Жарияланымдар / Публикации

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 10 из 130
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    STUDY OF THE QUALITY OF A SYNBIOTIC FERMENTED MILK PRODUCT WITH ISOMALT
    (Research and Production Center of Microbiology and Virology, 2023-03-16)
    К.Т. ӘДІЛОВА
    ;
    Elmira Kuandykovna Assembayeva
    ;
    К.А. МЫРЗАБЕК
    ;
    А.Е. Рябова
    ;
    Zaure Zhunusovna Seidakhmetova
    Тамақ өнеркәсібінің басым бағыттарының бірі құрамында синбиотиктер және төмен гликемиялық индексі бар функционалды өнімдердің технологияларын дамыту болып табылады. Синбиотиктерді қолдану ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге ықпал етеді, ал сахарозаны изомальтпен ауыстыру арқылы гликемиялық индекстің төмендеуі мүмкін. Йогурт бұл мәселені шешу үшін оңтайлы өнім болып табылады. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты изомальтты қосу арқылы синбиотикалық йогурттың технологиясын жасау болды. Мақалада изомальтпен синбиотикалық йогурт алудың технологиялық циклі берілген. Сонымен қатар физика-химиялық, органолептикалық, реологиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелері берілген. Қосымша суда еритін витаминдердің құрамы зерттелді. Алынған нәтижелерді талдау өнімнің ашытылған сүт өнімдеріне қойылатын талаптарға сай екендігін көрсетті. Суда еритін витаминдердің мөлшерінің жоғарылауы байқалды. Микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде патогенді микрофлора табылмады, бұл оның қауіпсіздігін көрсетеді. Дегенмен, жарамдылық мерзімі сақтау шарттарымен сәйкес келеді. Осылайша, жүргізілген зерттеулер пребиотик – изомальттың сүтқышқылды өнімдердің органолептикалық, физика-химиялық, реологиялық, микробиологиялық көрсеткіштеріне оң әсер ететінін көрсетті.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БРЕНД АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
    (Toraighyrov University, 2023-03-29) ;
    Ш.Мұсатай
    ;
    Тіл ұлттың болашағы, тіл арқылы «қазақтың» болмысы сақталатындығы белгілі. Сондықтан әрбір қазақ тілі маманы тілдің өміршеңдігіне ықпал ететін барлық факторларды ескере отырып, өз үлесін қосқысы келеді. Жас ұрпақтың ана тілінің табиғатын толық біліп шығуына көмектесетін, мектеп қабырғасында оқушының он бір жыл бойы оқитын незігі пәні, «Қазақ тілінің» алатын орны ерекше. Бұл мақалада «ұлттық құндылықтар, тілдің табиғи ерекшелігін, болмысын сақтауға көмектесетін түрлі тапсырмалар қазақ тілі оқулықтарында қамтылуы міндетті ме?» және оқушының бойында қалыптастыратын дағдылардан бөлек, құзыреттіліктердің ішінде лингвомәдени құзыреттіліктің қаншалықты қажеттілігі бар екендігі жазылған. «Ұлттық брендтер арқылы лингвомәдени құзыреттілікті арттырудың тиімділігі қаншалықты?» деген сұрақтарға да жауап ізделеді. Аталған мәселені шешуде теориялық талдау, салыстырмалы-тарихи және сипаттау әдістері қолданылды. Лингвомәдени құзыреттілікті дамыту үшін түрлі әдістер ұсынылды. Көнерген ұлттық атауларды да жаңғыртып, брендке айналдыру мүмкіншілігінің бар екендігін, ал бренд болу үшін ол заттың қолданысын күшейтіп, тиімділігі мен қажеттілігін көрсету керектігі жайында жазылады. Оқушының бойында ұлттық брендтер арқылы лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру тілдің жасампаздығы мен өміршеңдігіне және жас ұрпақтың ана тілінің құндылығын бойына сіңіріп өсуіне септігін тигізеді деген тұжырым жасалды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
    (2023-03-30) ;
    Я. Култан
    ;
