Жарияланымдар / Публикации

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 10 из 36
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ ҮЙРЕТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР ЖҮЙЕСІ
    Мақала қазақ тілін шетел тілі ретінде үйретде интренет-ресурстарды тиімді қолдану мәселесіне арналады. Мемлекеттік тілді шетелдік азаматтарға оқытып-үйрету жүйесінде қазіргі кезеңде білім алудың қайнар көзі болып отырған интернет-ресурстардың маңызы айқындалды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның (бұдан әрі – АКТ) құрамдас маңызды буындарының бірі интернет-ресурстар мазмұны сұрыпталып, олардың мақсат-міндеттері сараланды. Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологияларының бірі АКТ-ны, интернет-ресурстарды біртұтас әдістемелік құрал, жүйе ретінде мазмұндық-құрылымдық моделіне сипаттама жасалды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге арналған Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры», «Самұрық-қазына» АҚ тәрізді ірі орталықтардың платформалаы мен вебсайттары және бірқатар жеке авторлық веббағдарламалардың мазмұндық-құрылымы сипатталып, әдістемелік маңызды идеялары ұсынылды. Қазіргі кезеңде цифрлық технологияның маңызының артуына байланысты интернет желісін тұтынушылар мобильдік Смарт-технологияларды тиімді қолдана отырып, өмір қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған орай Google Market арқылы таратылатын мобильді қосымашлардың да түрлеріне талдау жасалды. Қазақ тілін үйренуге байланысты мобильдік қосымшалардың да мазмұны тілді оқытып-үйретудің тиімді құралдары ретіне қарастырылады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ОҚУ ПРАКТИКАСЫ - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
    (Ablai Khan University, 2022-09-29) ;
    Білім берудегі теория мен практиканың өзара байланысы ХХ ғасырдың 80 жылдарының ортасында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты туындап, педагогика саласының маңызды ұстанымдардың біріне айналып, бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Теория мен практиканың өзара байланысы тұжырымдарын педагог ғалымдар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевскийдің дидактикалық мектептері білім берудегі құзыреттілікке жақын, яғни, білім алушылардың шығармашылық іс-əрекеттері идеяларын ұсынған. Бұл идея бүгінгі күнгі білім берудегі құзыреттілік тəсілге негіз болып, оқу практикалары арқылы жүзеге асырылуда. Құзыреттілік тәсілдің білім, білік дағдылардан айырықша ерекшелігі олар білім берудің нəтижесі ретінде іс-əрекет арқылы көрініс табады. Оқу практикасында білім алушылар теориялық білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар, олар кәсіби міндеттерін сапалы түрде орындау үшін бағдарлама материалдарын оқып-үйренуді ұйымдастыру тəсілдеріне бара-бар іс-əрекетті меңгеру және оны жүзеге асыру негізінде білім беру жағдаяттарын біртұтас модельдей алады. Бұл өз кезегінде білім алушыларды алған білімдерін өздігінен шығармашылықпен қолдануға үйретеді. ЖОО-ғы заманауи оқу үдерісінде оқу практикасы педагогикалық үрдістің біртұтас бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы географиядан оқу практикасы - білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу практикасы оқыту үдерісінде теория мен практиканы байланыстыра отырып, іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өйткені, практикамен бекітілмеген немесе дәлелденбеген теория кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, өзінің негізгі мән-мағынасын жоғалтатыны мәлім, ал теориялық негіздемесі жоқ практиканың тиімді әрі мақсаттқа бағытталған болуы да мүмкін емес. Оқу практикасынан өту кезінде білім алушы мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды, өйткені, оның кәсіби әрекеті практика барысында жетіледі. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында оқытудың практикаға-бағдарланған тәсілін жүзеге асыру арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қойылып отыр. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке практикалық дайындығы оқу-тәрбие жұмысы үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Мақалада географиядан оқу практикасы арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру іс-әрекеттік тұрғысынан талқыланады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ – МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ
