілдетіп, алдын ала кедергілерді жеңуге көмегін тигізеді. Ол үшін «Корпус» терминіне қысқаша түсініктеме беріліп, соның ішіндегі «мультимедиялық корпус» анықталды. Қазақ тілінің ұлттық корпусы және шетелдік НКРЯ (Орыс тілінің ұлттық корпусы) құрамына енетін мультимедиялық корпустың (МУРКО) мысалында қысқаша сипаттама жасалды. Осы саланы зерттеген ғалымдардың тұжырымдарына сүйеніп, мультимедиялық корпустардың маңыздылығы және қажеттілігі айқындалды. Сонымен қатар корпусты жасау барысында туындайтын қиындықтар қарастырылды. Олар бірнеше түрге бөлінді. Атап айтқанда, мультимедиялық корпустың репрезентативтілігі, тақырыптарға бөліп тегтеу, корпустың ыңғайлылығы, техникалық безендірілуі, әдеби тілдің нормасының ережелерін сақтау т.б. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің мультимедиялық корпусының теориялық тұжырымдарын жасап, ішкорпустарға бөлуге септігін тигізеді. Кілтті сөздер: корпустық лингвистика, корпус, мультимедия, ішкорпус, мәтін. " - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ТАЛШЫҚТЫ БРЭГГ ТОРЛАРЫН ҚОЛДАНАТЫН КАБЕЛЬ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ ЖҮЙЕСІ(Mukhametzhan Tynyshbayev ALT University, 2023-08-25) ;Aliya Kalizhanova ;Айнұр Козбакова; ; Shyngys KenshimovБұл мақалада талшықты Bragg торларын қолданатын кабель температурасын өлшеу жүйесі қарастырылады. Әуе желісінің кабелінің температурасын өлшеу және ұзарту жүйесі екі арматурадан тұратын электр желісінің сымын қамтиды, оның ішінде фитингтерде ойықтар бар, оның ішінде белгілі бір ұзындығы бар мыс пластина ілінеді, мыс пластинада эпоксидті шайыр құйылатын саңылау , көп режимді оптикалық талшыққа, оптикалық қосқышқа, ультракүлгін эксимер лазеріне және талшықты-оптикалық қосқышқа, жарық қуат детекторына жазылған көлбеу талшықты Bragg торы. Эксперимент нәтижелері көрсетеді. өлшеу қателігі және сенсорды калибрлеу нәтижесінің қателігі 0,0634°С; жүйенің ақауын табу уақыты 3,24 с аспайды. Жүйе жоғары өлшеу дәлдігі мен тамаша тұрақтылыққа ие, нақты температураны өлшеу жүйелеріне бейімделуі мүмкін және белгілі бір практикалық құндылыққа ие. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕОМЕТРИЯДАН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ТҮСІНУІНЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕР(2023-09-01); ; ; А. АдиеваБұл жұмыста Geogebra бағдарламасының көмегімен геометрия пәнінен 7 сыныпта өтілетін «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау қарастырылады. Зерттеу жүргізу барысында квазиэксперименттік әдіс қолданылып, оған No 129 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды 15-тен екі топқа: 1-шісі компьютерлік интерактивті Geogebra бағдарламасының көмегімен оқытылатын эксперименттік, 2-шісі дәстүрлі оқыту қолданылатын бақылау тобы болып бөлінді. Зерттеуді жүргізу барысында оқушылардан pre-test (зерттеуге дейінгі) және post-test (зерттеуден кейінгі) тестілері алынды. Зерттеуге дейінгі және кейінгі тесттер арасындағы айырмашылық Geogebra бағдарламасы оқушылардың оқу үлгерімінеәсерін анықтайтын етіп құралды. Сонымен қатар, Geogebra бағдарламасының әсері, пайдасы туралы оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде Geogebra бағдарламасының (p < 0,05) «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы пайдасы, әсері, тиімділігі анықталды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, INVESTIGATION OF PROTEOLYTIC PROPERTIES OF LACTIC ACID BACTERIA USED IN CHEESE PRODUCTION(Research and Production Center of Microbiology and Virology, 2023-09-20) ;Г. Қ. Абай; ; ; Түйін Тағамдық биотехнология саласында ірімшік биологиялық және нутрицевтикалық құндылығы жоғары сүт өнімі ретінде белгілі. Организммен биосіңірілуі жоғары болғандықтан тұтынушылар арасында мол сұранысқа ие. Пайдалы қасиеттерін нақтылау мақсатында қазіргі таңда ірімшік өндірісіндегі базалық құрам-бөлік – бактериялық ұйытқы дақылдарын белсенділік деңгейлері бойынша іріктеудің маңыздылығы жоғары. Ұйытқы дақылының құрамына енетін лактобактерия штамдарының протеолитикалық қасиеттерін зерттеудің өзектілігі бұл штамдардың соңғы өнімнің органолептикалық қасиеттері мен биологиялық құндылығына тікелей әсер етуімен негізделеді. Лактобактериялардың өнімммен бірге адам организміне енген сәттен бастап асқазан – ішек жолындағы микробиомды