    "Бұл мақалада қазіргі қоғамда білім берудің қажеттілігі оқытудың жаңа және тиімді педагогикалық технологияларын іздеу болып табылады. Жеке тұлғаның жеке қасиеттерін дамыту білім берудің маңызды міндетіне айналады. Алайда, білім беру мекемесінің түлегі қалыптасқан жеке қасиеттерге ие емес. Жеке тұлғаның жеке қасиеттерін дамыту үшін оған жағдай жасау қажет: – өмірлік жағдайларға бейімделу, өз бетінше білім алу, оларды іс жүзінде қолдана білу; – өз бетінше сыни тұрғыдан ойлау, мәселені көре білу, қажетті шешімді ұтымды және сауатты таңдау; – ақпаратпен сауатты жұмыс жасау; – көпшіл болу, ұжымда жұмыс істей білу. Цифрлық білім беру жағдайында қарастырылып отырған проблеманың өзектілігі ЖОО-ның бейімделген оқыту қолжетімділікті кеңейту. Бейімделген білім беру жүйелерінің тенденциялары студенттерге тиімді оқуға көмектесу арқылы білім беру жүйесін өзгертуге көмектеседі. Инновациялық оқыту студенттердің интеллектуалдық, шығармашылық және адамгершілік дамуының қажетті шарты ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда оқытушы студенттерге қажетті ақпаратты өз бетінше алу және талдау дағдыларын үйретуі қажет. Бірінші кезекте өзін-өзі тәрбиелеуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру міндеттері қойылады. Қойылған мақсатқа жету үшін авторлар мынадай міндеттерді қойды: бейімделген оқыту моделін жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізу; бейімделгені оқыту моделін құру; бейімделген оқыту моделін іске асыру үшін талдау жүргізу және материал таңдау. Кілтті сөздер: цифрлық білім беру, бейімделген оқыту, білім беру ортасы, инновациялық оқыту, ақпараттық оқыту жүйесі. "
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ, НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
    (Ablai Khan University, 2023-03-30)
    Ұсынылып отырған мақала қазіргі таңда адам өмірінің қажетті әрі маңызды алғышартына айналып отырған, тіл үйренуде, түрлі мәдениеттермен байланысқа түскенде бетпе-бет келетін ұғым мәдениетаралық қатысым, оның түрлерін, сипатын қарастырып талдайды. Мәдениетаралық қатысым немесе коммуникация, оның негізгі екі түрі вербалды және бейвербалды коммуникация сипаты, ерекшеліктері, айырмашылықтары, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты осы саланың өзекті мәселелерін қарастырады. Аталмыш тақырып аясында көптеген еңбектер жазылып, зерттеулер жасалып жүр. Біздіңде сол салаға үлес қосып, зерттеуді практикалық жақтан зерделеп, қарапайым тілмен ғылыми ұғымдарды суреттеп көрсету. Мақаланы жариялау мақсаты – шет тілдік мамандықтарда мамандар даярлауда тиімді мәдениетаралық қатысым жасау үшін ескерілуі тиіс маңызды белгілер, сипаттар, алғышарттарды талқылап, ара жігін ашып, осы коммуникация түрін тиімді қолдана білу үшін кеңестер ұсыну. Мақалада мәдениетаралық құзіреттілік, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты терминдер қарастырылады, мәдениетаралық қатысымның негізгі екі түрі ретінде қарастырылатын вербалды және бейвербалды коммуникацияларды қалай бір-бірінен ажыратамыз, олардың қайсысы коммуникацияның тиімді болуына ықпалы зор екенін ашуға тырысамыз. Мақалада берілген зерттеу нысанын талдау барысында суреттеу, жүйелеу, салғастыру және салыстыру, сұрыптау, жинақтау, прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің әдіснамасы мәдениетаралық қатысым теориясын зерттеген ғалымдар мен еңбектерді аналитикалық тұрғыдан шолу жасауға негізделген. Мақалада қарастырылып отырған тақырып, зерттеу нысаны теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды, оның себебі мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасы, мәдениетаралық қатысым негіздері пәндерін оқып үйренгенде студенттерге, білім алушыларға осы тақырып аясында нақты әрі түсінікті көмекші құрал болмақ. Мақалада мәдениетаралық қатысым, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік, вербалды және бейвербалды коммуникация терминдеріне анықтама беріліп, олардың негізгі сипаттамалары, тиімділік дәрежесі анықталды, бұл өз кезегінде жұмыстың нәтижесі болып саналады. Коммуникация барысында вербалды және бейвербалды коммуникация түрінің қайсысы тиімді екені коммуникация сипатына, ресми немесе бейресми болғандығына, ақпарат берушінің ойы, жоспары, ниетіне байланысты, коммуникант қай коммуникация түрін таңдайтынына байланысты болатындығы жайлы практикалық кеңестер берілді. Мақалада талданған тақырыпқа сай ұғымдар студенттерге, магистранттарға мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасын оңай меңгеруге, семинар сабақтарында тақырыпты ашуға, коммуникация түрлерінің айырмашылықтарын сезінуге, екі коммуникацияның негізін айқындауға көмек қолын ұсынатын құнды жұмыс.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    "МЕКТЕПТЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ"
