Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
1 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Дене шынықтыру сабағында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда co-teaching әдісінің психологиялық тиімділігі(2026-07-01) ;Adilbek M. Baigaliev; ;Berik Islyamov ;Ernar Erianovich OspankulovЕрлан Казбекович УтегеновБұл мақалада дене шынықтыру сабақтарында бірлескен оқыту (co-teaching) тәсілін қолданудың мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық дамуына әсері қарастырылады. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тек білім алуына ғана емес, олардың эмоциялық әл-ауқатын, әлеуметтік бейімделуін және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған маңызды үдеріс ретінде танылады. Осы тұрғыдан алғанда, дене шынықтыру сабақтарында co-teaching тәсілін қолдану оқушылардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады.Зерттеужалпы білім беретін мектептің 5–6-сыныптарында оқитын 32 оқушының (N = 32) қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында әдебиеттерге шолу, жүйелі бақылау, сауалнама және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер co-teaching тәсілінің оқушылардың сабаққадеген қызығушылығын, өзіне деген сенімділігін және әлеуметтік қарым-қатынас белсенділігін арттырғанын көрсетті. Сауалнама нәтижелері бойынша оқушылардың 76%-ы өздерін сенімді сезінгенін, 69%-ы қиындықтарды жеңе алғанын, ал 87%-ы мұғалім тарапынан жеткілікті қолдау алғанын атап өтті.Қорытындылайкеле, co-teaching тәсілі мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға, өзіндік бағалауын арттыруға, ішкі мотивациясын күшейтуге және әлеуметтік-психологиялық бейімделуін жақсартуға тиімді ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері бұл тәсілдің инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдаудың маңызды құралы екенін көрсетеді.