    (Ablai Khan University, 2022-09-29) ; ;
    Заман талабына сай оқу үрдісінде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Заманауи негізгі міндеттердің бірі осы заманғы білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат ете отырып, сапалы білім мен білік алған бәсекеге қабілетті болашақ маман иегерін дайындау. Сонымен қатар теориялық білімін практикамен ұштастырып қолданысқа ендіру арқылы еліміздің дамып көркейуіне өз үлесін қоса алатын, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жоғары, толық қалыптасқан жеке тұлғаны жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда еркін және белсенді ойлайтын, тәрбие мен білім беру процесін модельдейтін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа идеялары мен технологияларын өз бетінше ұсынып және оқу үрдісіне енгізетін болашақ мұғалімнің құзыреттілігі кәсіби деңгейін көтеру өзекті мәселе. Қазіргі түлек белгілі бір мамандық бойынша халықаралық талаптарға сай болуы керек, яғни еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу. Біріншіден, кәсіби сауатты ұстаз оқу-тәрбие жұмысының барысында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға оң әсер етеді; екіншіден, ол өзінің кәсіби қызметінде ең жақсы нәтижеге жетеді; үшіншіден, ұстаз өзінің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруді іске асырады. Теориялық және практикалық дайындығының бірлігін қамтамасыз ететін кәсіби іс - әрекеттер жүйесі ретінде кәсіби моделін ұсынудың тиімділігі жоғары. Кәсіби маман ретінде модельдер аясында мұғалімнің тұлғасы қалыптасады. Бұл педагогикалық іс-әрекет процесін анықтауға мүмкіндік береді, бұдан мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби позициясы дамиды және көзқарасы жақсарады, таңдаған мамандығы бойынша біліктілігі жетіледі, шеберлігі қалыптасады. Мақалада биолог мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында құрастырылған құрылымдық-мазмұндық модельді оқу үрдісінде қолдану және оның тиімділігі талданылған.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер
    (2022-09-30)
    Altynai Tymbolova
    ;
    К.С. Калыбаева
    ;
    Мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер сөз етіледі. Оларды қарастырудың тіл тарихы үшін маңызы зор. Тіліміздегі кейбір тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер сан мың жылдарды артқа тастаған соң, бастапқы мағынасы ұмытылып немесе ұмытылуға жақындап көмескілене бастайды.Сөз бір халықтан, екінші бір халыққа әртүрлі жолдармен ауысады. Осындай сөз ауысулары арқылы алыс дәуірлердегі ұлттар арасындағы мәдени байланыстармен қатынастарды кей ретте әлдебір тарихи куәлар мен ескерткіштер қалмаса да білуге болады. Тіпті кейбір компоненттер идиомаға айналады. Сөздердің бұлай идиомалануы тұрақты тіркестердің мағынасынан туған ерекшелік болып табылады. Демек бірнеше сөздің тобы идиом болуы үшін көп уақыт, көп замандар қажет болады. Ана тілінің бай қазынасымен сусындаған әрбір адам тұрақты тіркестерді, небір афоризмдер мен мақал-мәтелдерді қолданады. Бірақ сол тұрақты тіркестердегі, мақал-мәтелдердегі кейбір сөздерді жеке-дара алып қарағанда кез-келген адамның түсіне беруі неғайбыл.Тілімізді қаншама меңгердік дегенмен оның беймәлім тұстары да жетерлік. Сондықтан ана тіліміздің біз үшін әлі де ашылмаған қыр-сыры көп. Сондықтан мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркес сыңарларының дыбыстық жағынан көнерген түрлері қарастырылды.