қалыпқа келтіруге қызмет етуі соңғы өнімнің (ірімшіктің) функционалдылығын нақтылайды. Мақалада функционалды бағыттағы ірімшік өндірісінде қолданылатын бактериялық ұйытқының құрамына кіретін лактобактерия штамдарының технологиялық маңызды протеолитикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу объектілерінің барлығы дерлік казеин протеолизіне қатыса алатындығы зерттелінді. Жоғары белсенділікке ие штамдар: Lactiplantibacillus plantarum CHE37 Сһ-1 - 19,0±0,5 мм, Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 және Lactococcus lactis 1881 Сһ-8 дақылдарында - 12,0±0,2 мм мөлшерінде мөлдірлену аймағы анықталды. Сонымен қатар, желатинді протеолиздеу қарқындылығы жоғары штамдар Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 және Streptococcus macedonicus LAB 617 СМ-16 штамдары екендігі белгілі болды. Олар ЕПЖ (ет-пептонды желатин) қоректік ортасында пробирка бойымен және пробирка түбінде тұнба түзу арқылы өсу ерекшелігін көрсетіп, жартылай қатты ЕПЖ қоректік ортасын толықтай сұйылтты. Жұмыс қорытындысы бойынша протеолитикалық белсенділіктері жоғары сүтқышқылды бактериялар штамдары функционалды бағыттағы ірімшік өндірісі үшін қолданылатын ұйытқы дақылдарының құрамына енуіне толық негіз бар. In the field of food biotechnology, cheese is known as a dairy product with high biological and nutraceutical value. Due to the high bioavailability of the body, it is in great demand among consumers. In order to clarify the useful properties, currently in the production of cheese, it is of great importance to select the activity levels of lactobacillus cultures that are part of the starter culture. The relevance of the study of morphological, cultural and proteolytic properties of lactobacillus strains that are part of the starter culture is due to the direct influence of these strains on the organoleptic properties and biological value of the final product. Lactic acid bacteria in the starter culture should serve to normalize the microbiome of the gastrointestinal tract, thereby ensuring the functionality of the final product (cheese). The article presents the results of a study of the morphological, cultural and proteolytic properties of lactobacillus strains that are part of the bacterial starter culture used in the production of functional cheeses. It was revealed that all the objects of the study can participate in the proteolysis of casein. Active strains that have shown high results are Lactiplantibacillus plantarum CHE37 Ch-1 - 19.0± 0.5 mm, Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 CM-14 andLactococcus lactis 1881 Ch-8, the zone of enlightenment in the latter - 12.0± 0.2 mm. Only two strains can participate in gelatin proteolysis - Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 и Streptococcus macedonicus LAB 617 СМ-16. According to the results of the work, there is every reason to believe that strains of lactic acid bacteria with high proteolytic activity can be part of the starter culture used for the production of functional cheeses. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, РАЗВИТИЕ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ АКТИВНОСТИ УЧАЩИХСЯ ПРИ ОБУЧЕНИИ ДЕТСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ ПОСРЕДСТВОМ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙМақалада бастауыш сыныптардағы балалар әдебиеті материалдарын оқыту негізінде оқушы- лардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық және эмпирикалық зерттеулері талданады. Теориялық талдаулар бойынша таным үрдісі – сӛйлеу, пікір алысу, ойлау, ойдың айқындылығы, эмоциялық қалыпта болу деп баяндалады. Танымдық белсенділік ұғымының мазмұны психологиялық (табиғи күш, ақыл-ой, ерік, ұмтылыс), педагогикалық (интегралды білім, интеллектуалдылық) және филологиялық (сӛйлеу, сӛйлеу мәнері, мәдени ой-сана) тұрғыда сипатталады. Теориялық талдауларды негізге алып, авторлар тарапынан «танымдық белсенділік – бұл екі жақты үдеріс, бір жағынан, білім алушының ӛзін-ӛзі ұйымдастыруы мен ӛзін-ӛзі жүзеге асыруының бір түрі ретінде, екінші жағынан, мұғалімнің білім беру белсенділігін ынталандыратын әдістерді іздеудегі ерекше күш-жігерінің нәтижесі» деген нақтылау жасалады. Балалар әдебиетін материалдарын оқытуда «Learningapps.org» бағдарламасын қолдану ұсынылады. Ал эмпирикалық бӛлімде балалар әдебиетін оқытудағы танымдық белсенділік деңгейлерін анықтауға арналған диагностикалық жұмыстардың жүргізілу барысы беріледі. Ш.