Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
1 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН CATALPA SPECIOSA L. БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӨСУІН БАҒАЛАУ(Kazakh National Agrarian Research University, 2025-06-30); ;Gani Issayev; ;Мурат ЕрденовЖибек НакиповаЖоғары декоративтілігі мен экологиялық қасиеттеріне байланысты Catalpa speciosa L. урбанизацияланған аумақтарды көгалдандыруда перспективалы түр болып саналады. Зерттеу жұмысында Ботаникалық бақ жағдайында интродукцияланған Catalpa speciosa L. тұқым арқылы көбейту мен биологиялық ерекшеліктерінің зерттеу нәтижелері берілді. Зерттеудің мақсаты – өсу динамикасы, морфологиялық және физиологиялық параметрлер арқылы жергілікті климаттық жағдайларға бейімделуде Catalpa speciosa L. әлеуетін бағалау болды. Тұқымның өнгіштігін, өсімдіктердің төзімділік дәрежесі мен вегетациялық кезеңдегі өсу динамикасын қарастырылды. 2022-2024 жылдар аралығында жүргізілген тәжірибелерде тұқымның өнгіштігі, көшеттердің өсуі мен дамуына маусымдық ерекшеліктерінің қоршаған орта факторларының өсімдіктердің өсуіне әсері, атап айтқанда топырақтың ылғалдылығы, жарық деңгейі және температура режимі талданды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері тұқымның өнуін арттырудың стратификациясы мен агротехникалық әдістерінің тиімділігін көрсетті. C.speciosa L. топырақ пен климаттық жағдайларға бейімделудің жоғары қабілетін көрсетті, бірақ құрғақшылыққа төзімділіктің төмен деңгейі арнайы күтім шараларын қажет етеді. Зерттеу нәтижелері C.speciosa L. сәндік және экологиялық қасиеттерін тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасауға негіз болды. Бұл жұмыс жергілікті экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға, қалалық және қала маңындағы жасыл аймақтарды көгалдандыруда C.speciosa L. пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік береді.Цитирования (OpenAlex) 1