    Цитирования (OpenAlex) 2
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    «АЙҚАП» ПЕН «ҚАЗАҚТА» ЖАРИЯЛАНҒАН МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ
    Бұл мақалада М.Жұмабаевтың «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарық көрген өлеңдері тұтастай алынып, жүйелі түрде талдауға алынады. Журналда әйел теңсіздігін алғаш болып сөз еткен М.Жұмабаевтың «Шын сорлы» өлеңімен қатар, еліне орыс отаршылдығының көрсеткен азабын тұспалдап жеткізгісі келген «Жатыр» өлеңі арқылы ақынның қалың жұртқа үлкен ой тастауы да сараланған. Мағжанның «Күз күні», «Жазғытұры», т.б. табиғат лирикаларын қарастыруда Абайдың «Жазғытұры» өлеңімен салыстырып, ұқсастық іздеген зерттеушілердің пікірінен бөлек, мұнда тың ойлар айтылады. Журналда басылған жаз туралы Қ.Мұхамеджанов пен Қ.Кемеңгеровтің өлеңдері де қатар қарастырылып, ақынның негізгі айтпақ ойы нақты айқындалады. Ұлт тағдырына алаңдаған Мағжанның азаматтық болмыстары «Қазақ» газетінде жарияланған туындыларынан да таныла түскендігі толықтай зерделенеді. Ақынның ел мәселесін көтерген «Орал тауы», «Жарыма», «Төбет», «Есімде... тек таң атсын», т.б. өлеңдеріндегі ұлттық идея кеңінен қамтылады. «Орал тауы» өлеңінде таудың болмысы арқылы жер мәселесін көтергені ашып берілсе, «Жарыма» өлеңіндегі ақынның басты мұңы көрсетілген. «Төбет» өлеңіндегі ақынның тұспалды ойлары алғаш зерделеніп отыр. Ел тағдырын суреттеудегі Мағжанның сөз қолданысы да талдауға алынып, астарлап берудегі шеберлігі зерделенген. Ақынның үлкен үміті көрініс тапқан «Есімде... тек таң атсын» өлеңінің ерекшелігі де қамтылады. Ұлт мүддесін жоғары қойған ақын тұлғасы да барынша саралана талдауға алынады. Газетте басылған М.Жұмабаевтың «Көңіл», «Зар» өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерлердің болмысымен қоса, табиғат лирикаларындағы ақынның суретеуіне де назар аударылды. Мақалада Мағжанның ұлттық баспасөздегі шығармалары жүйелі қамтыла келе, алашшыл ақындық тұлғасы әр қырынан ашылап зерделенеді.
    Цитирования (OpenAlex) 3
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНА ОРТАҚ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА ПОЛИГАМИЯЛЫҚ НЕКЕНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕНУІ
    Назым Мажиева ORCID: 0000-0001-2345-6789 , e-mail: [e-mail] Наргиза Балтабаева ORCID: 0000-0001-8081-8088, e-mail: [e-mail] Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    "МЕКТЕПТЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ"
    "Бұл мақаланың мақсаты мектеп бағдарламасындағы физиканы оқуда элементар бөлшектерді модельдеуді қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтау болды . Әдістемелік білімді қалыптастыру – білім беруде физиканы оқытудың барлық кезеңдеріндегі міндеттерінің бірі. Оны шешуге деген жүйелі көзқарас оқушылардың физика ғылымының іргелі идеяларын түсінуіне қол жеткізуге бағытталған мақсатты қамтиды: элементарлылық, дискреттілік, сақталу, симметрия, салыстырмалылық, дүниенің материалдық бірлігі мен тұтастығы. Модельдеу шындықты ғылыми танудың тәсілі ретінде ежелден бері ғылымның ең қуатты құралдарының бірі болды. «Модель» сөзінің өзі ежеден бері белгілі, сөздің бастапқы мағынасы сәулет өнерімен байланысты болды. Орта ғасырларда ол ғимараттың барлық пропорциялары көрсетілген масштабты белгіледі. Кейіннен кез келген құбылысты тікелей зерттеу мүмкін емес немесе тиімсіз болып шыққан кезде модель ұғымы ғылыми зерттеулерде қолданыла бастады. Модельдеудің бастамасын теориялық зерттеу әдісі ретінде И.Ньютон салды, ол кітапта сұйық ортада қозғалатын денелердің кедергісі бойынша тәжірибе нәтижелерін басқа жағдайларға ауыстыруға мүмкіндік беретін екі ұқсастық теоремасын тұжырымдады. «Натурфилософияның математикалық принциптері». Модельдеу әдісі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие. Ол объектінің сәйкес моделін құруға, оның қасиеттерін зерттеуге және алынған ақпаратты объектінің өзіне беруге негізделген. Модельдің рөлі – ол объектіні алмастырушы, субъект пен объект арасындағы қатынаста делдал болып табылады. Модель деп зерттелетін объектінің шартты бейнесі немесе үлгісі түсініледі. Жаратылыстану ғылымында физикалық модельдеу деп қандай да бір объектіні немесе құбылысты зерттеуді оның физикалық табиғаты бірдей моделін эксперименттік зерттеумен алмастыру түсініледі. Мақалада заманауи білім берудің нақты жағдайында қолдануға болатын заманауи модельдеу әдістері талқыланады. Кілтті сөздер: Модель, физика, элементар бөлшектер, математикалық модельдер, компьютерлік модель."