Шварцтың «Құндылық сауалнамасы» әдістемесі бойынша берілген құндылықтарға шкалалық бағандар оқушылардың ассоцациялық ойлауын, абстракциялай алуын, ой-пікірін ӛзіндік толықтыра алуы және зейіні мен есте сақтауындағы дамуларды анықтауға арналады. Тҥйін сӛздер: балалар әдебиеті, таным, танымдық белсенділік, сӛйлеу, «Learningapps.org» бағдарламасы. В статье анализируются теоретические и эмпирические исследования развития познавательной активности учащихся на основе изучения материалов детской литературы в начальных классах. Теоретический анализ показывает, что познавательный процесс – речь, обмен мнениями, мышление, ясность мысли, эмоциональная осанка. Содержание понятия познавательной деятельности харак- теризуется психологическим(природная сила, ум, воля, стремление), педагогическим (интегральное знание, интеллектуальность) и филологическим (речь, манера речи, культурное мышление). Исходя из теоретического анализа, со стороны авторов делается уточнение, что «познавательная активность – это двусторонний процесс, с одной стороны, как форма самоорганизации и самореализации обучающегося, с другой – результат особых усилий педагога в поиске методов, стимулирующих образовательную активность». В преподавании материалов детской литературы рекомендуется использовать программу «Learningapps.org». А в эмпирическом разделе дается ход проведения диагностических работ по определению уровней познавательной активности в обучении детской литературе. По методике Ш.Шварца «Ценностный опросник» шкальные столбцы по заданным ценностям посвящены выявлению ассоциационного мышления, абстрагирования, самостоятельного дополнения мышления учащихся и развития внимания и памяти. Ключевые слова: детская литература, познание, познавательная деятельность, речь, программа The article analyzes theoretical and empirical studies of the development of cognitive activity of students based on the study of materials of children's literature in primary school. Theoretical analysis shows that the cognitive process is speech, exchange of opinions, thinking, clarity of thought, emotional posture. The content of the concept of cognitive activity is characterized by psychological (natural strength, mind, will, aspiration), pedagogical (integral knowledge, intelligence) and philological (speech, manner of speech, cultural thinking). Based on the theoretical analysis, the authors clarify that «cognitive activity is a two-way process, on the one hand, as a form of self-organization and self-realization of the student, on the other-the result of special efforts of the teacher in the search for methods that stimulate educational activity». In teaching materials of children's literature, it is recommended to use the program «Learningapps.org». And in the empirical section, the progress of diagnostic work is given to determine the levels of cognitive activity in teaching children's literature. According to the method of Sh . Schwartz's "Value Questionnaire" the scale columns on the given values are devoted to the identification of associative thinking, abstraction, independent addition of students' thinking and the development of attention and memory. Keywords: children's literature, cognition, cognitive activity, speech, program «Learningapps.org». - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОСОБЕННОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО РЕСУРСА В ОБУЧЕНИИ СТУДЕНТОВҚоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім беру технологияларын дамыту мен қолдану ерекше маңызға ие болуда, бұл, біздің ойымызша, қазіргі білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды факторы болып табылады. Мақалада сандық білім беру үдерісіне білім беру ресурстарын оқу үдерісіне қолдану жөніндегі мәселелер қарастырылады. Мақаланың мақсаты, студенттердің сандық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталады. Сандық білім беру ресурстары оқу үдерісін жақсартуды ұйымдастыру, тұлғаға бағытталған оқыту; сандық білім беру ресурстары оқытушы мен студенттердің сабақтан қалған уақыттағы олқылықтарды