    "Бұл мақаланың мақсаты мектеп бағдарламасындағы физиканы оқуда элементар бөлшектерді модельдеуді қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтау болды . Әдістемелік білімді қалыптастыру – білім беруде физиканы оқытудың барлық кезеңдеріндегі міндеттерінің бірі. Оны шешуге деген жүйелі көзқарас оқушылардың физика ғылымының іргелі идеяларын түсінуіне қол жеткізуге бағытталған мақсатты қамтиды: элементарлылық, дискреттілік, сақталу, симметрия, салыстырмалылық, дүниенің материалдық бірлігі мен тұтастығы. Модельдеу шындықты ғылыми танудың тәсілі ретінде ежелден бері ғылымның ең қуатты құралдарының бірі болды. «Модель» сөзінің өзі ежеден бері белгілі, сөздің бастапқы мағынасы сәулет өнерімен байланысты болды. Орта ғасырларда ол ғимараттың барлық пропорциялары көрсетілген масштабты белгіледі. Кейіннен кез келген құбылысты тікелей зерттеу мүмкін емес немесе тиімсіз болып шыққан кезде модель ұғымы ғылыми зерттеулерде қолданыла бастады. Модельдеудің бастамасын теориялық зерттеу әдісі ретінде И.Ньютон салды, ол кітапта сұйық ортада қозғалатын денелердің кедергісі бойынша тәжірибе нәтижелерін басқа жағдайларға ауыстыруға мүмкіндік беретін екі ұқсастық теоремасын тұжырымдады. «Натурфилософияның математикалық принциптері». Модельдеу әдісі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие. Ол объектінің сәйкес моделін құруға, оның қасиеттерін зерттеуге және алынған ақпаратты объектінің өзіне беруге негізделген. Модельдің рөлі – ол объектіні алмастырушы, субъект пен объект арасындағы қатынаста делдал болып табылады. Модель деп зерттелетін объектінің шартты бейнесі немесе үлгісі түсініледі. Жаратылыстану ғылымында физикалық модельдеу деп қандай да бір объектіні немесе құбылысты зерттеуді оның физикалық табиғаты бірдей моделін эксперименттік зерттеумен алмастыру түсініледі. Мақалада заманауи білім берудің нақты жағдайында қолдануға болатын заманауи модельдеу әдістері талқыланады. Кілтті сөздер: Модель, физика, элементар бөлшектер, математикалық модельдер, компьютерлік модель."
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОРПУС ЖАСАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
    (Toraighyrov University, 2023-03-31) ; ;
    "Қазақ тілінің мультимедиялық корпусын жасау – көп зерттеуді қажет ететін тың сала. Ауызекі сөйлеу тілі бүгінгі күнге дейін тек мәтінді салыстыру, талдау деңгейінде ғана қарастырылып келді. Мультимедиялық корпус екінші тіл ретінде қазақ тілін меңгертуде өте тиімді құрал бола алады. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл нормасындағы ауытқулар мен сәйкессіздіктерді анықтауда зор үлесін қоса алады. Бұл мақалада мультимедиялық корпус жасау барысында туындайтын проблемалар анықталды. Проблемаларды анықтау – корпус жасау жұмысын жеңілдетіп, алдын ала кедергілерді жеңуге көмегін тигізеді. Ол үшін «Корпус» терминіне қысқаша түсініктеме беріліп, соның ішіндегі «мультимедиялық корпус» анықталды. Қазақ тілінің ұлттық корпусы және шетелдік НКРЯ (Орыс тілінің ұлттық корпусы) құрамына енетін мультимедиялық корпустың (МУРКО) мысалында қысқаша сипаттама жасалды. Осы саланы зерттеген ғалымдардың тұжырымдарына сүйеніп, мультимедиялық корпустардың маңыздылығы және қажеттілігі айқындалды. Сонымен қатар корпусты жасау барысында туындайтын қиындықтар қарастырылды. Олар бірнеше түрге бөлінді. Атап айтқанда, мультимедиялық корпустың репрезентативтілігі, тақырыптарға бөліп тегтеу, корпустың ыңғайлылығы, техникалық безендірілуі, әдеби тілдің нормасының ережелерін сақтау т.б. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің мультимедиялық корпусының теориялық тұжырымдарын жасап, ішкорпустарға бөлуге септігін тигізеді. Кілтті сөздер: корпустық лингвистика, корпус, мультимедия, ішкорпус, мәтін. "