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ
    Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында ақпараттық технология бағытында оқитын студенттерді практикаға бағыттап оқыту моделі кеңінен қолданыс табуда. Бұл модель кәсіби құзыреттіліктердің игерілуіне ықпал етеді және әдетте үшінші жақтың, яғни жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді. Алайда көпжылдық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда практикаға бағыттап оқытудың кейбір тәсілдерінің тиімділігі әлі де күмән тудырады. Бұл мақалада практикаға бағытталған білім беруде соңғы жылдарда жарық көрген жарияланымдардағы тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға және талдауға байланысты мәліметтер келтірілген. Зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – Scopus дерекқорында мақалаларды белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуден тұрады; екінші кезең – іріктелген мақалаларға мазмұндық талдау жасап, ғылыми жарияланымдарда қолданылған әдістерді анықтау және библиографиялық талдау, өзекті тақырыптарды табу; соңғы кезең – нәтижелерді қорытындылаудан тұрады. Зерттеу барысында ғылыми жұмыстарда зерттеушілердің түрлі зерттеу әдістерін пайдалану салыстырмалы түрде зерттелді. Жоғарыда көрсетілген библиографиялық талдау үшін VOSviewer қосымшасы қолданылды және талдау нәтижелері желілік визуализация арқылы көрсетілді.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ СТУДЕНТОВ КАК ФАКТОР ФОРМИРОВАНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2023-09-21)
    Қазіргі заманғы білім беруді жаңғырту процесін оқу орындарында болашақ мамандарды шығармашылық дамыту үшін жағдайларды іздеу және қамтамасыз ету жүйесі сияқты компонентсіз елестету қиын. Студентттер арасынан болашақ ғылыми-шығармашыл элитаны қалыптастыру - маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет және елді үдемелі дамытудың шарты. Зерттеудің мақсаты, ғылым мен техника саласындағы дарынды жастарды іздеу, дамыту және қолдаудың тиімді ұлттық жүйесін құру. Ғылыми-техникалық қызметтің аймақтық инфрақұрылымында дарынды жастарды шоғырландыруға ықпал ететін ғылыми және шығармашылық қызметті ұйымдастырудың осындай жүйелерін дамытуды мақсат етіп қойған елдерде жүзеге асырылатын жобалар жемісті деп танылуы керек. Мақалада студенттердің ғылыми құзіреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылады. Оқу процесінде зерттеу дағдыларының маңыздылығы атап өтіледі. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің олардың кәсіби қалыптасу факторы ретіндегі маңызы өзектендіріледі. Қазақстан Республикасы мен еліміздің ірі қалаларындағы университеттердегі студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қазіргі жағдайы талданды. Қазіргі жағдайда студент жастардың ғылыми-зерттеу белсенділігін дамытудың үрдістері, нысандары мен әдістері қарастырылған. Түйін сөздер: зерттеу қызметі, құзыреттер, ғылыми-зерттеу жұмысы, студенттердің ғылыми - зерттеу қызметі, кәсіби құзыреттілік, болашақ маман. Процесс модернизации современного образования трудно представить без такого компонента, как система поиска и обеспечения условий для творческого развития будущих специалистов в учебных заведениях. Формирование будущей научно-творческой элиты из числа студентов- важная социально-экономическая задача и условие поступательного развития страны. Целью исследования является создание эффективной национальной системы поиска, развития и поддержки талантливой молодежи в области науки и техники. плодотворными должны быть признаны проекты, реализуемые в странах, ставящих своей целью развитие таких систем организации научной и творческой деятельности, способствующих консолидации талантливой молодежи в региональной инфраструктуре научно-технической деятельности. В статье рассматриваются вопросы формирования и развития научных компетенций студентов. Отмечается важность исследовательских навыков в процессе обучения. В статье актуализируется значение научно-исследовательской деятельности студентов как фактора их профессионального становления. В заключении анализируется современное состояние организации научно - исследовательской работы студентов в университетах Республики Казахстан и крупных городов страны. Рассматриваются тенденции, формы и методы развития научно-исследовательской активности студенческой молодежи в современных условиях. Ключевые слова: исследовательская деятельность, компетенции, научно-исследовательская работа, научно - исследовательская деятельность студентов, профессиональная компетентность, будущий специалист. It is difficult to imagine the process of modernizing modern education without such a component as a system for finding and providing conditions for the creative development of future specialists in educational institutions. The formation of the future scientific and creative elite from among students is an important socio-economic task and a condition for the progressive development of the country. The aim of the research is to create an effective national system for the search, development and support of talented youth in the field of science and technology. Projects implemented in countries aiming to develop such systems of organizing scientific and creative activities that contribute to the consolidation of talented youth in the regional infrastructure of scientific and technical activities should be recognized as fruitful. The article deals with the formation and development of scientific competencies of students. The importance of research skills in the learning process is noted. The article actualizes the importance of students' research activities as a factor of their professional development. In conclusion, the current state of the organization of research work of students at universities of the Republic of Kazakhstan and major cities of the country is analyzed. The tendencies, forms and methods of development of research activity of students in modern conditions are considered. Key words: research activity, competencies, research work, research activity of students, professional competence, future specialist.
    Цитирования (OpenAlex) 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МУЛЬТИМЕДИЙНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В СОВЕРШЕНСТВОВАНИИ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА
    (Kazakh National Pedagogical University, 2023-09-21) ; ;
    Мақала балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық құралдарды қажет ететін мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесін жетілдіруде мультимедиялық технологияларды қолданудың өзекті мәселесіне арналған. Осыған байланысты зерттеудің өзектілігі мектепке дейінгі білім беру процесін жетілдіруде мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде мультимедиялық технологияларды қолданудың әзірленген әдістемесін теориялық негіздеу, эксперименталды түрде тексеру және тиімділігін дәлелдеу болды. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мультимедиялық технологияларды өз тәжірибелерінде оңтайлы пайдалану қажеттілігі заман сұранысына ие болғандықтан, оны білім беру саласында дұрыс ұйымдастыра алуына міндеті айқындалған. Сол үшін ақпараттық технологияларды тәрбиешінің өзі толық меңгеріп, балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлендіріп үйретудің жолдары сараланады. Авторлар мультимедиалық технологиялармен орындалатын тапсырмалар жүйесін топтастырып, оны шешу жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің оқыту үдерісін жетілдіруде мультимедиалық технологияларды пайдаланудың артықшылығы мен өлшемдері нақтыланып, жұмыс істеудің тиімді факторлары баяндалады. Мақалада мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінде тәжірибеге енгізілген мультимедиялық құралдарды қолданудың тиімді жолдары мен әдістерін зерттеудің кейбір нәтижелері көрсетілген. Деректерді талдау үшін авторлар бақылау, озық тәжірибелерді жалпылау, сауалнамалар, бейне және ойын зерттеу әдістерін пайдаланды. Қорытындылай келе, авторлар интернет ресурстарын пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға мүмкіндік беретінін, тәрбиешіге балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектесетінін дәлелдейді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде мультимедиялық технологияларды тиімді пайдаланғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болатыны анық. Зерттеудің нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдарда оқу процесін жетілдіруде мультимедиялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері анықталды. Түйін сөздер: мектепке дейінгі білім беру үдерісі, мультимедиа, мультимедиалық технология, іс-әрекет, мүмкіндіктер Статья посвящена актуальной на сегодняшний день проблеме применения мультимедийных технологий в совершенствовании образовательного процесса дошкольной организации, который требует педагогического инструментария, соответствующего возрастным