жоюға; сабақтан кейін өзіндік іздену нәтижелерін жақсартуға; студенттің ізденуіне үлкен мүмкіндік береді. Сандық білім беру ресурстарының жиынтықтары студентке ақпараттың үлкен ағымын жеткізеді. Оқу үрдісінде сандық білім беру ресурстарын қолдану – бұл оқу процесін жетілдіруге, оңтайлан- дыруға, студенттердің пәнге оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дамыта оқыту идеяларын жүзеге асыруға, сабақтың қарқынын, өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірін ұсыну әрекеті болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, авторлар мақалада сандық білім беру ресурстарының үштұғырлы дидактикалық қызметін: сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып оқыту, дамыту, тәрбиелеуге назар аударыды. Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, сандық, білім беру ресурстары, электрондық білім беру, контент На современном этапе развития общества особую значимость приобретает развитие и приме- нение цифровых образовательных технологий, что, на наш взгляд, является значимым фактором усовершенствования современной системы образования. Данная статья посвящена вопросу введению цифровых образовательных ресурсов в образовательный процесс. Цель статьи направленная на повышение уровня цифровой грамотности студентов. Цифровые образовательные ресурсы предоставляют огромные возможности преподавателю, обеспечивают мощными средствами, которые разрешают следующие вопросы: улучшение организации учебного процесса, повышение индивидуализации обучения; цифровые образовательные ресурсы предоста- вляют возможность преподователю и студентам для устранения пробелов, возникших из-за пропуска уроков; улучшают результаты самоподготовки после уроков; средство индивидуализации работы самого преподавателя. Комплекты образовательных цифровых ресурсов позволяют довести до обучающегося огромный поток информации. Использование образовательных цифровых ресурсов в учебном процессе – это попытка предложить один из путей, позволяющих интенсифицировать учебный процесс, оптимизировать его, поднять интерес студентов изучению предмета, реализовать идеи развивающего обучения, повысить темп урока, увеличить объём самостоятельной работы. Таким оброзом, авторы уделяет внимание на цифровые средства обучения, которые выполняют триединство дидактических функций: обучение, развитие, воспитание в рамках предметной деятельности с учётом использования средств образовательных цифровых ресурсов. Ключевые слова: дистанционное обучение, цифровое, образовательные ресурсы, электронное обучение, контен At the present stage of the development of society, the development and application of distance education technologies is of particular importance, which, in our opinion, is a significant factor in improving the modern education system. This article is devoted to the introduction of digital educational resources in the educational process. The purpose of the article is aimed at increasing the level of digital literacy of students. Digital educational resources provide great opportunities for the teacher, provide powerful tools that solve the following issues: improving the organization of the educational process, increasing the individualization of learning; digital educational resources provide an opportunity for the teacher and the student to eliminate gaps that have arisen due to skipping lessons; improve the results of self-training after lessons; a means of individualizing the work of the teacher himself. These digital educational resources allow you to bring a huge flow of information to the student. The use of digital educational resources in the educational process is an attempt to offer one of the ways to intensify the educational process, optimize it, raise the interest of students in studying the subject, implement the ideas of developing learning, increase the pace of the lesson, increase the amount of independent work. Thus, the authors pay attention to digital learning tools that perform a trinity of didactic functions: teaching, development, education within the framework of subject activities, taking into account the use of digital educational resources. Keywords: distance learning, digital, educational resources, e-learning, content.Цитирования (OpenAlex) 1