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ТАЛШЫҚТЫ БРЭГГ ТОРЛАРЫН ҚОЛДАНАТЫН КАБЕЛЬ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ ЖҮЙЕСІ
    (Mukhametzhan Tynyshbayev ALT University, 2023-08-25)
    Aliya Kalizhanova
    ;
    Айнұр Козбакова
    ;
    ; ;
    Shyngys Kenshimov
    Бұл мақалада талшықты Bragg торларын қолданатын кабель температурасын өлшеу жүйесі қарастырылады. Әуе желісінің кабелінің температурасын өлшеу және ұзарту жүйесі екі арматурадан тұратын электр желісінің сымын қамтиды, оның ішінде фитингтерде ойықтар бар, оның ішінде белгілі бір ұзындығы бар мыс пластина ілінеді, мыс пластинада эпоксидті шайыр құйылатын саңылау , көп режимді оптикалық талшыққа, оптикалық қосқышқа, ультракүлгін эксимер лазеріне және талшықты-оптикалық қосқышқа, жарық қуат детекторына жазылған көлбеу талшықты Bragg торы. Эксперимент нәтижелері көрсетеді. өлшеу қателігі және сенсорды калибрлеу нәтижесінің қателігі 0,0634°С; жүйенің ақауын табу уақыты 3,24 с аспайды. Жүйе жоғары өлшеу дәлдігі мен тамаша тұрақтылыққа ие, нақты температураны өлшеу жүйелеріне бейімделуі мүмкін және белгілі бір практикалық құндылыққа ие.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ
    Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында ақпараттық технология бағытында оқитын студенттерді практикаға бағыттап оқыту моделі кеңінен қолданыс табуда. Бұл модель кәсіби құзыреттіліктердің игерілуіне ықпал етеді және әдетте үшінші жақтың, яғни жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді. Алайда көпжылдық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда практикаға бағыттап оқытудың кейбір тәсілдерінің тиімділігі әлі де күмән тудырады. Бұл мақалада практикаға бағытталған білім беруде соңғы жылдарда жарық көрген жарияланымдардағы тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға және талдауға байланысты мәліметтер келтірілген. Зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – Scopus дерекқорында мақалаларды белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуден тұрады; екінші кезең – іріктелген мақалаларға мазмұндық талдау жасап, ғылыми жарияланымдарда қолданылған әдістерді анықтау және библиографиялық талдау, өзекті тақырыптарды табу; соңғы кезең – нәтижелерді қорытындылаудан тұрады. Зерттеу барысында ғылыми жұмыстарда зерттеушілердің түрлі зерттеу әдістерін пайдалану салыстырмалы түрде зерттелді. Жоғарыда көрсетілген библиографиялық талдау үшін VOSviewer қосымшасы қолданылды және талдау нәтижелері желілік визуализация арқылы көрсетілді.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕОМЕТРИЯДАН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ТҮСІНУІНЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕР
    Бұл жұмыста Geogebra бағдарламасының көмегімен геометрия пәнінен 7 сыныпта өтілетін «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау қарастырылады. Зерттеу жүргізу барысында квазиэксперименттік әдіс қолданылып, оған No 129 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды 15-тен екі топқа: 1-шісі компьютерлік интерактивті Geogebra бағдарламасының көмегімен оқытылатын эксперименттік, 2-шісі дәстүрлі оқыту қолданылатын бақылау тобы болып бөлінді. Зерттеуді жүргізу барысында оқушылардан pre-test (зерттеуге дейінгі) және post-test (зерттеуден кейінгі) тестілері алынды. Зерттеуге дейінгі және кейінгі тесттер арасындағы айырмашылық Geogebra бағдарламасы оқушылардың оқу үлгерімінеәсерін анықтайтын етіп құралды. Сонымен қатар, Geogebra бағдарламасының әсері, пайдасы туралы оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде Geogebra бағдарламасының (p < 0,05) «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы пайдасы, әсері, тиімділігі анықталды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    INVESTIGATION OF PROTEOLYTIC PROPERTIES OF LACTIC ACID BACTERIA USED IN CHEESE PRODUCTION