особенностям детей. В связи с этим, актуальность исследования заключается в проблеме эффективного использования мультимедийных технологий в совершенствовании учебного процесса дошкольных организаций. Цель исследования состояла в теоретическом обосновании, экспериментальном апробировании и доказательствах эффективности разработанной методики использования мультимедийных технологий в учебном процессе дошкольных организаций. Необходимость оптимального использования мультимедийных технологий в образовательном процессе дошкольной организации - это требование сегодняшнего времени и задача воспитателей правильно организовать ее. Для этого необходимо, чтобы информационные технологии были полностью освоены самим воспитателем и дифференцированы в учебный процесс в соответствии с возрастными особенностями детей. Авторами группируется система задач, выполняемых мультимедийными технологиями, намечаются пути ее решения. Кроме того, изложены эффективные факторы функционирования, конкретизированы преимущества и критерии их использования в совершенствовании процесса обучения дошкольников. В статье показаны некоторые результаты изучения эффективных способов и методов использования мультимедийных средств, которые были внедрены на практике в образовательном процессе дошкольной организации. Для анализа данных авторами были использованы наблюдение, обобщение передового опыта, анкетирование, видео, и игровые методы исследования. В заключении авторами доказывается, что использование интернет-ресурсов позволяет развивать познавательный интерес детей дошкольного возраста, помогает воспитателю повысить мотивацию детей к обучению. Вместе с тем, становится очевидным, что только при эффективном использовании мультимедийных технологий в учебном процессе можно добиться положительных результатов. Результатом исследования являются выявленные возможности использования мультимедийных технологий в совершенствовании процесса обучения в дошкольных организациях Ключевые слова: образовательной процесс дошкольной организации, мультимедиа, мультимедийные технологии, деятельность, возможности. The article is devoted to the current problem of the use of multimedia technologies in improving the educational process of a preschool organization, which requires pedagogical tools that correspond to the age characteristics of children. In this regard, the relevance of the study lies in the problem of the effective use of multimedia technologies in improving the educational process of preschool organizations. The purpose of the study was to theoretically substantiate, experimentally test and prove the effectiveness of the developed methodology for using multimedia technologies in the educational process of preschool organizations. The need for the optimal use of multimedia technologies in the educational process of a preschool organization is a requirement of today's time and the task of educators to properly organize it. For this, it is necessary that information technologies be fully mastered by the educator himself and differentiated into the educational process in accordance with the age characteristicsof children. The authors group the system of tasks performed by multimedia technologies, and outline ways to solve it. In addition, effective factors of functioning are outlined, the advantages and criteria for their use in improving the learning process of preschoolers are specified. The article shows some results of the study of effective ways and methods of using multimedia tools that hav been put into practice in the educational process of a preschool organization. To analyze the data, the authors used observation, generalization of best practices, questionnaires, video, and game research methods. In conclusion, the authors prove that the use of Internet resources makes it possible to develop the cognitive interest of preschool children, helps the educator to increase the children's motivation for learning. At the same time, it becomes obvious that only with the effective use of multimedia technologies in the educational process can positive results be achieved. The result of the study is the identified opportunities for using multimedia technologies in improving the learning process in preschool organizations. Key words: the educational process of a preschool organization, multimedia, multimedia technologies, activities, opportunities.
    Цитирования (OpenAlex) 1