    (Research and Production Center of Microbiology and Virology, 2023-09-20)
    Г. Қ. Абай
    ;
    ; ; ;
    Түйін Тағамдық биотехнология саласында ірімшік биологиялық және нутрицевтикалық құндылығы жоғары сүт өнімі ретінде белгілі. Организммен биосіңірілуі жоғары болғандықтан тұтынушылар арасында мол сұранысқа ие. Пайдалы қасиеттерін нақтылау мақсатында қазіргі таңда ірімшік өндірісіндегі базалық құрам-бөлік – бактериялық ұйытқы дақылдарын белсенділік деңгейлері бойынша іріктеудің маңыздылығы жоғары. Ұйытқы дақылының құрамына енетін лактобактерия штамдарының протеолитикалық қасиеттерін зерттеудің өзектілігі бұл штамдардың соңғы өнімнің органолептикалық қасиеттері мен биологиялық құндылығына тікелей әсер етуімен негізделеді. Лактобактериялардың өнімммен бірге адам организміне енген сәттен бастап асқазан – ішек жолындағы микробиомды қалыпқа келтіруге қызмет етуі соңғы өнімнің (ірімшіктің) функционалдылығын нақтылайды. Мақалада функционалды бағыттағы ірімшік өндірісінде қолданылатын бактериялық ұйытқының құрамына кіретін лактобактерия штамдарының технологиялық маңызды протеолитикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу объектілерінің барлығы дерлік казеин протеолизіне қатыса алатындығы зерттелінді. Жоғары белсенділікке ие штамдар: Lactiplantibacillus plantarum CHE37 Сһ-1 - 19,0±0,5 мм, Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 және Lactococcus lactis 1881 Сһ-8 дақылдарында - 12,0±0,2 мм мөлшерінде мөлдірлену аймағы анықталды. Сонымен қатар, желатинді протеолиздеу қарқындылығы жоғары штамдар Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 және Streptococcus macedonicus LAB 617 СМ-16 штамдары екендігі белгілі болды. Олар ЕПЖ (ет-пептонды желатин) қоректік ортасында пробирка бойымен және пробирка түбінде тұнба түзу арқылы өсу ерекшелігін көрсетіп, жартылай қатты ЕПЖ қоректік ортасын толықтай сұйылтты. Жұмыс қорытындысы бойынша протеолитикалық белсенділіктері жоғары сүтқышқылды бактериялар штамдары функционалды бағыттағы ірімшік өндірісі үшін қолданылатын ұйытқы дақылдарының құрамына енуіне толық негіз бар. In the field of food biotechnology, cheese is known as a dairy product with high biological and nutraceutical value. Due to the high bioavailability of the body, it is in great demand among consumers. In order to clarify the useful properties, currently in the production of cheese, it is of great importance to select the activity levels of lactobacillus cultures that are part of the starter culture. The relevance of the study of morphological, cultural and proteolytic properties of lactobacillus strains that are part of the starter culture is due to the direct influence of these strains on the organoleptic properties and biological value of the final product. Lactic acid bacteria in the starter culture should serve to normalize the microbiome of the gastrointestinal tract, thereby ensuring the functionality of the final product (cheese). The article presents the results of a study of the morphological, cultural and proteolytic properties of lactobacillus strains that are part of the bacterial starter culture used in the production of functional cheeses. It was revealed that all the objects of the study can participate in the proteolysis of casein. Active strains that have shown high results are Lactiplantibacillus plantarum CHE37 Ch-1 - 19.0± 0.5 mm, Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 CM-14 andLactococcus lactis 1881 Ch-8, the zone of enlightenment in the latter - 12.0± 0.2 mm. Only two strains can participate in gelatin proteolysis - Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 и Streptococcus macedonicus LAB 617 СМ-16. According to the results of the work, there is every reason to believe that strains of lactic acid bacteria with high proteolytic activity can be part of the starter culture used for the production of functional cheeses.